Сәу 19, 2016 13:27 Asia/Almaty
  • Иран ертегілері мен аңыздары (1)

Халық ертегілері мен аңыздары әр елдегі ең көне және ең іргелі әрі деректі бай материалдық көздер болып саналады.

Бұл шығармалар бір ұлттың армандары мен сенімдері, әдет-ғұрыптары және рәсімдері жайлы баяндайды және Иран ғасырлар бойы көптеген ұлттар үшін өткел болғандықтан, халық әдебиеті де өте бай болып табылады. Аңыздар мен ертегілер халық ауыз әдебиетінің ең маңызды және ең танымал көрсеткіштері.

Халық ауыз әдебиеті ресми және классикалық әдебиет туындыларымен қатар әр елдің ой өрісі мен мәдениетінің көрсеткіші болып табылады. Халық аңыз-ертегілері қарапайым халық арасында пайда болғандықтан, бір ұлттың жартысының көп бөлігін қарапайым халық құрағандықтан, бір ұлттың ұмыт болған әдеп-ғұрыптары мен наным-сенімдерінен құралған аңыздар бен ертегілер ауыз әдебиетінің ең маңызды бөлігі болып саналады. Ұрпақтан ұрпаққа беріліп келе жатқан бір ұлттың ауыз әдебиеті сол қауымның рухани мәдениетінің үлкен бөлігін алып жатыр және уақыт өте келе сол ұлттың мәдени болмысын сақтайды. Халық әдебиеті қарапайым халық мәдениетінен бастау алып, бір ұлттың өмірбаянына айналады. Ұлттың шынайы өмірімен тығыз байланыста болып, қауымның қоғамдық және мәдени өмірі, сондай-ақ, сол ұлттың ой өрісінің дамуы, мінез-құлқы, діні және наным-сенімдерінің көрсеткіші болып саналады. Халық ертегілері мен аңыздары әр елдегі ең көне және ең іргелі әрі деректі бай материалдық көздер болып саналады. Бұл шығармалар бір ұлттың армандары мен сенімдері, әдет-ғұрыптары және рәсімдері жайлы баяндайды және Иран ғасырлар бойы көптеген ұлттар үшін өткел болғандықтан, халық әдебиеті де өте бай болып табылады. Аңыздар мен ертегілер халық ауыз әдебиетінің ең маңызды және ең танымал көрсеткіштері. «Иран ертегілері мен аңыздары» бағдарламасында сіздерді Иранның асыл қазынасының бірі болып табылатын халық әдебиетімен таныстырамыз және мысалдар, мақал-мәтелдер, жыр-дастандар мен жоқтаулардан тұратын халық ауыз әдебиетінің туындыларын назарларыңызға ұсынатын боламыз . «Иран ертегілері мен аңыздары» бағдарламасында халық әдебиеті туындыларындағы өсиеттер мен үгіт-насихаттарға ерекше көңіл бөлінеді. Алдағы бөлімдерде, парсы аңыз-ертегілерін баяндай отырып, сіздерді иран халық ауыз әдебиеті және оның түрлері, әдебиеттің осы түрінің әлемдегі орны мен оның дүниежүзілік әдебиетке әсері және Иран халық ауыз әдебиетінің ең танымал туындыларымен таныстырамыз. Бағдарламаның бүгінгі бөлімінде сіздердің назарлараңызға «Мың бір түн» кітабынан алынған бір хикаяны ұсынамыз. Кең байтақ бір мекенде «Иунан патшасы» атты бір падишаһ билік құрыпты. Иунан патшасы денесіне шыққан бір тері ауруына шалдығыпты. Жергілікті емшілердің бір де бірі падишаһтың дертіне ем таба алмапты. Иунан патша осы дерттен әбден жапа шегіп, қиналады. Бір күні осы мекенге Хәкім Руйан атты бір қарт емші аяқ басады. Хәкім Руйан падишаһтың дертінен хабардар болып, патша сарайына келіп, Иунан патшаға: «Мен сіздің дертіңізді еш дәрі-дәрмексіз, тез арада жазып бере аламын», - дейді. Иунан патша таң қалып: «Егер шынымен қолыңнан келсе, қалағаныңды беремін», дейді. Хәкім Руйан тағзым етіп: «Ертең сізге келемін» дейді. Ертеңінде Хәкім Руйан сарайға «чоуган» ойнайтын доп пен таяқ алып келіп: «Атқа мініп, алаңға барыңыз. Таяқпен допты қолдарыңыз бен шынтақтарыңыз әлсірегенше ұрыңыз. Одан кейін сарайға қайтып келіп, моншаға барып, денеңізді жақсылап жуыңыз да ұйықтаңыз. Оянған соң сауығып кетесіз» деп, падишаһты жолға салады. Иунан патша емшінің айтқан барлық нұсқауларын орындайды. Ұйқыдан оянғаннан кейін, терісіндегі дерттің ізі де қалмағанын көріп аң-таң болады. Қуаныштан айқай салып, Хәкім Руйанға тез арада хабар жеткізуді бұйырады. Иунан патша Хәкім Руйанды көрген кезде орнынан тұрып, құшағына алып: «Шебер хәкім, сенің алдыңда қарыздармын», дейді. Хәкімді өз қасына отырғызып, бірге тамақтанып, әңгіме-дүкен құрады. Одан кейін падишаһ қызметшілеріне Хәкім Руйан үшін алтын тиынға толы дорба мен басқа да құнды сыйлықтар алып келіңдер деп бұйырады. Хәкім тиындар мен сыйлықтарды қабыл алып, падишаһтың жаны үшін дұға етеді. Қоштасар кез жеткенде падишаһ келесі күні де келуін сұрайды. Осылайша, Иунан патша мен Хәкім Руйан достасып кетеді. Иунан патшаның бір қызғаншақ уәзірі болыпты. Ол падишаһ пен Хәкім арасындағы достықты көріп, қызғанып, екеуінің арсына іріткі салудың жолдарын іздезтіре бастайды. Күндердің бір күнінде Иунан патшаға барып: «Ұлы мәртебелі падишаһ, мен сіздің жақын және жанашыр адамдарыңыздың бірімін. Сізді төніп тұрған қатерден хабардар ету – менің міндетім» деп, сөзін бастайды. Иунан патша: «Ол қандай қатер төніп тұрған?» деп, таң қалады. Уәзір былай деді: «Сіз жан-тәніңізбен дұшпанға беріліп кеттіңіз және бұл істің соңы жақсылықпен бітпейді». Падишаһ одан дұшпанның кім екенін айтуын талап етеді. Ал уәзір болса: «Ол Хәкім Руйан! Ол Хәкімнің жалғыз мақсаты сізді өлтіру!» деп, жазықсыз адамға жала жабады. Осы сөздерді естіген падишаһ ашу-ызаға беріліп: «Андағы айтып тұрғаның не сандырақ?! Хәкім Руйан менің дертіме шипа тапқан адам, оған барлық байлығымды берсем де, оның жақсылығын өтей алмаспын. Қызғанып тұрғаның айдан анық. Мен оны өлтіріп, кейін өкінгенімді қалап тұрсың» дейді. Мұны естіген уәзір: «Бірақ, ұлы мәртебелім, маған тек сіздің саулығыңыз бен аманшылығыңыз ғана керек! Мен өз сөзімде тұрып, Хәкім Руйан сіздің дұшпаныңыз екенін тағы да айтамын. Егер сіз оны тез арада өлтірмесеңіз, жаныңыздан айырыласыз» деп, қулыққа басады. Иунан патша ойланып қалады. Біраздан соң уәзірге қарап: «Мүмкін сенің сөздерің дұрыс болар, шынымен де хәкім Руйан менің дұшпаным болар, себебі ол құдіретті адам, менің ауыр дертімді оңайшылықпен емдей салды. Енді мені оңайшылықпен өлтіре салуы да ғажап емес» дейді. Сөздерінің патшаға әсер етіп, қулығы іске асқандығын көрген уәзір: «Төніп тұрған қауіпке көз жеткізгеніңізге қуаныштымын» дейді. Иунан патша тез арада хәкім Руйанды сарайға жеткізуді бұйырады. Бұл жағдайдан бейхабар хәкім Руйан сарайға келеді. Патша хәкімнен: «Сені не үшін шақыртқанымды білесің бе?» деп сұрайды. Хәкім Руйан сәл ойланып: «Жоқ, қайдан білейін?!» деп, жауап береді. Иунан патша ашуланып: «Сені өлім жазасына кесу үшін шақырттым» деп айғай салады. Хәкім Руйан аң-таң болып, сенбей: «Өлім жазасы? Неге? Менің не кінәм бар?» дейді. Патша: «Өзің жақсырақ білесің, сен мені өлтіруге жіберілген тыңшысың» деп, баскесерді шақыртады. Хәкім Руйан: «Ұлы мәртебелі патша, менің жақсылықтарымның жемісі осы болғаны ма?» деп, жылай бастайды. Иунан патша: «Егер мен сені өлтірмесем, сен мені өлтіресің». Баскесер хәкім Руйанға жақындап, падишаһтың үкімін күтіп тұрады. Хәкім Руйан жерге жығылып, өтіне бастайды: «Рақым етіңіз, мені өлтірмеңіз, менің кінәм жоқ». Бірақ, патша хәкімнің өтініштеріне құлақ аспай, өлтіруге бұйрық бермек болды. Падишаһтың жақындары да Хәкімді кешіруін өтінеді. Бірақ, падишаһ ашу-ызаға беріліп: «Қолыма бір таяқ пен доп беріп, мені ауыр сырқаттан емдегенін көрмедіңдер ме? Дәл солай ертең қолыма бір тал гүл беріп, иісімен мені өлтірмейтіндігіне кім кепіл?» деп ақырады. Хәкім Руйан патшаның өз райынан қайтпайынын түсініп, соңғы мезетте, құтылу амалын тауып: «Жарайды, мен өлімге дайынмын, бірақ бір өтінішім бар: үйге барып, құнды кітабымды алып келіп, сізге сыйға тартуға рұқсат етіңіз» деп, өтінеді. Иунан патша: «Құнды кітап? Ол қандай кітап?» деп сұрайды. Хәкім Руйан: «Пайдасы өте көп сиқырлы да, ғажап кітап. Пайдаларының бірі – егер менің өлімімнен кейін кітапты ашып, сол жақ бетінің үш жолын оқысаңыз, менің кесілген басыма тіл бітеді және қандай сұрақ қойсаңыз да жауап береді» дейді. Иунан патша рұқсат беріп, хәкімді бір күзетшімен үйіне жібереді. Қолында ескі кітап пен тозаңға толы кішкене ыдысы бар хәкім Руйан үш күннен кейін сарайға қайтып келеді. Үлкен леген сұратып, ішіне тозаңды шашып жібереді. Кітапты патшаға ұстатып: «Мені өлтіргеннен кейін, басымды мына легеннің ішіне салыңыз және қанды тоқтату үшін легеннің ішіне салынған дәріге аунатып алыңыз. Одан кейін кітапты ашып, сол жақ бетінен үш жолын оқыған соң, кесілген басыма сұрақтарыңызды қоя беріңіз» дейді. Иунан патша кітапты қолына алып, бетін ашпақ болады, бірақ, кітаптың беттерінің бір-біріне жабысып қалғанын көреді. Саусақтарын аузына апарып, сулап, қайтадан ашпақ болады. Ақыр соңында кітаптың бес беті ашылады. Бірақ беттерден ешқандай жазу көрмейді. Шаһ хәкімге қарап: «Мына беттерде ештеңе жоқ қой» дейді. Хәкім: «Ұлы мәртебелім, тағы да ашып көріңіз» дейді. Шаһ қайтадан, саусақтарын ауызына апарып, сулап, кітаптың тағы да бірнеше бетін ашып көреді. Ол беттерде де ештеңе болмайды. Падишаһ хәкімге қарап, бір нәрсе айтайын деп ұмтыла бергенде аяқ астынан басы айналып, өңі бозарып, тынысы тарылып, жерге құлап түседі. Хәкім Руйанның кітап беттеріне жағып қойған уы, падишаһтың тіліне жеткен соң әсер етіп, өлтіреді. Осыдан кейін, халықтың арасында «егер Иунан патша хәкімді өлім жазасына кеспегенде, өзі де аман қалар еді» деген әңгіме тараған еді.

Тегтер