Жел 13, 2020 16:58 Asia/Almaty
  • Имам Хомейнидің мектебінде (25)

Имам Хомейни Ирандағы үстемшіл режимнің билігі күшейіп тұрған кезінде шах пен Израильдің жасырын қарым-қатынасын әшкерелеп, ислам әлемінің үлкен қауіп-қатері Израильге қарсы тұру қажеттілігін қуаттады.

Мұхаммад Реза шахтың үстемшіл билігі кезінде Иран мен сионистік режим арасында жақсы қарым-қатынас  орнатылған, сондықтан имам Хомейнидің шах режиміне қарсы күресінің негізгі бағыттарының бірі - Палестинаның езілген халқына қолдау көрсету және Израильдің нәсілшіл негізі мен оның Ирандағы репрессиялық режиммен кең байланыстарын әшкерелеу болды. Имам Хомейни Израильге қарсы ұстанымы және Палестинаның езілген және босқынға айналған халқын қорғау арқылы әлем зиялыларымен бірігіп, сионистік режимнің басып-жаншу табиғатын әшкерелеп, Иран халқын Израильдің елдің экономикалық ресурстарын талан-таражға салу сұм мақсаттарынан хабардар етіп, бұл режимнің стратегиялық одақтасы, яғни шахтың үстемшіл режиміне қарсы көтерілуге жігерлендірді. Иран Ислам революциясының көсемі Таяу Шығыс аймағының мұсылман араб халықтарын Израильге қарсы шығып, әлемдік үстемшілерге қарсы бірігуге шақырды.

Имам Хомейни Ирандағы үстемшіл режимнің билігі күшейіп тұрған  кезінде шах пен Израильдің жасырын қарым-қатынасын әшкерелеп, ислам әлемінің үлкен қауіп-қатері Израильге қарсы тұру қажеттілігін қуаттады.  Имам Хомейни - Израильмен күресу және палестиналық күрескерлерге қолдау көрсету үшін рұқсатын берген алғашқы діни ғұлама болды. Имам сионистік режим әл-Ақса мешітін өртеу қылмысы кезінде, мешітті қалпына келтіруге бет бұрған басқалардан керісінше Израиль қылмысының зардаптарын сионистік зорлық-зомбылықтың символы ретінде сақтап қалу қажеттілігіне тоқталып, мұсылмандарды бұл режимге қарсы тұруды қуаттады. Имам Хомейни бұл туралы: «Әл-Ақса мешітін өртеді. Біз мешітті жартылай өртенген түрінде қалдыруды талап етеміз. Бұл қылмыстың әсерін жоймаңдар»,- деді. Күрестің басынан бастап имам Израильге қарсы күресті исламдық күрес деп таныстырып,  Палестина халқын жұмылдыру мен ислам үмбетін біріктірудің тиімді әдісі ретінде жариялады. Имам Хомейни ислам әлемінің ішкі проблемаларын, әсіресе, ислам елдерінің кейбір басшыларының әлсіздігі мен қабілетсіздігі немесе тәуелділігі туралы толық білді. Сондықтан ислам әлемін үмбеттің иманы мен мәдениетіне сүйеніп, мазхабаралық қайшылықтардан алыстауға шақырды.

Кейбір араб үкіметтерінің Палестинаның армандарына қиянат жасап, сионистік режимді ресми танитын келісімдерге қол қойып, араб елдері мен исламдық үмбетті үмітсіздендірген жағдайда, имам Хомейни басқарған Иран Ислам революциясының жеңіске жетуі  сионистердің мақсаттарына соққы беріп, үміт пен күрес рухын мұсылман халықтарға сый етіп, сионистерге қарсы күресті күшейтті. Бұл оқиға кейбір араб үкіметтері, әсіресе Египеттің басшылары  сионистік режиммен ымыраға келу туралы келіссөздерді сыртқы саясатының басты тақырыбына айналдырған кезде орын алды. 1972 жылы Анвар Садат Кеңес Одағы әскери кеңесшілерін Египеттен  шығарды және 1975 жылы Израильмен Синай келісіміне, содан соң 1978 жылы, Иран Ислам революциясының жеңісінен тура бір жыл бұрын, Кэмп-Дэвидте Израиль премьер-министрі Менахем Бегин мен АҚШ президенті Джимми Картердің қатысуымен Израильмен бейбітшілік келісіміне қол қойды. Египет басқыншы Израиль режимін  ресми қабылдап, араб елдері арасында алауыздық туғызған алғашқы араб елі болды. Бұл келісімге қол қою арабтар мен мұсылмандар арасында кеңінен таралған үмітсіздікті тудырғанымен, 1979 жылы Ислам революциясының жеңісі және Батыс пен Израильдің аймақтағы ең қуатты жақтаушысы - Иран шахының   режимін құлатуы сионистерге қарсы күреске жаңа тыныс беріп, Ливан, Палестина және басқа ислам елдері халықтарының  көтерілісіне себеп болды.

Имам Хомейни сионистік режимнің табиғатын әшкерелеп, оның «Нилден Евфратқа дейін үлкен Израильді құру» ұранына назар аудартты.  Имам сан рет исламдық елдер басшыларына сионистік режимнің билікқұмарлығы және қазіргі шекараларымен қанағаттанбайтыны туралы ескертіп: «Сан рет Израильдің қазіргі шекарасына қанағаттанбайтыны туралы айтылды. Ол алға ілгерлейді және қадамын басқан сайын «біздің ісіміз жоқ» деп, ертеңінен тағы қадам басады. Бүгін - Ливан, ертең Құдай сақтасын – Сирия, содан соң – Ирак және солай жалғаса береді»,- деді. Имам Хомейни 1363 жылы Израильдің премьер-министрі міндетіне үміткер болған Ицхак Шамирдің бағдарламасында үлкен Израильді құруды қорытынды мақсат ретінде жарияланғанына тоқталып: «Премьер-министрі болып сайланғысы келетін Ицхак Шамир бағдарламасының басынан «үлкен Израиль құрылып, палестина толық жойылуы керек» деді. Үлкен Израиль яғни Нилден Евфратқа дейінгі арабтар өмір сүретін бүкіл аймақ. Хиджаз бен Мысыр да бұл аймақ кіреді. Өкінішке  қарай исламдық үкіметтер немқұрайлық танытып, халықтарына бұл туралы айтуға рұқсат етпейді»,- деді.

Имам Хомейнидің Палестина мәселесіне қатысты ойлары мен идеяларының тағы бір тұрғысы - иудаизмді сионизмнен ажырату. Сионизм иудаизмді пайдаланып, өзін еврейлерді құтқаратын діни ағым ретінде таныстыратын саяси және нәсілшіл идеологияның бірі болып табылады. Алайда илаһи діндер тарихымен таныс адамдарға еврейлердің нәсілдік бірлігі туралы талаптың сионистер тарапынан жасалғаны және Палестина жерін басып алуды және бұл жердегі өз қылмыстарын ақтағысы келетіні белгілі. Осы тарихи шындықты білген имам Хомейни әрдайым иудаизмді исламмен расталған илаһи дін ретінде және сионизмнің саяси мектебін илаһи діндердің, әсіресе иудаизмнің табиғатына қайшы келетін нәсілшіл және отарлық ағым ретінде ажыратқан болатын. Имам бұл туралы: «Біз еврей қауымдастығының есебін сионизм мен сионистердің есебінен бөлек деп білеміз.  Олар мүлдем діннің жақтастары емес. Хазірет Мұсаның ілімдері илаһи  және құнды тағылымдар болды. Үстемшілерге қарсы көтеріліс - Мұса пайғамбардың жолы, ол сионистердің жобасына қайшы. Олар әлсіздерге қарсы әрекеттенеді.  Біз еврей қауымдастығының есебін сионизм мен сионистердің есебінен бөлек екенін білеміз. Олар илаһи діндерге қарсы, сондықтан біз оларға қарсылық білдіреміз. Олар яһуди емес, олар яһудиердің атынан әрекеттенетін саяси халық, яһудилер оарға жиіркеніш білдіреді. Бүкіл адамдар оларға жиіркеніш білдірулері керек»,- деген.

Имам Хомейни исламдық үмбеттің бірлігін Палестинаны құтқаратын және Израильді жоятын жалғыз жол деп біліп, басқа мектептер мен идеологиялар исламдық және елдерді Израильге қарсы біріктіре алмайды деп сенді. Өйткені сионистік режимнің негізгі мақсаты - ислам әлемін жойып, үлкен Израиль құру. Имам Хомейни көбі сүннит палестиналық күрескерлерді үнемі қолдаған шиіттердің еліктеу үлгісі саналатын  әйгілі ғұлама ретінде ислам әлеміндегі мазхаралық айырмашылықтарды Палестина армандарына жету үшін исламдық үмбеттің бірігуіне кедергі емес деп білді. Имам үлкен қыжылық сынды діни рәсімдерді исламдық бірлікке жететн құрал деп санады.

 

 

 

Тегтер