Қар 08, 2022 18:03 Asia/Almaty
  • Имам Хомейнидің  мектебінде (49)

Имам Хомейни батыл әрі күшті басшы бола тұра, жеке және әлеуметтік салаларда өте эмоционалды адам болған және басқалармен сөйлесуінде және мінез-құлқында өте мейірімді және кешірімді болды.       

 

  
 

Имам Хомейни қасиетті Құран Кәрімнің Пайғамбар (с.ғ.с.) туралы: «...онымен бірге болғандар, кәпірлерге қатаңырақ, өзара тым мейірімді...» деген аятының айқын үлгісі болды. Яғни,  дұшпандары мен залымдарына қарсы өте күшті және табанды, ал достары мен жәбір көргендерге өте мейірімді және жанашыр болды.

Имам Хомейнидің айналасындағы көптеген адамдар және оның жанұя мүшелері сөздері мен ісіндегі беріктік пен күшті көргенде және оның үстемшілер мен залымдарға еш қорықпастан қатты жауап беретінін байқағанда, отбасы мүшелерімен, қарапайым адамдармен және жәбір көргендермен қарым-қатынасында соншалықты эмоционалды, жомарт және мейірімді бұл кісінің өте күшті және қатаң екеніне сене алмады.  Имамның жүрегінің нәзік болғаны сонша, біреудің қиналғанын немесе ауруын естігенде қатты әсерленетін, кейде оқиғаны естігенде жылайтын.

Діни қызметкер Ваез Табаси 1342 ж. 15 хордад  оқиғасын естігеннен кейін имамның реакциясы туралы: «Хордад айының 15-і оқиғасынан кейін имамеың қасына бардым. Мен бұл кісімен 35 минуттай сөйлесіп, болған жағдайды түсіндірдім, ол жиырма минуттай жылады»,- деп айтқан. Тағы бір діни қызметкер Фурқани де осыған ұқсас бір естелігінде: «15 хордад халық көтерілісіне қарсы шах режимінің зұлымдықтарын естігеннен кейін имам көптеген көз жасын төгіп, 24 сағат бойы ештеңе жемеген»,- деді.

Имамның жанашырлығы мен мейірімділігінің бір үлгісі оның отбасы мүшелеріне деген сөзі мен қатынасы болды. Имам Хомейни әйеліне, балаларына және немерелеріне өте эмоционалды болды және саяси аренадағы беріктігі мен мықтылығы оның үйінде де, отбасында да ашу-ызасы мен дөрекілігін тудырған жоқ. Имамның марқұм ұлы   Ахмад әкесінің ерекшеліктері туралы былай дейді: «Имам өте мейірімді болды. Мысалы, «Наджафта болған кезіміде, кейде әпкелерім сонда келетін. Олар кеткісі келгенде, имам балаларына сондай мейірімді болғанынан аулада тұрып, имаммен қоштасқандарын көруге менің күшім жетпейтін. Бірақ егер бұл мәселе бұл кісінің шешімдерінде немесе олардың жұмысына әсер етеді деп ойласаңдар, әсер етпеді».  Діни қызметкер Ансари имамның бұл қадір-қасиеті туралы: «Имам әйеліне, балаларына, немерелеріне, тіпті қарамағындағы адамдарға да ерекше қызығушылық танытты. Тіпті кеңсесінің бір мүшесі ауырып қалса да, амандасып, дәрігерге барып емделуді бұйыратын»,- деп есіне алатын.

Имамның әйелі мен балаларына деген нәзіктігі, жанашырлығы, мейірбандығы оның айналасындағыларға жақсы таныс. Имамның бір баласы сал болып, біраз уақыттан кейін қайтыс болған, бірақ сол сал бала туралы естелік болған сайын имамның көңілі көтерілетін. Бұл тұрғыда қажы Мұстафа былай дейді: «Имамның сал ауруына шалдыққан баласы болды, ол тек бірнеше жыл өмір сүріп, қайтыс болды. Әлгі бала сал ауруына шалдығып, көп ұзамай қайтыс болса да, имам ол туралы айтқан сайын қатты толқып, қайғыға бататын». Имамның немересі Найме Ашрақи де имамның балаларға деген сүйіспеншілігі мен мейіріміне тоқталып, имамның балаларға деген мейірімін тек өз балалары мен немерелеріне ғана білдірмеді, ол барлық балаларға сүйіспеншілігін білдірді. Балалар да имамды жақсы көретін».Имамның жұмысының тығыздығына қарамастан балалардың хаттарына жауап бергенін көрсететін жағдайлар көп. Ансари имамның осы хаттардың біріне берген жауабы туралы былай дейді: «Алты жасар қыз имамға келіп, көргісі келетіні, бірақ кеңсе мүшелерінің оны жібермегені туралы хат жазған болатын. Имам өз қолымен Бісмиллмен бастап, «қызым, хатыңды оқыдым, қай кезде маған келгін келсе, келе бер»,- деп жауап жазды. Содан соң бізді хатты қыздың үйіне апаруға және бала келгісі келгенде, келе берсін деп жеткізуге міндетті».

Имам Хомейни көршілеріне мейірімділік пен жанашырлық пен олардың құқықтарын құрметтеуге өте сезімтал болды. Имам Хомейни әрқашан оның жұмыс кестелері мен кеңсесі мен үйіне баруының көршілеріне ренжіту мен ыңғайсыздық тудырмауын бұйырды.

Париждегі имам Хомейнидің серіктерінің бірі Мохташмипур имам Хомейнидің тұрғылықты жері ретінде Нофль-ле-Шато  ауылын таңдауының бір себебін, көршілерді мазалаулан аулақ болуы деп тауып: «Имам Парижге келген кезде тоқтаған үй Париждің аудандарының бірінде болатын. Ол бір студенттің жалға алған,   бірақ онда тұрмайтын үйі еді. Имам бұл үйге пәтер ақысын төлеу шартымен кірді. Пәтер төртінші қабатта және келім-кететін адамдар көп болғандықтан,  көршілерді ренжіткісі келмей, имам ешкімге кедергі келтірмейтін жерде тоқталу шешім қабылдады. Сондықтан олар Париж ауылдарының біріне (Нофль-ле-Шато) тоқталды»,- деп жазды. Имам Нофль-ле-Шато ауылында көршілерімен мейірімді болды. Имам Хомейнидің көршілерімен жылы қарым-қатынас орнатуының мысалы ретінде хазірет Исаның (ғ.с.) туған күніне орай оларға сыйлық таратуы болды. Мохташмипур бұл туралы: «Хазірет  Иса (ғ.с.) дүниеге келген кеште дүниежүзіндегі христиандарды құттықтау жолдап, ақпарат агенттіктері оны таратқан. Бұл жолдауымен қоса, имам бізге ағайындардың Ираннан әкелген сыйлықтарын, әдетте  жаңғақтар, тәтті тағамдарды Нофль-ле-Шато тұрғындары арасында таратуды бұйырды. Біз мұны істедік және әр бумамен гүл шоғын сый еттік. Біз бірнеше жерге барғанымызда, хазірет Исаның туған күні христиан емес ирандық көшбасшының оларға соншалықты жақын болып, сүйіспеншілік  білдіруі олар үшін таңғаларлық болды. Олардың ішінде имамның сыйлығын алғанда қатты қуанғанынан  көзі жастанған әйел де болды»,- деді.

Имам Нофль-ле-Шато болған кезінде көршілеріне өте мейірімді және жанашыр болды, сондықтан ол Иранға оралғанда бұл ауылдың көптеген адамдары ренжіді. Мұстафа Кафашзаде осы тұрғыда: «Имам Парижде болған кезде көршілерімен жақсы қарым-қатынаста болып, оларға барып, хал-жағдайларын сұрайтын, айт күндері хат жолдап, гүл сыйлайтын, жалпы Нофль-ле-Шатодағы көршілерімен сыйласатын»,- деп жазды. Имам тек адамдарға ғана емес, жануарларға да жанашыр, мейірімді болған. Залымдар мен үстемшілерге қарсы тұрып, өзі, балалары мен серіктері қаның төкпеуден тартынбаған адамның шыбын-шіркеуді өлтіруге өте сезімтал болғанына имамды танымайтын адамдарға сену қиын болды.    

 

Тегтер