Maм 23, 2021 15:57 Asia/Almaty

Араласпау қағидасы БҰҰ-ның және халықаралық қоғамдастықтың негізгі қағидаларының және мемлекеттердің негізгі құқықтары мен міндеттерінің бірі болып табылады.

Араласпау қағидасы - БҰҰ Жарғысында бекітілген және халықаралық құқықтың әдеттегі қағидасы ретінде қабылданған халықаралық қатар өмір сүрудің маңызды принциптерінің бірі. Ирандағы халықаралық мәселелер бойынша сарапшы Мехран Мұхаммади: «Бас ассамблеяның араласпау қағидаты бойынша халықаралық әдет-ғұрыпты көрсететін қарарларында әр елдің басқа елдердің ішкі немесе сыртқы істеріне араласудан аулақ болуға міндетті екендігі баса айтылған. Бұл қағида кейінірек Бас Ассамблеяның кейбір шешімдерінде мақұлданды және   кез келген тікелей, жанама және қарулы араласуды, сондай-ақ халықаралық құқықты өрескел бұзуды айыптады»,- деді.

АҚШ-тың лаңкес үкіметі генерал Солейманидің террорына себепші болды

 

Араласпау принципі БҰҰ-ның басқа, мысалы, егемендік және күш  қолданбау принциптерімен бірге орналастырылды. Халықаралық құқық ұстазы Ананд егемендікке берген анықтамасында: «Егемендік - мемлекеттің өз аумағындағы, бірақ міндетті халықаралық құқық нормалары шеңберіндегі жоғарғы билігі»,- деді. Күш қолдануға тыйым салу қағидасы, БҰҰ Жарғысына сәйкес, халықаралық қатынастардағы кез-келген күш көрсетудін алдын алады. Бұл ереже  де БҰҰ Жарғысы қабылданғаннан кейін және Екінші Дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін халықаралық құқықта міндетті ережеге айналды. БҰҰ Жарғысының 2-бабында мемлекеттердің аумақтық тұтастығы, саяси тәуелсіздігі мен егемендігін құрметтеу мәселесі көтерілген, ал осы баптың 7-бабында мемлекеттердің ішкі істеріне араласпау мәселесі баса айтылған. Тиісінше, АҚШ-тың генерал Солейманиге және оның айналасындағыларға қастандық жасау әрекеті ең алдымен Ирак үкіметінің егемендігі мен саяси тәуелсіздігін бұзу ретінде қарастырылады. Сондықтан бұл халықаралық құқықтың міндетті ережелері мен қағидаларына мүлдем қайшы. АҚШ Ирак пен Иранның әскери қолбасшыларын өлтіргеннен кейін Ирактың сол кездегі премьер-министрі Адель Абдул-Махди Ирактың жоғары лауазымды шенеуніктерін өлтіру немесе достас елдердегі шенеуніктерді өлтіру Ирактың егемендігін ашық түрде бұзу деп ашық айтты. Иракта американдық күштердің болу шарттарының бірі осы елдің егемендігін бұзбау болды.

2008 жылдың қараша айында АҚШ пен Ирак арасындағы 30 тармақтан тұратын келісім қабылданды. Бұл келісімнің 4-бабына сәйкес барлық жүргізілетін әскери операциялар Ирак үкіметінің келісімімен іске асырылуы керек.  Келісімнің 4-бабында барлық әскери операциялар конституцияға және Ирак үкіметінің басқа да тиісті заңдарына толық сәйкес жүргізілуі керек делінген. 4-бапқа сәйкес әскери операциялар Ирактың егемендігі мен ұлттық мүдделерін бұзбауы керек. Сондықтан, бұл қауіпсіздік келісіміне сәйкес, АҚШ Ирак жерінде кез-келген әскери шабуыл жасау үшін АҚШ Ирак үкіметінің рұқсатына ие болуы керек немесе ең болмағанда Ирак үкіметін  хабарда етуі қажет. Сондай-ақ, АҚШ еш уақытта Ирактың әскери күштеріне, оның ішінде Хашд аш-Шааби күштеріне шабуыл жасамауы керек. Өйткені Хашд аш-Шааби Ирактың әскери құрылымының бөлігі болғандықтан, АҚШ-тың халық Хашд аш-Шааби күштеріне шабуыл жасау әрекеті Ирак үкіметінің егемендігін бұзу болып табылады. Сондықтан Америка күштерінің Иран мен Ирактың әскери қолбасшыларын Ирак жерінде нысанаға алу әрекеті Ирак пен Иран үкіметтерінің ұлттық егемендігін құрметтеу, араласпау және күш қолданбау  қағидаларын бұзу болды.

АҚШ Ирактың әскери істеріне араласуда

2020 жылы 3 қаңтарда АҚШ-тың генерал Солейманиге және оның айналасындағыларға қастандық жасауы  қолсұқпаушылық қағидаттарын бұзу болып табылады. 1985 жылғы 21 маусымда БҰҰ қабылдаған арнайы міндеттер жөніндегі конвенция 1-ші бабында:  «Арнайы міндет - бұл жіберуші мемлекет өкілдерінің қабылдаушы мемлекеттің келісімімен белгіленген міндетті орындауы»,- деп мәлімдеді.  Арнайы міндеттердің бір бөлігі – әскери міндеттер.

 

Польшадағы заң профессоры Ежи Николажев: «Әскери миссияларға ресми әскери миссиялар, ресми командирлердің шетелдегі әскери кемелерге теңіз сапары және басқа елдегі әскери командирлер миссиялары кіруі мүмкін»,- деді. Сондықтан Иранның Сирия мен Ирактағы әскери кеңесшілерінің жағдайы халықаралық құқыққа сәйкес арнайы міндеттерді орындау болып табылады.  Ирак пен Сирия үкіметтерінің келісімімен іске асырылуына байланысты ирандық кеңесшілердің бұл елдердін ісіне қатысуы халықаралық заңдарға толық сәйкес келеді. Иранның құқық мәселелері жөніндегі екі зерттеушісі Хұсейн Резазаде мен Эльхам Аминзаде: «Ирак пен Сириядағы ирандық әскери кеңесшілердің мәртебесі - арнайы әскери міндет атқарушылар. Халықаралық құқық бойынша, Иранның әскери кеңесшілері конвенцияларда ескерілген қолсұқпаушылық құқығына ие болуы керек»,- деді.

Халықаралық қолдауға ие адамдарға қарсы қылмыстардың алдын-алу және жазалау туралы конвенцияға сәйкес, адам өлтіруге, ұрлауға немесе басқа шабуылдарға, қорғалатын адамды босатуға немесе Конвенцияда аталған адамдардың  тұратын жеріне және көлігіне   шабуыл жасауға әкелетін кез келген қасақана әрекет қылмыс болып табылады. Тиісінше, Иран әскери күштері, әскери дәрежелеріне қарамастан, қолсұқпаушылық құқына ие болуы қажет, өйткені олар Иран үкіметінің өкілі ретінде Ирак пен Сирия   үкіметтеріне әскери кеңес береді. Генерал Солейманидің Ирак үкіметінің ресми шақыруымен бұл елге сапары арнайы миссияның шеңберінде дипломатиялық қолдаумен қатар жүрді. Бағдад әуежайында ирандық қолбасшыны алғашқы болып қарсы алған  Ирак үкіметінің ресми әскери ұйымы -  Хашд аш-Шаби ұйымы басшысының орынбасары болды. Бұл ресми күту Солейманидің Иракқа сапарының толық ресми болғандығын көрсетеді.

Шәһид Қасем Солеймани мен шәһид Абу Махди

Генерал Солеймани арнайы миссиялар туралы конвенцияға, оның ішінде дипломатиялық және әскери өкілдерге қарсы қылмыстардың алдын-алу және жазалау туралы конвенцияға сәйкес халықаралық қолсұқпаушылық құқыға ие болды. Сондықтан Иранның осы жоғары дәрежелі әскери қолбасшысының және оның қасындағы адамдардың  өлтірілуі халықаралық заңдарда айтылған ережелерді бұзу болып табылады. Сондықтан АҚШ ашық түрде «мемлекеттік терроризмге» жүгінген болып саналады. Осы тұрғыдан алғанда, сионистік режим мен АҚШ әлемдегі «мемлекеттік терроризмнің» жетекшілері болып табылады.