Maм 15, 2021 19:32 Asia/Almaty

Иранның Құдс күштерінің қолбасшысы генерал Касем Солейманиге жасалған қастандықты әртүрлі тұрғыдан қарастыруға болады.

2020 жылдың 3 қаңтарында мақсатты террористік әрекеттің  барысында Бағдад халықаралық әуежайына жақын жерде  Ислам революциясы Сақшылар корпусының Құдс  арнайы күштерінің қолбасшысы қажы Қасем Солеймани мен Ирактың  Хашд әш-Шааби  халықтық күштерінің басшысы Абумаһди әл-Моһандес пен оның қасындағы адамдары зымырандық нысанаға алынып, шәһид болды. Иранның Құдс күштерінің қолбасшысы генерал Касем Солейманиге жасалған қастандықты әртүрлі тұрғыдан қарастыруға болады. Олардың бірі – қастандықты халықаралық құқық негіздері тұрғысынан қарастыру.

Тиісінше, осы бағдарламада біз генерал Солейманиге жасалған қастандықтың жағдайын халықаралық заңдардағы, соның ішінде халықаралық ережелер, БҰҰ Жарғысы, адам құқығы ережелері, гуманитарлық заң ережелері мен терроризмге қарсы іс-қимыл тәсілдеріне, құжаттарына және халықаралық сот негіздеріне сәйкес қарастырамыз.

Осыған байланысты «Генерал Солейманиге қастандық жасау халықаралық құқық тұрғысынан» деп аталған бағдарлама топтамасында АҚШ-тың террористік үкіметінің генерал Солейманиге қастандық жасауы туралы маңызды сұрақтарға жауап беруге талпынамыз.

АҚШ-тың Иранның және  қарсыласу майданының аға әскери қолбасшысына  мақсатты түрде   террор жасауы халықаралық құқық тұрғысынан қалай бағаланады? Америкалықтардың бұл әрекетін зерттейтін қандай халықаралық-құқықтық негіздер бар? Халықаралық құқық, гуманитарлық құқық және адам құқығы тұрғысынан генерал Солейманиге және оның айналасындағыларға қастандық жасау кезінде АҚШ үкіметі мен шенеуніктерінің халықаралық бұзушылықтары қандай? Бұл қастандық туралы халықаралық сарапшылар мен сараптамалық орталықтардың пікірі қандай? Осы қастандықты жасағандарды жауапқа тарту үшін халықаралық деңгейде не істеуге болады?

 

Мемлекеттік терроризм - жаһандық қауіп

Терроризм мәселесі күрделі әлемдік қауіп ретінде қарастырылады. Сондықтан терроризмге қарсы бірқатар шаралар қабылданды, соның ішінде терроризмге қарсы резолюциялар және халықаралық терроризмнің әртүрлі аспектілері бойынша БҰҰ Бас Ассамблеясы мен Қауіпсіздік Кеңесінде конвенциялар қабылданды. Осы қарарлар мен конвенцияларға сәйкес елдер терроризммен күресуге келіседі. БҰҰ Бас ассамблеясының терроризмге қарсы күресі саласындағы жұмысын екі бөлікке бөлуге болады. Бірінші бөлім - Бас Ассамблеяның терроризмге қатысты қарарлары. Екінші бөлім - Бас Ассамблея бекіткен терроризмге қарсы конвенциялар. Жалпы, БҰҰ Бас ассамблеясы терроризмге қатысты үш топ қарар қабылдады. Бірінші топ - Ассамблеяның терроризмнің алдын-алу бойынша шаралар қабылдау қажеттілігін қуаттаған қарарлар. Екінші топ - терроризм мен адам құқығы арасындағы байланысты баса көрсететін қарарлар. Үшінші топ - терроризмді жою үшін қажетті шараларды атап көрсететін қарарлар.

БҰҰ Бас Ассамблеясының қарарларынан басқа, қазіргі уақытта он бір халықаралық конвенция мен екі хаттама бар. Олардың әрқайсысы өз тақырыбына сәйкес террористік актілер деп аталатын әрекеттерді таныстыруға талпынады. Бұл конвенциялар БҰҰ Бас ассамблеясында және БҰҰ-ның мамандандырылған мекемелерінде ратификацияланған.   Иранның құқық ұстазы доктор Сиамак Карамзаде: «Халықаралық терроризмге қарсы конвенциялар, халықаралық құқықтың көзі ретінде, кейбір террористік актілерге қатысты көптеген ережелер шығарып, оларды орындауды қажетті етті. Бұл конвенциялар сонымен қатар халықаралық қоғамдастық қолдауға және қорғауға талпынатын негіздерді қабылдады. Яғни адамның өмірі, бостандығы мен меншігіне назар аударуды білдіреді»,- деді. Бас Ассамблея құрылған кезінен бастап терроризмге қарсы 13 конвенцияны ратификациялады.  Бұл конвенцияларда қылмыстық құқық бұзушылықты терроризмнің халықаралық қоғамдастықтағы маңызды мысалы ретінде анықтады. Теһран университетінің Халықаралық құқық ұстазы доктор Хамид Элхави Назари: «13 конвенциядағы мемлекеттер үшін ортақ міндеттемелердің бірі «не жазалаңыз, не экстрадициялаңыз» болып табылады. Бұл міндеттемелер 11 қыркүйек оқиғасынан кейін барлық мемлекеттер үшін халықаралық дәстүрлі құқыққа сәйкес міндетті болып көрінеді»,- деді.

 

 

Бас ассамблеяның әрекетімен тұспа-тұс Қауіпсіздік кеңесі терроризм мәселесін БҰҰ-ның тағы бір негізгі тақырыбы ретінде қарастырды. Террористік актінің мысалы ретінде белгілі бір іс-әрекет анықталғаннан кейін Қауіпсіздік Кеңесі бұл туралы шешім қабылдады, дегенмен Қауіпсіздік Кеңесінің бұл әрекеті негізінен саяси болды. Қауіпсіздік Кеңесінің терроризмге көңіл бөлуінің қайнар көзін оның БҰҰ Жарғысындағы жауапкершіліктері тұрғысынан іздеу керек.  Жарғыға сәйкес, бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау негізгі жауапкершілік Қауіпсіздік Кеңесіне жүктелген. Қауіпсіздік кеңесі үшін Жарғының 6 және 7-тараулары өз функцияларын жүзеге асыратын құралдар болды. Қауіпсіздік Кеңесі даудың жалғасуы халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікке қауіп төндіруі мүмкін екенін мойындаған кезде, Жарғының 6-шы тарауына сәйкес бейбітшілікті сақтау шараларын ұсынады. Алайда, егер халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікке нақты қауіп төнсе немесе бейбітшіліктің   бұзылуы анықталса, Қауіпсіздік Кеңесі Жарғының 7-ші тарауына сәйкес міндетті шешімдер қабылдайды.

Қауіпсіздік кеңес  терроризмге қатысты бірнеше қарар қабылдады. Сонымен қатар, Қауіпсіздік кеңесінің 2001 жылғы 11 қыркүйек  террористік оқиғадан кейінгі шешімдері бұл ұйымның терроризмге деген көзқарасы мен ұстанымын өзгертіп қана қоймай, сонымен бірге халықаралық құқықтың кейбір аспектілерін өзгертті. 11 қыркүйектегі күдікті оқиғадан кейін Қауіпсіздік кеңесі Жарлықтың 7-ші тарауына сәйкес күш қолдануға баса назар аударған екі қарар қабылдады. Бұл екі қарар №1368 және №1373 қарар  деп танымал болды. №1368 қарардың маңызды нүктесі - Қауіпсіздік кеңесінің БҰҰ-ның Жарғысына сәйкес жеке немесе ұжымдық заңды қорғаныстың ажырамас құқығы деп білуі.

 

 

Қауіпсіздік Кеңесінің 2001 жылғы 28 қыркүйекте бекітілген №1373 қарары - терроризмге қарсы ең маңызды шешімі болып саналатын қарары. Терроризмге қатысты барлық конвенциялар мен халықаралық құжаттардың негізі болып табылатын бұл қарардың ережелер жиынтығынан  4 жалпы міндет белгіленді. Үкіметтерден терроризмді жою, оны қаржыландырудың алдын алу, терроризмге тікелей немесе жанама қолдау көрсетпеу және терроризм үшін  жауапкершілікке тарту және заң бойынша  қудалау  үшін бір-бірімен ынтымақтастық ету талап етілді. Бұл терроризмге қатысыты бүкіл халықаралық құжаттар мен конвенциялардың төрт ортақ міндеті. Қорыта айтқанда, үкіметтер №1373 қарарда көрсетілген шаралар мен міндеттемелерді орындауға міндетті.  Бұл қарарды БҰҰ Бас ассамблеясы террористік деп жариялаған лаңкестік топтардың  әрекеттерінің алдын-алу үшін халықаралық-құқықтық негіз ретінде пайдалануға болады. Үкіметтерден терроризмге қарсы халықаралық конвенцияларға қосылуды, сондай-ақ олардың Қауіпсіздік кеңесіне есеп беруін талап ету - үкіметтердің терроризмге қарсы күрестің   жаңа міндеттемелерінің бірі.