Исламның ұлық пайғамбары: шығыстанушылардың көзқарасы бойынша 19
Кейбіреулер 11 қыркүйектен бір айдан кейін басылып шыққан және АҚШ-тағы жылдың ең көп сатылған кітабына айналған Армстронгтың «Ислам пайғамбарының (с.ғ.с) өмірбаяны» кітабының жазылуына не себеп болғанын білгісі келеді.
Шығыстану, көптеген басқа ғылыми және мәдени құбылыстар сияқты, әдісі мен мақсатының өзгерісімен бетпе-бет келді. Мысалы, егер шығыстанудың басталуы біздің эрамыздың сегізінші немесе оныншы ғасырларынан басталды деген теорияға тоқталатын болсақ, ислам дінін зерттеу осы кезеңнен бірнеше ғасырлар өткенге дейін көбіне біржақты және күшті діни алалаушылықтардың ықпалында болды деп айтуға болады. Шығыстанушылардың көбі христиан монахтары мен теологтары болғандықтан, бұл адамдардың кейбірінің кектері соншалық болып, олар зерттегеннен кейін қолжазбаларды өртеп жіберуге талпынды. Шығыстанудың екінші кезеңінде - ХVІІІ ғасырдан бастап ХХ ғасырдың ортасына дейін - Шығыс мұраларын зерттеу басқа мақсаттармен жүргізілді. ХХ ғасырдың ортасында басталатын шығыстану қозғалысының үшінші кезеңінде тәсілдер, тіпті мақсаттардың өзгеру белгілері көбірек байқалады. Бұл кезеңді шығыстанудың жаңа кезеңі деп айтуға болады.
Карен Армстронг – ХХ ғасырдың Англияның шығыстанушысы. Ол 17 жасында монастырьға кетті, бірақ жеті жылдан кейін одан шығып, Оксфорд университетінде әдебиет оқыды. Ол отыздан астам тілге аударылған әйгілі «Құдайтану баяны» кітабының авторы. Армстронг 1991 жылы Мұхаммад пайғамбардың (с.ғ.с.) өмірбаянын жазды, кейін 2006 жылы исламның қасиетті пайғамбарының өміріне қайта оралып, бұл жолы оны «Біздің заманымыздың пайғамбары» деп атады, бұл Армстронгтың ең соңғы еңбектерінің бірі.
Кейбіреулер 11 қыркүйектен кейін бір ай өткен соң басылып шыққан Армстронгтың және АҚШ-тағы жылдың ең көп сатылған кітабы болған «Ислам пайғамбарының өмірбаяны» деегн кітапты жазуға не себеп болғанын білгісі келеді. Бұл сұраққа жауап ретінде Армстронг кітаптың алғысөзінде батыс халқының хазірет Мұхаммадты (с.ғ.с.) тек Салман Рушди немесе христиандардың крест жорықтары кезіндегі естеліктерде ұсынған суреттен ғана білетініне өкініш білдірді. Жазушының пікірінше, 2001 жылдың 11 қыркүйегінде АҚШ-тағы Дүниежүзілік сауда орталығының қос ғимаратының жарылуымен әлем тағы Ислам мен мұсылмандарға бет бұрды. Батыстың назарынан бұл оқиға Исламның террор, кісі өлтіру және қатыгездік екенін көрсетті. Бірақ шындық олай емес.
Армстронг ханым олардың көбінің қасиетті кітапта қатыгездік туралы сөздің табылуына немқұрайдық білдерітіндерінне назра аудартады. Тәуратта Исраиль халқының сан рет басқалардың ғибадат жерлерін бұзғаны және адамдарды қасиетті жерлерінен шығарғаны айтылды. Кейбір яһуди экстремистерінің тобы палестиналықтарды өз жерлерінен қуып шығару үшін дәл осы мәліметті қолданды.
Карен бірнеше экстремистік мұсылмандардың іс-әрекеттерін Ислам пайғамбарының (с.ғ.с.) дініне жатқызу және оның дінін террордың, кісі өлтіру мен террордың діні деп айту әділетсіздік екенін баса айтады. Ағылшын ғалымының пікірінше, ұлы монотеистік діндер, пайғамбарлар мен көреген адамдар Құдайға өте жақын көзқараспен қарайды, оны түпкі шындық деп атады».
Бұл ағылшын зерттеушінің пікірінше, ұлы монотеистік діндер, пайғамбарлар мен көреген адамдар Аллаға өте жақын көзқараспен қарайды және түпкі шындық деп атайды. Мұхаммад (с.ғ.с.) мұндай тәжірибеге ие болғандықтан және адамның рухани тәжірибелеріне құнды үлес қосты. Карен: «Әрқашан өзінен шындықты жасырған батыстық оқырманға адамзат тарихының бағытын өзгерткен және бүгінгі күнге дейін адам қоғамының үлкен бөлігін шабыттандыратын пайғамбар болған адам туралы шындықты айтып беруді қажет деп санадым.
Армстронгтың пікірінше, «Мұхаммадтың (с.ғ.с.) үлгі ретінде тек мұсылмандар үшін ғана емес, сонымен бірге батыстықтар үшін демаңызды сабақтары бар. Мұхаммад (с.ғ.с.) соғыстан және жанжалдан шаршаған Араб түбегінде соққан самал болды, қазіргі кезде бізге осындай рөл атқаруға дайын адамдар керек. Оның өмірі ашкөздікке, әділетсіздікке және тәкаппарлыққа қарсы қажымас күрес болды. Ол Араб түбегінің бетбұрыс кезеңінде тұрғанын және дәстүрлі ойлаудың енді жауап бермейтінін түсінді. Мұхаммад (с.ғ.с.) өз дінін адамдарға таңғысы келмеді, бірақ адамдардың ойлары мен ар-ұждандарын өзгерткісі келді. Ислам пайғамбарының өмірі уахи қағидаларына сәйкес және адамзат қоғамын ұйымдастыру туралы Құдайдың шынайы бұйрықтарының орындалуы бойынша жоспарланған. Мұхаммад (с.ғ.с.) надандық терминін тарихи кезең үшін емес, хижраның бірінші ғасырында Арабия түбегінде зорлық-зомбылық пен террорға әкеп соқтырған менталитетке сілтеме жасайды». Ол: «батыстағы бүгінгі надандық Исламның алғашқы күндеріндегі надандық сынды»,- деді.
Карен ханым «Мұхаммад, дұшпан» кітабының бірінші бөлімінде еуропалықтардың, әсіресе християн қоғамының өткен әртүрлі кезеңдерде Алла елшісі туралы ұсынған бейнелерін сынады. Исламның ардақты пайғамбарына (с.ғ.с.) тағылған айыптардың бірі – соғысуы. Армстронг Пайғамбардың (с.ғ.с.) кезіндегі соғыстар туралы: «Мұхаммад (с.ғ.с.) жиһадтың адамы, бірақ сонымен біре нағыз бейбітшіл»,- деп, хазіреттің бейбітшіл болуын дәлелдеу үшін тарихи мысалдар келтіреді. Ол өз кітабында Меккені жеңіп алу оқиғаға тоқталып, бейбітшілікке талпынуды Ислам дінінің негізгі ерекшелігі деп атайды. Мұхаммад (с.ғ.с.) Меккедегі бейбітшілік келісім кезінде қантөгіссіз бірлікке жету үшін ең жақын серіктерінің өмірі мен наным-сенімін кепіл етті»,- деп жазды. Жазушы Мұхаммадтың (с.ғ.с.) Исламның негіздеріне сай әрдайым келіссөз пен бейбітшілік туралы қуаттайды. Өйткені Ислам деген сөз бейбітшілік деген мағнаны білдіретін сәлем деген сөзден шыққан.
Армстронг Исламның ұлық пайғамбарының өмірбаянының зерттеушілері қазіргі әлемнің бұрынғы заманнан көбірек Исламны пайғабмары снды тұлғаны қажет ететінін мәлімдеді. Қазіргі кезде Ислам пайғамбарының адамдарға нұсқауы - сана мен ояну, әділеттілік, адамгершілік пен ізеттілік, мейірімділік, бейбітшілік пен адамгершілік. Армстронг ханымның пікірінше, Батыстың проблемаларының бір бөлігі оның ғасырлар бойы Мұхаммадты (с.ғ.с.) өркениетке қарсы тұлға ретінде көрсетуінде. Біз оған өз халқына бейбітшілік пен әділеттілік орнату жолында аянбай еңбек еткен ұлы адам ретінде қарауымыз керек еді. Егер біз Мұхаммадқа (с.ғ.с.) ұлы тарихи тұлға ретінде қарайтын болсақ, оның адамзат тарихындағы ең ықпалды тұлға болғанына оңай түсінеміз. Хазіретті түсіну біз үшін қажет. Ырымшыл адамдарға Пайғамбардың (с.ғ.с.) өмірін бұрмалау арқылы өз мүдделеріне пайдалануға жол бермеу керек. Батыс адамы хазіреттің өмірінен ең маңызды мәселелерді үйренулері керек. Бұл мақсат үшін ең жақсы бастама – Мұхаммадтың (с.ғ.с.) өзі.