Қаз 30, 2021 18:11 Asia/Almaty

АҚШ үкіметі мен Президент Трамп халықаралық құқық негіздерін бұзып, 2020 жылдың 3 қаңтарында генерал Сулеймани, Абу Махди әл-Мохандес пен олардың қасындағы адамдарды өлтіргені үшін халықаралық жауапкершілікке ие.

АҚШ үкіметі мен Президент Трамп халықаралық құқық негіздерін бұзып, 2020 жылдың 3 қаңтарында генерал Сулеймани, Абу Махди әл-Мохандес пен олардың қасындағы адамдарды  өлтіргені үшін халықаралық жауапкершілікке ие. Бұл қылмысқа үшін, халықаралық құқық шеңберінде, халықаралық құқықтың бұзылуына байланысты  Халықаралық сотқа шағымдануға болады.  Басқа жағынан, Трамп пен АҚШ Қорғаныс министрлігінің басшыларын мемлекеттік терроризм мен әскери агрессиясы үшін Халықаралық қылмыстық сотта, сондай-ақ Иранның ұлттық сотында жауапқа тартуға болады. ИИР-ның заңы бойынша генерал Сулеймани мен оның серіктеріне қарсы террор жасағандар мен оны ұйымдастырушыларды жазалаудың құқықтық негіздері мен жолдары қандай?

Шәһид Сулеймани

АҚШ үкіметінің генерал Сулейманиді өлтіру қылмыстық әрекетін Иранның әділет органдары ел Конституциясының «қылмысты  анықтау және қылмыскерлерді қудалау» 156-шы бабына сәйкес  қудалап, жауапқа тарта алады. Сондай-ақ Иран генерал Сүлейманиді өлтірген қылмыскерлерді «жәбірленушінің азаматтығына негізделген юрисдикция принципіне» сәйкес қудалай алады. «Жәбірленушінің азаматтығына негізделген юрисдикция» қағидасы 2013 жылы Иранның заң шығару жүйесінде жалпы ереже ретінде Иранның қылмыстық заңнамасының шетелде жасалған қылмыстарға құзіретін анықтайтын басқа принциптермен бірге алғаш рет қабылданған болатын. Ислам Қылмыстық кодексінің 8-бабында көрсетілген «жәбірленушінің азаматтығына негізделген құзыреттілік» қағидасын қолданудың шарттары белгіленген. Исламдық қылмыстық кодекстің 8-бабына сәйкес, егер ирандық емес адам Ираннан тыс жерде ирандық адамға немесе Иран еліне қарсы қылмыс жасаса, Ислам Республикасының қылмыстық заңы бойынша ол жауапқа тартылады.  

Азаматтарды азаматтық істер бойынша қорғау консулдық мекемелер арқылы, саяси істерде дипломатиялық жолдар арқылы, ал қылмыстық істерде халықаралық қоғамдастық қабылдаған құқық арқылы жүзеге асырылады. Ирандағы құқық ұстазы  Джавад Тахмасеби: «Жәбірленушінің ұлтына негізделген құзыреттілік принципінің» тағы бір негізі өзін-өзі қорғау принципі болып табылады. Бұл жағдайда мемлекет азаматты қылмыстық қорғау арқылы іс жүзінде өзін қорғайды. Өйткені бір мемлекеттің азаматына қарсы қылмыс жасау сол мемлекеттің беделі мен сеніміне жанама түрде нұқсан келтіреді. Жәбірленушінің азаматтығына негізделген принцип «азаматтардың және мемлекеттің құқықтарын қорғауды» көздейді. Осыған сәйкес генерал Қасем Сулеймани мен оның серіктерінің шәһид болуы осы қағидаға бағынады.

2020 жылы мамыр айында Иран Ислам кеңесі мәжілісі АҚШ-қа қарсы әрекеттену жобаны бекітті

Иранға қарсы қылмыс жасау Иран азаматына қарсы қылмыс жасаудан бөлек. Иранға қарсы қылмыс жасаудың жәбірленушінің азаматтығына негізделген юрисдикция принципіне ешқандай қатысы жоқ болғандықтан және осыған байланысты Иран заңдарының  басқа принциптермен, соның ішінде «шынайы юрисдикция принципімен» қарастырылуы керек.  Исламдық қылмыстық кодекстің 5-бабы нақты юрисдикция қағидасын қабылдай отырып, ИИР жүйесіне, ішкі немесе сыртқы қауіпсіздігіне, аумақтық тұтастығына немесе тәуелсіздігіне қарсы әрекеттерді айыптайды. Осылайша, Ирак үкіметінің ресми шақыруымен Иран атынан Иракқа сапармен барған ИИР-ның әскери қызметкері генерал Сүлейманиге жасалған террор исламдық қылмыстық кодекстің 5-бабы бойынша Иранның ұлттық қауіпсіздігіне қарсы әрекет ретінде қарастырылады. Тиісінше, бұл әрекеттің қылмыстық сипатына байланысты Иранның Исламдық қылмыстық кодексіне сілтеме жасап, «шынайы юрисдикция» қағидасын қолдану арқылы осы лаңкестік әрекетті жасағандарды жауапқа тартуға болады.

Иранның генерал Сүлейманиді өлтіргені үшін сотқа тартудың тағы бір заңды жолы – АҚШ-тың адам құқықтарын бұзуымен және лаңкестік әрекеттермен күресу туралы заңына жүгіну. АҚШ-тың Батыс Азия аймағындағы адам құқықтарын бұзумен және лаңкестік әрекеттерімен күресу туралы заң 2017 жылдың қыркүйегінде Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінде мақұлданған болатын. Бұл заң американдық заң шығарушылардың Иранға қарсы заңдарды қабылдаудағы әрекетіне жауап болды және генерал Сүлейманидің өлтірілуіне қатысты қылмыстық қудалау процесінде қолданылуы мүмкін. Бұл заң ИИР үкіметінің немесе азаматтарының мүдделеріне қарсы лаңкестік әрекеттерді ұйымдастыруға, қаржыландыруға, басқаруға немесе жасауға тиімді қатысқан американдықтарды қылмыскер деп санайды.  2017 жылы Иран Ислам Кеңесі Мәжілісі бекіткен АҚШ-тың аймақтағы адам құқықтарын бұзумен және авантюралық және лаңкестік әрекеттерімен күресу туралы заңының ережелеріне сәйкес, Ираннан тыс жерде бұл елдің азаматының шәһид болуына және қасақана өлтірілуіне әкеп соққан  қарулы шабуыл  «террорлық әрекет» және Исламның қылмыстық кодексі бойынша «қылмыс» болып саналады. Сондықтан бұл қылмысты жасаған адам қасақана кісі өлтіруге әкеп соқтырған лаңкестік әрекетті жасады деп айыпталып, қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Бұл қылмысты орындауға бұйрық беруші жазаланады. Бұл қылмысты жасағандар мен жауаптылар ИИР-ның қылмыстық соттарында жауапқа тартылуы мүмкін. Сондықтан генерал Сүлеймани мен оның қасындағыларын өлтіруге бұйрық бергендер мен оны іске асырған қылмыскерлерді Иранның Конституциясы мен азаматтық және қылмыстық заңдарына сүйене отырып, жауапқа тартуға болады. Осыған сәйкес, Иранның сот жүйесі ирандық әскери қайраткер мен оның серіктерін өлтіргендерді, басқаша айтқанда, осы қылмыстық әрекетті жасағандарды жауапқа тарта алады. Басқа жағынан, айыпталушыны тергеп, істі қозғау үшін сот органдарына талап-арыз беру қажет.  Сондықтан Теһран прокуроры генерал Сүлейманиді өлтіруді ұйымдастырды, қастандық жасады және оған басшылық етті деген айыппен АҚШ Президенті Дональд Трамп пен тағы 15 америкалық шенеунікті тұтқындауға ордер бергенін жариялап, халықаралық полициядан (Интерпол) оларды ұстауды талап етті.   

Шәһид Сулеймани мен оның серіктерінің өлтірілуіне қатысты сот ісін жүргізудегі ықтимал болжамдардың бірі Иран соттарында қылмыскерлерді қудалау болып табылады. Иранның ұлттық соттары бұл оқиғаны шешу үшін өз құзыретін «шынайы юрисдикция» қағидасы мен «жәбірленушінің азаматтығына негізделген юрисдикция» принципіне сүйене отырып, пайдалана алады.  Иранда АҚШ-тың адам құқықтарын бұзумен және лаңкестік әрекеттермен күресу туралы заңы сияқты заңдарымен бірге Иранның ұлттық соттары өздерінің қылмыстық заңдары бойынша бұл мәселені шеше алады. Дәл осындай үрдіс Иракта да жалғасуда. Осыған байланысты 2021 жылдың 13 қаңтарында Иранның бұрынғы Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф: «ИИР органдарының ауқымды зерттеулерінен кейін Ирактың Жоғарғы Сот Кеңесі АҚШ-тың сол  кездегі Президенті Дональд Трампты қарсыласу қолбасшыларына қастандық жасау қылмысы үшін қамауға алу туралы бұйрық шығарды»,- деді.

 

Тегтер