Maм 28, 2022 18:19 Asia/Almaty
  • Имам Хомейнидің мектебінде (44)

Имам Хомейнидің басқа әлемдік саяси басшылардан айырмашылығының бірі - оның аскетизмі мен қарапайым өмірі.

 

Имам Хомейнидің сопылық пен қарапайымдылығының бір көрінісі оның резиденциясы болды. Кездескендердің бәрі имамның үйінің шағындығы мен қарапайымдылығына таң қалды.

Имам Джамарани өз естеліктерінде имамның резиденциясы туралы былай деп жазды: «Имам Құмға келгеннен кейін көп ұзамай жүрегі ауырып, сол түні Теһранға жетуге мәжбүр болып, жүрек ауруханасына жатқызылды. Имам Хомейни екі айға жуық жүрек ауруханасында емделді, дәрігерлер имам үшін үйді аурухана маңынан табуды ұсынды. Бірақ лайықты үй таба алмадық.  Дәрігерлер оның тұрғылықты жерінде ауа райы қолайлы болуы керек деп баса айтқандықтан, оған Дарбанд көшесінен орын дайындалып, имам Хомейни төрт ай бойы сонда тұрған. Бірақ   тұрғылықты жері биік ғимарат болғандықтан имамның көңілі толмады.  Имам халықпен кездесуге келгенде, халықпен сарайдың ішінде кездесетін. Имам егер қолайлы жер табылмаса, Құмға қайтамын деп қорқытты. Бір күні қажы Ахмад аға имамға лайықты орын тауып берейік деп біздің үйге келді. Мен «үйіміз жарамды болса, мына екі шағын үйді хұсейниемен біріктіріп береміз» дедім.  Дайын болғанша хұсейниеде үш-төрт күн жұмыс жасадық.  Имам төрт күннен кейін келіп, «біздің қолайлы үй осында» деді. Имам Бұл жерде жеті-сегіз жыл өмір сүрді. Үйге кірген кезде, жан-жағына, отырған бөлмеге қарап: «Мен енді жеңілдеп қалдым, өйткені төрт ай бойы қиналып жүрдім»,- деді».

Джамарандағы имам Хомейнидің үйі

Имам Хомейни Ислам революциясының жеңісіне дейінгі кезеңде   ұлы діни ғұлама ретінде және Революция жеңісінен кейінгі кезеңде Ислам республикасының басшысы ретінде бұл мүмкіндікті ешқашан өзінің игілігі үшін пайдаланбады. Наджафта болған кезінде де, Құм мен Теһранда тұрған жылдары да имамның тұрғылықты жері жалға алынған. Ходжат әл-Ислам Рахимиан имамның Наджаф, Құм және Теһрандағы тұрғын жағдайы туралы: «Имам Наджафта болған кезінде қарапайым діни шәкірттер сияқты Шаре ар-Расул көшелерінің біріндегі ескі үйді жалға алған.  Революция жеңісінен кейін Құмда болған кезінде де, Джамаранда он жылға жуық болған кезінде де көптеген кедейлер сияқты олар да жалдамалы баспанада тұрды»,- деп жазды.  

Имам Хомейнидің аскетизмі мен қарапайым өмірінің тағы бір қыры жеке көлікті пайдаланбау болды. Ходжат әл-Ислам Бахшаиши имамға көлік беруді назр еткен табриздік жас жігіттің естелігін еске алып: «Разави мырза Тебриз саудагерлері мен зауыт қожайындарының бірі болған, ол назыры  бойынша имамға әлі тіркелмеген ирандық Buick көлігін сыйға тартқысы келген.  Сол ынталы, иманды жігіттің түсіндірмелерін тыңдап, имамның алдында бардық. Кезек бізге келді, имам жалғыз қалды, біз оған көліктің кілтің сыйладық. Имам   ерекше күлімсіреп, мейіріммен кілті қабылдап, достары мен серіктеріне көрсетті, бірақ көлік кілтін иесіне қайтарды. Имам: «Қиындықтарға төзіп, Табризден келген мейірімдеріне алғысымды айтамын. Мен көлікті өзіңе қайтарамын,  сіз оны пайдалану үшін менің өкілімсіз»,- деді. Жас жігіт имамнан олардың  сыйлығын қабылдап, бір рет қолданғаннан кейін өз қалауынша мұқтаждарға беруін немесе сатуын өтінді. Имам жас жігіттің талабына: «Маған қазіргі уақытта жеке көлік қажет емес және менің міндеттемем - қажеттілікті сезінбейінше жеке көлігімнің болмауы»,- деп жауап берді. Сондықтан саған тапсыратыным, менен сатып ал да, сол ақшаға елдегі кедейлердің біріне үй салып бер»,- деді. Ол жеке көлікті пайдалануда ғана емес, басқа жағдайда да қазына мен діни қаражатты пайдаланбай, қарапайым болды. Сонымен қатар елдің басқа шенеуніктеріне, әсіресе билік басындағыларды  қарапайымдылық пен қанағатшылдық шақырды.

Имам Хомейни өзінің аскеттік өмірінде ысырапшылдықтан үзілді-кесілді аулақ болып, барлық жағдайда барынша үнемді жұмсады және өз үйіндегі мүлікті пайдалануда абай болмағандарға қатты реакция білдірді. Имамның жақын серігі Рахимианның айтуынша, имам демалып, сабақ оқитын жердің ішінде үш шам бар екен. Имам Құран оқығанда немесе түрлі хабарларды оқығанда шамдар жанып тұрды, бірақ  оқып болған соң, жасына қарамастан имам орынынан тұрып, шамды сөндіретін. Намаз оқығанда  тек кішкентай шамды жағып қоятын. Имамға жақын адамдардың бірі Мириан мырза: «Бір күні түске дейін имам шақырып, қасына бардым. Имам аулада жанып тұрға шамды өшіруді сұрады. Мен өшірдім.  Бірнеше күннен кейін шам тағы өшпей қалып, имам қайтадан мені шақырды. Имам: «Егер шамды өшіру сіз үшін қиын болса, кілтті мен бөлмеме қойңыз. Мен шамды түнде жағып, күндіз сөндіріп тұрамын»,- деді. Мен «қиын емес» дедім. Біраз уақыт бойы ойымды жинап, шамды өшіруді ұмытпай жүрдім. Бірақ бір күні ауланың шамын сөндіруді тағы ұмыттым. Имам ренжіп: «Менің үйімде харам іс жасаладыма? Менің үйімде ысырап жасаладыма?»- деді. «Аға, не болды?»- деп сұрадым. Имам: «Осы шамдарды өшіріңіз деп қанша рет айтуым керек?  Ысыраптың харам екенін білмейсіз бе?»- деді»,- деп есіне алатын.

Имам Хомейни киім-кешек пен тағамды пайдалану саласында да өте қарапайым және қанағатшыл болды. Имам өзіне басқалар берген барлық сыйлықтарды мұқтаж жандарға тарататын. Осыған байланысты Ходжат әл-Ислам Рахимиан: «Имам  сый етілген мата, сәлде, көйлек, кілем, аяқ киім, жемпір сияқты сыйлықтардан қажетіне қарай біреуін алатын, ал басқасын «мен мұның бәрін  не істеймін, мұқтаж адамдарға беріңдер» дейтін»,- деді.

 

 

 

Тегтер