Иран: Доулатабад бағы (174)
Нау 01, 2023 21:34 Asia/Almaty
Доулатабад бағы (Dowlat Abad Garden) Иранның Йезд қаласында орналасқан. Бұл бақ – ЮНЕСКО-ның мәдени мұра тізіміне тіркелген ең көне ирандық бақтардың бірі. Оның 260 жылдық тарихы бар. 6,4 га ауданды алып жатқан бақтың әр бұрышынан жұмақтың белгісін көруге болады. Көктем мезгілінде бақта раушан гүлінің хош иісі аңқиды. Бақтың ортасында әлемде саз кірпіштен жасалған ең биік желтартқыш орналасқан.
Тегтер