Исламның ұлық пайғамбары: шығыстанушылардың көзқарасы бойынша 23
Уи́льям Монтго́мери Уотт Шотландиядағы Эдинбург университетінің араб тілі және исламтану профессоры болған.
Монтгомери Уотт өмірінің соңғы кезеңіндегі шығармаларында ырымшылдықтың әсерінің азайғанын және нәтижесінде зерттеу жүргізгендеріне деген жанашырлық сезімі артқан шығыстанушы. Уотттың көзқарастарына оның материалистік көзқарастары және бұрынғы шығыстанушылардың кітаптары әсер етеді. Уоттың шығыстану саласындағы 30-дан астам кітабы мен ондаған мақалаларының ішінде оның ғалымдық өмірінің соңына жақындай түссек, соғұрлым зияткерлік саясат, ғылыми әдіс және діндер мәселелеріне әділеттілікті сақтауын көбірек көруге болады. Сондықтан қазіргі кезде оның шығармаларына қызығушылық көбірек. Оның бірнеше кітабының парсы тіліне аударылуы және кейбіреулерінің сан рет басылып шығуы Уоттқа сондай-ақ оның Ирандағы және парсы тіліндегі шығармаларына деген оң көзқарасты білдіреді. Уи́льям Монтго́мери Уотт Шотландиядағы Эдинбург университетінің араб тілі және исламтану профессоры болған. Ол батыстағы мұсылман емес ең танымал сарапшы болып саналды және исламдық зерттеулерге үлкен әсер етті. Уотттың зерттеу тақырыптарының бірі - Ислам пайғамбарының (с.ғ.с.) өмірін зерттеу. Исламның ілімдері туралы білгеннен кейін Исламның ұлық пайғамбарының жеке тұлғасын зерттеді.
«Уаһи» - ислам мәселелеріндегі маңызды тақырыптардың бірі. Уаһи - пайғамбар тұлғасы мен ғайып әлемі арасындағы рухани және белгісіз байланыс, нәтижесінде илаһи хабар пайғамбарға беріледі.Бұл байланыс кейде делдал арқылы, ал кейде ешбір делдалсыз жіберіледі. Уаһидің ең жоғарғы дәрежесі пайғамбарларға арналған. Исламдық мәдениетте уаһи адамдардың илаһи басшылыққа деген қажеттілігіне негізделген, басқа жағынан адамды материалдық қажеттіліктерден тыс мақсатқа жетелейді. Сонымен қатар әрқашан заңға мұқтаж болатын адамның әлеуметтік өмірдегі қажеттілігіне кепілдік береді. Пайғамбарлар - ғайыптан осындай білім алуға лайықты таңдалған адамдар. Бұл құзыретті оған Алла берді.
Қазіргі кезеңде уаһи тақырыбы ойшылдардың назарына түсіп, ол туралы жаңа талдаулар ұсынылды. Уотттың уаһиге деген ерекше көзқарасы бар: «Кейбір адамдарда, мәселен суретшілер, ақындар мен жазушыларда «шығармашылық дарын» деп аталатын күш бар». Пайғамбарлар мен қоғамның діни көшбасшылары осы шығармашылық қиялшылар тобына жатады. Олар адам өмірінің нақты мәселелерімен айналысады, бірақ адамның ойлау қабілеті мен ақыл-ойынан тыс нәрселерді түсіндіру үшін қиялды сөз түрінде қолданады. Пайғамбарлар адамзаттың ең терең және орталық жұмысымен тығыз байланысты және олардың өмір сүруі мен болашақ ұрпақтарының қажеттіліктерімен байланысты ойлар мен идеяларды білдіреді».
Ватттың айтуы бойынша, пайғамбар алғашында өзінің миссиясына сенген, бірақ оның міндетін бастауының басындағы мәселелер оған күмән туғызды. Алайда оның пайғамбарлық жұмысын жалғастыруына еш кедергі болмады. Сондықтан Мұхаммадтың (с.ғ.с.) өмірін түсіну үшін оның алғашқы аянындағы тәжірибелерді ешқашан ұмытпау керек. Пайғамбар (с.ғ.с) қиын мәселелерге тап болған кезде де Алланың оған ерекше тапсырма бергенін және оны өз уақытында және болашақ ұрпақ үшін жасау керектігін ұмытпады. Табыс пен жеңіс күндері келгенде, хазіреттің (с.ғ.с.) ойлары өзгермеді және оны өзіне қарай шақырған Алланың барлық тарихи оқиғаларда көмектесетініне деген сенімі күшейе түсті.
Монтгомери 1937 жылы исламды қабылдады. Сол жылы оның үйін Пәкістаннан келген мұсылман студент жалдады. Уотт онымен танысуды білмеген дінмен танысуының бастауы деп санайды. Монтгомери Уотттың пікірінше, ислам - илаһи уахи пайғамбарға жіберліген монотеистік дін. Ол Исламға оралуды соңғы жиырма жылдың маңызды ерекшеліктерінің бірі және Исламның қайта жаңғыру көріністерінің бірі – Батыста қабылданған әдет-ғұрыптардан бас тарту. Өсімқорлық, алкоголь, әйелдердің батыстық киімінен. Бірақ мұндай жағдайлар батысқа қарсы немесе христиандарға қарсы емес, исламдық наным-сенімдер мен мұсылмандардың заманауи өмірі ретінде қарастырылуы керек. Мұсылмандар исламдық жаңғыру кезінде батыстықтар мен христиандарға қандай ұстаным білдірлсе, оларға да солай адамгершілік және діни тұрғыдан қарауды талап етеді. Өйткені христиандар өз дінің басқа діндерден жоғары санайды.
Монтгомери Уотт 1953 жылы «Мұхаммад Меккеде» және 1956 жылы «Мұхаммад Мединада» деген кітаптарын жазды. Содан кейін ол екі кітапты «Мұхаммад - пайғамбар және саясаткер» деп аталатын кітапқа түйіндеді. Ол бұл еңбегінде Құран Кәрімді илаһи кітап және Алла Елшісінің (с.ғ.с.) ұлы мұғжизасы деп атап: «Мен қырық жылдан бері Мұхаммад (с.ғ.с.) туралы барлық жазбаларымда Құран оның сөзі емес, оның оған жоғарыдан түскендігін әрдайым айтатынмын». 1953 жылы «Мұхаммад Меккеде» деген кітабымды жазғаннан бері үнемі Құранның илаһи сөз екеніне сендім»,- деп жазды.