Маусым 20, 2021 14:52 Asia/Almaty

АҚШ басшылары генерал Солейманиге бағытталған қастандықты превентивті қорғаныстың заңсыз доктринасы шеңберінде ақтауға талпынды.

АҚШ-тың террористік үкіметінің «күш қолданбау қағидасын» бұзуын, оның ішінде қастандық пен қасақана кісі өлтіруін ақтау үшін айтатын маңызды мәселелерінің бірі - превентивті немесе сақтандырма қорғаныс. Заңды қорғаныс БҰҰ Жарғысының 51-бабында қарастырылды. 

Превентивті қорғаныс дегеніміз -  елеулі және шынайы қауіпке айналмаған немесе болашақта қауіптің пайда болуына себеп болатын әрекеттерден қорғау. Ирандағы Теһран университетінің құқық ұстазы доктор Фазлоллах Мусави: «Заңды қорғаныс әскери агрессиядан бұрын болуы керек»,- деді.    Исфахан университетінің Халықаралық құқық ұстазы доктор Махмуд Джалали: «Превентивті заңды қорғаныс - бұл үкіметтің мүмкін (болашақ) шабуылдарды жою үшін әскери күш қолдануы мүмкін деп санайтын негізсіз тәсілдеме»,- деді. Осы себептен Халықаралық құқық комиссиясының барлық мүшелері 1949 жылы «превентивті заңды қорғаныстың» заңдылығын мақұлдамады. Рим Луис (LUISS) университетінің халықаралық құқық ұстазы Наталино Ронзитти: «Мемлекеттің қауіпсіздігіне қауіптің болуы заңды әскери реакцияны ақтау үшін жеткіліксіз. Қажет шарт -  шабуылдың жақын болуы»,- деп санайды.   

Теһран университетінің құқық ұстазы доктор Сейед Фазлоллах Мусави: «Превентивті қорғаныс теоретиктері ақтауларын БҰҰ-ның Жарғысы шеңберінде іздемейді, керісінше 11 қыркүйек оқиғасынан   кейін оны  айналып өтуді тиімді тактика ретінде күн тәртібіне қойды»,- деді. Шын мәнінде, заңгерлер АҚШ-тың 43-ші президенті Джордж Буштың кезінде ұсынылған өзін-өзі қорғау мәселесінің заңды аспектісі жоқ және тек саяси, біржақты көзқарас, АҚШ-тың басқа елдерге араласуы мен мемлекеттік терроризмін ақтау және жасыру құрал деп санайды.   Теһран университетінің заң профессоры Сейед Насролла Ибрахими: «Әртүрлі тақырыптардағы кез-келген шабуыл, мысалы, алдын-ала шабуыл немесе алда келе жатқан шабуылға қарсы алдын-ала қорғаныс, заң жүзінде жарамсыз. Шабуылдың бұл түрі БҰҰ-мен бірнеше рет заңсыз деп бағаланды»,- деп мәлімдеді.

ИИР-ның Құдс күштерінің қолбасшысы ретінде генерал Солейманиге мақсатты түрде қастандық жасалғаннан кейін АҚШ шенеуніктері: «Бұл әрекет АҚШ азаматтарына жаппай шабуыл жасаудың алдын алу және АҚШ үкіметінің мүдделеріне бағытталған»,- деп мәлімдеді. АҚШ-тың террористік үкіметі өз    мәлімдемесінде «алдын-алу немесе сақтандырма қорғаныс» доктриналарына сілтеме жасамай: «Генерал Солеймани Ирақтағы АҚШ күштеріне шабуыл жасағысы келеді»,- деп ақталуға талпынды. Бұл сол кездегі АҚШ президенті Дональд Трамптың осыған қатысты соңғы твитінде айқын көрінеді.  Трамп өз твитінде ешқандай құжат ұсынбастан: «Қасем Солеймани ұзақ уақыт бойы мыңдаған американдық сарбаздарды өлтірді немесе ауыр жарақаттады, ол сондай-ақ одан да көп адамды өлтіруді жоспарлап отыр»,- деп мәлімдеді.

 АҚШ басшылары генерал Солейманиге бағытталған қастандықты превентивті қорғаныстың заңсыз доктринасы шеңберінде ақтауға талпынды

Генерал Солейманиге жасалған террорды өзін-өзі қорғау деп сипаттауға болмайды, өйткені Иран үкіметі тарапынан АҚШ-қа тікелей ауқымды шабуыл ешқашан жасалған емес. Тежегіш соғыс деп аталатын сақтандырма қорғаныс еш уақытта БҰҰ-ның жан-жақты қолдауына те болмады. Иран сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф: «БҰҰ-ның Жарғысын дайындаушылар өз құжаттарына халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қол сұғылмайтын принцип ретінде енгізді және оны сақтауды   Жарғының жетінші бөлімінде  Қауіпсіздік кеңеске тапсырды. Қауіпсіздік Кеңесінің агрессияны және оның мәні мен көріністерін мойындауы өте маңызды. Қауіпсіздік Кеңесінің шешімінен басқа, кез келген үкіметтің мемлекетке немесе топқа шабуыл жасау туралы шешімі БҰҰ Жарғысының және халықаралық қоғамдастықтың заңдарына қайшы келеді»,- деді. Кейбіреулер Ислам революциясы Сақшылар корпусы Мемлекеттік департаменттің 2019 жылғы сәуірдегі саяси мәлімдемесінде террористік ұйымдардың тізіміне тіркелгендіктен, әлемнің кез келген жерінде Сақшылар қолбасшыларын нысанаға алу  АҚШ-тың терроризммен күресу доктринасына сай келеді деп айтуы мүмкін. Жауап ретінде, «біріншіден, терроризмге қарсы жаһандық тұжырымдама туралы толық келісім әлі жоқ» деуге болады. Екіншіден,  Сақшылар корпусы әскери күштерін террористік деп санау халықаралық құқық тұрғысынан бейбітшілік пен жаһандық қауіпсіздікті нығайтуға кепілдікке қайшы келеді. АҚШ-тың бұл әрекеті халықаралық құқықтың қағидаттарын, атап айтқанда мемлекеттердің теңдігі, араласпау, ынтымақтастық және достық,  халықаралық қоғамдастық мүшелерінің  тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығына құрмет көрсету сынды негіздерін бұзады.    АҚШ-тың терроризмге қарсы тұруды сылтауратып, Иранның ресми әскери күші саналатын Сақшылар корпусының мүшелеріне шабуыл жасауды заңды әрекет деп санауға болмайды.

Иран мен АҚШ-тың ұрыс-керісі

Иран Қарулы күштері мен Сақышлар корпусының жоғары дәрежелі қолбасшысы генерал Қасем Солейманиге қарсы террор   мен АҚШ-тың бұған дейінгі мақсатты қастандықтары, соның ішінде 2002 жылы Йемендегі әл-Қаиданың аға лидері Каед Салим Синан әл-Хератиге, 2006 ж. Ирактағы әл-Қаиданың жетекшісі Абу Мусаб әл-Зарқави және БҰҰ-ның терроритсік топтары тізіміндегі әл-Қаида басшысы Усама бен Ладен сияқты лаңкестік  содырларын өлтіру  арасында түбегейлі айырмашылық бар. Бұл айырмашылық АҚШ үкіметінің бұрынғы лаңкестік топтардың мүшелерін жою тәжірибесіне қайшы, бұл жолы Иранның әскери және ресми қолбасшысын нысанаға алды.  Елдің ішкі заңнамасына сәйкес Трамп үкіметінің әрекетінің заңсыздығы туралы да сұрақтар туындайды. АҚШ-та көпшілік Трамп бұл әркетімен АҚШ-ты халықаралық соғысқа тіреуі мүмкін болды, сондықтан Конгрестен рұқсат алуы керек еді.

Халықаралық құқықтың ережелері мемлекеттерге қарсы сақтандырма қорғанысты қабылдамай, кез-келген жағдайда әскери шабуылды заңды қорғаныстың негізгі шартына айналдырады. Генерал Солейманиге қастандық жасалғанға дейін дәлелдеуге және Иран үкіметіне тікелей жатқызуға болатын қарулы шабуыл болған жоқ. Сондықтан, АҚШ-тың генерал Солейманиге қарсы қастандықтығы  «күш қолдануға тыйым салу» қағидаты үшін айтылған ерекшеліктердің ешқайсысына жатпайды. Керісінше, АҚШ-тың бұл әрекеті БҰҰ Жарғысының екі негізіне, яғни күш қолдануға тыйым салуға және мемлекеттердің егемендігін құрметтеу  қағидасына қайшы келеді. Сондықтан америкалықтарды өлтірді деген сылтаумен АҚШ-тың Иранның жоғарғы әскери қолбасшысын мақсатты түрде өлтіру әрекеті халықаралық адам құқығы мен гуманитарлық заң ережелеріне қайшы келетін заңсыз әрекет болды. Сондықтан, осы қастандыққа қатыстылар мен оны   орындаушыларды  сот арқылы қудалау – Иранның халықаралық құқығы.

Тегтер