Жел 06, 2021 21:37 Asia/Almaty
  • Генерал Солейманиге қастандық жасау халықаралық құқық тұрғысынан (10)

Генерал Солеймани мен қасындағыларға қарсы Бағдад әуежайындағы лаңкестік әрекетке жауап ретінде ИИР Ирактың Анбар провинциясындағы Айн әл-Асад базасы мен АҚШ күштері орналасқан Эрбилдегі базаны бірнеше баллистикалық зымыранмен атқылады.

АҚШ-тың генерал Солеймани мен қасысындағыларды өлтіруі халықаралық құқық нормалары мен Иран мен Иракқа қатысты халықаралық құқықтық міндеттемелерін ашық түрде бұзу болды.  Доктор Федерика Паддеу – Кембридж университетінің құқық мәселелерінің зерттеушісі: «Жауап беру әрекеті принципі   басқа үкіметтің оның құқықтарын бұзуына жауап болып табылады. Бұл шара тәртіп бұзушы үкіметті тоқтатуға немесе келтірген шығының өтеуге мәжбүрлеу үшін қолданылады. Сондықтан 2001 жылы БҰҰ Бас ассамблеясы қабылдаған «Мемлекеттердің халықаралық жауапкершілігі» жобасының 24 және 25-баптарына сәйкес, Иран мен Ирак АҚШ-тың мемлекеттік лаңкестік әрекетіне қарсы әрекеттенуге құқылы.

Шәһид генерал Солеймани, Исламдық Иранның және Қарсыласу майданының даңқты қолбасшысы 

Генерал Қасем Солеймани өлтірілгеннен кейін Иран билігі дереу әрекет етіп, кек алуға уәде берді. Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи 2020 жылы 3 қаңтар жұма күні яғни сардар Солейманиге террор жасалған соң: «Шәһид Солеймани мен түнгі оқиғаның басқа да шәһидтерінің қанына қолдары ластанған қылмыскерлерді ауыр кек күтіп тұр»,- деді.  Сол кездегі Иран Президенті Хасан Рухани өз твитінде: «Иранның ұлы халқы бұл сұмдық қылмыстың кегін алады»,- деп жазды. Иран Сыртқы істер министрі болған Мұхаммад Джавад Зариф те АҚШ-тың шабуылын «мемлекеттік лаңкестік әрекет және Ирак егемендігін бұзу» деп атады. Иранның БҰҰ-дағы елшісі БҰҰ Бас хатшысы мен Қауіпсіздік кеңесінің төрағасына  жолдаған хатында генерал Солеймани мен қасындағыларды өлтіруді халықаралық құқыққа қайшы деп білді. Иран басшыларының осы ескертулерінен кейін, Иранның жоғары әскери қолбасшысы мен оның қасындағыларға қарсы террордан бес күн өткен соң, қаңтардың 8 күнінің таңында Ирактың Эрбил және Анбар қалаларындағы АҚШ-тың екі базасы Иранның баллистикалық зымырандарымен нысанаға алынды.

Заңды қорғаныс немесе өзін-өзі қорғау принципі БҰҰ Жарғысын әзірлегеннен кейін қарулы күш қолдануға  тыйым салатын ереженің ең маңызды ерекшелігі болып табылады. Бұл мәселе гуманитарлық құқық жүйесінде күш қолдануға тыйым салу принципінен ерекшелік ретінде үлкен маңызға ие. Әрине, заңды қорғаныстың шарттары бар және халықаралық құқық оның заңды болуының шарттарын қойды. Шартты қорғаныстың төрт шарты бар, олар: қарулы шабуыл мен агрессияның пайда болуы, қажеттілік шарты, қорғаныстың агрессияға пропорционалдылық принципінің шарты және жеделдік шарты. Иранның АҚШ-тың Ирактағы Айн әл-Асад әскери базаларына зымырандық шабуыл жасау әрекеті осы төрт шартқа сай болғандықтан, бұл заңды қорғаныс болып саналады.

Иранның Ирактағы АҚШ базаларына зымырандық шабуылы - генерал Солеймани мен оның қасындағыларға қарсы террорға жауап

Қарулы шабуыл және басқыншылық принципі бойынша, үкімет агрессияға тап болған кезде өзінің территориялық және ұлттық тұтастығын қорғауға міндетті. АҚШ-тың әрекеті агрессиялық әрекет болып табылады және әдеттегі халықаралық құқықты айқын бұзады. Сондай-ақ БҰҰ Жарғысын бұзу болып табылады. Бұл әрекет ИИР-на қарсы қарулы шабуыл болып, өз кезегінде ИИР үшін заңды қорғаныс құқығын тудырады. Сондай-ақ, заңды қорғау құқығын жүзеге асырудың негізгі шарттарының бірі – қажеттілік шарты.  Генерал Солеймани өлтірілгеннен кейін Иран-АҚШ қарым-қатынастары АҚШ президентінің Иранға қарсы қоқан-лоққыларының салдарынан  одан әрі шабуыл жасау қаупі сезілді. Тиісінше, Иранның шабуылы жалпы жағдайға сүйене отырып, АҚШ болашақтағы ықтимал шабуылдарына қарсы тұрудың қажетті  және жалғыз жолы болды. Заңды қорғаныс шарттарының бірі қорғаныстың агрессияға пропорционалдылығы шарты болып табылады.

Доктор Джордж Флетчер, Колумбия университетінің профессоры: «Бұл шарт мүдделердің қайшы келетінін білдіреді. Яғни, басқыншылық нәтижесінде қауіп төнген мүдделер мен заңды қорғаныс   жолында жоғалған мүдделер теңгерімді болуы керек»,- деді. Иранның зымырандық соққысында тек әскери база болған АҚШ әуе базасын ғана нысанаға алды. Сондықтан сандық және сапалық жағынан Иран пропорционалдылық принципіне сәйкес күшті тек қоқан-лоққының тоқтату мақсатында   қолданды. Заңды қорғаныстың тағы бір шарты – жеделдік шартын сақтау. Қарулы шабуылды дәлелдегеннен кейін заңды жауап қайтару әрекетін, сондай-ақ заңды қорғанысты негіздеу үшін қажетті тағы бір ерекшелік - бұл әрекеттің шұғылдығы. Қарулы шабуыл мен оған қарсы әрекет арасында өте ұзақ және негізсіз аралық болмауы керек. Иранның АҚШ базасына зымырандық шабуылы қастандықтан 5 күннен кейін  жасалғанын ескерсек, заңды қорғаныс шарттарының бірі ретінде Иранның зымырандық шабуылында шұғыл шарт бар деп айтуға болады.

Иранның зымырандық шабуылы нәтижесінде америкалық Айн әл-Асад базасы жойылды

Халықаралық құқықта және гуманитарлық құқықта бір елдің басқа бір елдің жауынгерлері мен шенеуніктеріне шабуыл жасауы сол елге қарсы әскери шабуылдың айқын мысалы болып табылады және заңды қорғаныс құқығын тудырады. Дональд Трамп Иранның жоғары лауазымды әскери шенеунігін өлтіру үшін әскери операцияға өзі бұйрық бергенін мойындады. Осы арада ол «әскери операция» деген сөзді қолданды. Сондықтан, Иранның жеке немесе Иран, Ирак және қарсыласу қозғалысы елдерінің өзін-өзі қорғау құқығын қорғау үшін Жарғының 51-ші бабына бойынша, Иранның өзін-өзі қорғау құқығын жүзеге асыруда басқа жолы қалмады. Сонымен қатар, ИИР-ның Айн әл-Асад базасына шабуыл жасау мақсаты тек жазалау ғана емес, қорғаныс болды. Осыған орай бұл әрекетті заңды қорғау түрінде қарастыруға болады.

 

 

Тегтер