Йемен халқы – зұлымдық пен басқыншылықтың құрбаны
(last modified Fri, 19 May 2017 03:55:55 GMT )
Maм 19, 2017 09:55 Asia/Almaty
  • Йемен халқы – зұлымдық пен басқыншылықтың құрбаны

Әлем бар назарын Сирия мен Ирактағы дағдарыстарға және аймақтың түрлі аумақтарындағы лаңкестік топтар, әсіресе ДАИШ-тың қылмыстарына аударған кезде 2015 жылы наурыздың 26 Сауд Арабиясы Йеменге ауқымды түрде жер үсті және әуе шабуылдарын бастады. Мыңдаған бейкүнә адамның өліміне әкеп соқтырған шапқыншылық әлі аяқталған жоқ. Бүгін Сауд Арабиясының Йеменге жасаған озбырлығының зардаптары жайлы сөз қозғаймыз.

Азияның оңтүстік-батысындағы Саба жері (Йемен)

Йемен – Азияның оңтүстік-батысындағы Арабия түбегінің оңтүстік бөлігінде орналасқан араб елі. Йемен халқының саны шамамен 23 миллионға жетеді. Оның астанасы – Сана қаласы. Йемен солтүстігінде Сауд Арабиясымен шекаралас. Оның оңтүстік бөлігін Баб әл-Мандеб бұғазы, батысын Қызыл теңіз, шығыс бөлігін Оман және Парсы шығанағының сулары шайып жатыр. Йеменнің екі маңызды жағалауы бар: Қызыл теңіз жағасындағы батыс жағалауы және Араб теңізі жағасындағы оңтүстік жағалауы. Сонымен қатар, Йеменнің территориясына бірнеше арал кіреді. Олардың ішіндегі маңыздылары Араб теңізіндегі Сокотра аралы мен Қызыл теңізде орналасқан Хонейш аралы.

Йемен 1990 жылға дейін және оған дейінгі онжылдықтар ішінде Йемен Араб Республикасы (Солтүстік Йемен) және Йемен Демократиялық Республикасы (оңтүстік Йемен) деген екі көршілес мемлекет ретінде өмір сүрді. 1990 жылғы келісім негізінде бұл екі мемлекет бірігіп, бір Йемен Республикасын құрды. Жалпы ұлттық табыс (ЖҰТ) көрсеткіші 1070 долларды құраған Йемен әлемнің ең кедей мемлекеттерінің қатарына жатады.

Арабия түбегінің оңтүстігіндегі Йеменнің жағдайы

Йеменнің мәдени, географиялық және экономикалық ерекшеліктері өте күрделі және көп аспектілі. Сол аспектілерді талдай келе, Йеменнің аймақтық және аймақтан тыс теңгерімдегі маңыздылығын түсінуге болады. Йеменнің географиялық орны стратегиялық тұрғыдан бұл елдің маңызын арттырады. Географиялық картаға көз салып, Йеменнің Баб әл-Мандеб бұғазы, Парсы шығанағы, Қызыл теңіз, Үнді мұхиты және Арабия түбегі, Азияның батысы, Солтүстік Африка мен Сомали түбегімен көршілес орналасуының қандай рөл атқаратынын түсінуге болады. Тіпті, 1990 жылғы келісімнен кейін де Йемен бірнеше тайпадан құралған қоғам болып қала берді. Йемен Арабия түбегінің ең құнарлы бөлігі саналады. Сондай-ақ, ұзындығы 2400 шақырымға созылған жағалауының арқасында Арабия түбегінің оңтүстік және оңтүстік-батысындағы табиғи қақпасы мен Парсы шығанағы ынтымақтастық ұйымының мүшесі болып табылады. Йеменнің Үнді мұхиты мен Қызыл теңізді байланыстырып тұрған Аден шығанағы мен Баб әл-Мандеб бұғазына үстемдік етуі бұл елдің саяси және экономикалық географияда өте маңызды екенін көрсетеді.

Йеменнің аймақтағы стратегиялық маңызы

Әлемдегі теңіз тасымалының үштен екі бөлігінен астамы Ормуз, Малага және Баб әл-Мандеб атты үш стратегиялық бұғаз аралығындағы "алтын үшбұрыш" аймағынан өтеді. Бұл бұғаздар әлемдік энергетика транзитінің маңызды бөлігін құрайды. Баб әл-Мандеб маңызды транзиттік жолды Йеменнің Перим (Маюн) аралы арқылы жаба алатын су жолы саналады. Баб әл-Мандеб осы "алтын үшбұрыштың" негізгі бекеттерінің бірі саналады. Бұл елдің солтүстігінде Сауд әулеті режимі басқаруындағы Сауд Арабиясымен 1800 шақырымдық ортақ шекарасы менЙеменнің тайпалық және діни ерекшеліктерінің болуы Йемен мен Сауд Арабиясы арасындағы қарым-қатынастарды үнемі түйткілке айналдырып отырды.

Йемен мен Сауд Арабиясының шекаралас аймақтарынан мұнайдың табылуы екі ел арасындағы кикілжіңдерді бұрынғыдан бетер шиеленістіре түсті. Осылайша, Сауд әулеті режимі әрдайым Йеменнің мұнайға бай аймақтарын өзіне қосып алуды көздеген. Йемендегі ішкі қайшылықтардың нәтижесінде жеңіске жеткен кез келген тарап іс жүзінде Қызыл теңіздің мұнайын Үнді мұхиты арқылы Азияға жеткізетін өткелді өз бақылауына алады. Сауд әулеті режимі Йеменнің осындай стратегиялық позициясын түсініп, соңғы бірнеше онжылдықта Йеменнің саясаты мен билігіне үстемдік етуге талпыныс жасап келеді. Бұл режим саяси араласушылықтармен, тіпті шапқыншылық жасау арқылы Йемендегі билік басындағы үкіметті өзінің бағытында сақтап қалуға тырысты. Йемендегі "Ансаралла" қозғалысы Сауд әулеті режимінің ойынын бұзып, соңғы жылдары ақырындап Сауд Арабиясының ықпалынан шықты. Сауд Арабиясының Йемендегі қате саясаттары мен йемендіктердің Сауд әулеті режиміне деген жеккөрініш осы үдерістің тездетілуіне себеп болып, халықтық "Ансаралла" қозғалысының күшеюіне жеткізді.

Тарих – Йемендегі Сауд Арабиясының зорлық-зомбылығының айқын айғағы

Йеменде осындай өзгерістер барысында АҚШ пен кейбір Еуропа елдерінің демеуімен Сауд Арабиясы мен он араб мемлекетінен құрылған коалиция 2015 жылдың наурыз айында тұтқиылдан Йеменді жер үсті және әуеден артиллерия арқылы нысанаға алып, қатты бомбалады.

Сауд Арабиясының Йеменге қарсы басқыншылық шабуылы

Сауд Арабиясының Йеменге қарсы әскери басқыншылығы Мансур Һади 2014 жылдың қыркүйек айында қол қойған барлық йемендік топтар мен ағымдардың "Бейбітшілік және серіктестік" келісіміне қарсы шығып, отставкаға кеткен кезде басталды. Сосын ол президенттік резиденциядан Аденға қашып, сол жерде жаңа үкімет құрды. Мансур Һадидің бұл әрекеті Йеменді Сана және Аден атты астанасы бар екі бөлікке бөлді. Бұл халық пен йемендік топтардың қарсылығын тудырды. Тіпті Аденнің өзіндегі Йемен халқы Мансур Һадиге қарсы шеру ұйымдастырып, оның Сауд Арабиясына тәуелділігіне наразылық білдірді. Кейбір Батыс және араб елдерінің өз елшіліктерін Аденге көшіргені де өте қызық жайт саналады. Олардың ішінде Катар, Сауд Арабиясы және Біріккен Араб Әмірлігі болды. Олар шындығында Йеменді бөлшектеуді көздеген еді. Бірақ бұл жоспар халықтық комитеттердің саналылығы және олардың "Ансаралла" қозғалысы мен Йемен әскеріне қарсы тұрып, олардың бұл елдің көптеген аймақтарын, әсіресе Аденді басып алуын сәтсіздікке ұшыратты.

Саудиялық ұшақтардың Йеменге шабуылы

Халықтық күштер Аденді басып алғаннан кейін Мансур Һади Сауд Арабиясына қашып кетті. Бұл әрекет оның шынайы болмысын көрсетіп, Йемендегі дағдарыс тудырушы факторларды әшкерелеп, аймақ пен әлемде Йеменге қарсы қиратушы қозғалыстар басталды.

Бұл салада Парсы шығанағы ынтымақтастық кеңесі Мансур Һадиге Йеменнің президенті ретінде қолдау көрсетіп, Йеменді дағдарыстан шығару мақсатындағы бірнеше бөлімнен тұратын жоба ұсынды. Бұл жобаның негізгі тақырыбы халықтық комитеттер, Мансур Һадидің оппозициясы мен Сауд Арабиясының барлығын қарусыздандыру және оның билік басына қайтып келуі болды. Жобаны ұсынудағы мақсат Йемен халқы көтерілісі мен олардың Мансур Һади диктатурасы және Сауд Арабиясы үстемдігінен шығу туралы қалауын көзге ілмейтін 2014 жылдың қыркүйек айында қол қойылған "Бейбітшілік және серіктестік" келісіміне дейінгі Йеменнің жағдайын қайта қалпына келтіру болды. Сонымен қатар, Батыс елдері, әсіресе Ұлыбритания мен АҚШ, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде Парсы шығанағы ынтымақтастық кеңесінің Йемен халқы өз тағдырын шешу құқығынан мақұрым қалатын қабылдаған қаулыларына ұқсас қарар қабылдаған болатын.

Йемен халқының өз тағдырын шешу құқығына жалғыз жауап – соғыс

Ақырында Сауд Арабиясы наурыздың жиырма алтысы күні Йеменнің отставкаға кеткен қашқын президенті Мансур Һадидің өтінішін сылтауратып, бұл елді тұрақсыздық жағдайынан шығару үшін Батыс елдерінің демеуімен және кейбір араб елдерімен коалиция құруы арқылы ауқымды әскери амалдарды бастады.

Сауд Арабиясының жаңа королі Салман бин Абдел Азиз билікке келгеніне үш ай толмай жатып, Йемен халқына, әсіресе "Ансаралла" қозғалысына қарсы "Күшті дауыл" атты әскери амалдарды бастауға бұйрық берді. Сауд Арабиясының Йеменге қарсы бірнеше рет шапқыншылық жасап, бұл елге зорлық-зомбылық көрсетіп, Йемен жерінің кейбір бөліктерін басып алып, Арабстанға қосып алғаны тарихтан белгілі.

Билік басына келумен басталған соғыс пен зорлық-зомбылық

Сауд Арабиясының Йеменге қарсы әскери шапқыншылығы Йемен дағдарысы ішкі саяси тақырып ретінде болған жағдайнда  орын алып отыр. Ал БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесі мен әлемдік алпауыттар көздерін жұмған Сауд Арабиясының араласушылығы бір тәуелсіз мемлекеттің егемендігін бұзу және оның территориляқ тұтастығын құрметтемеу саналады.

Сауд Арабиясының Йеменге қарсы үздіксіз ауыр әуе шабуылдары бұл кедей араб елінің инфрақұрылымдарын нысанаға алды. Бүгінгі күнге дейін қатыгез шабуылдардың салдарынан мыңдаған әскери емес бейбіт тұрғын, әсіресе әйелдер мен балалар қаза болды. Йеменнің Денсаулық сақтау министрлігінің ақпарат өкілінің мәлімдеуі бойынша, ауруханалар мен емдеу орталықтарында тіркелген мәліметтерге сәйкес, Сауд Арабиясының Йеменге шабуылы салдарынан қаза болғандар мен жарақат алғандардың саны 28 мың адамнан асқан.

БҰҰ-ның гуманитарлық мәселелерді үйлестіру жөніндегі басқармасының басшысы Йоханс Ван дер Клав х.ж.с.б. 1394 жылдың ордибеһешт айының жиырмасы күні кеңсесі тарапынан жарияланған баяндамасында Йеменде әскери емес тұрғындардың жаппай қаза болғанына сілтеме жасап, Сауд Арабиясының Йеменнің әскери емес инфрақұрылымдарына жасаған әуе шабуылдарының қиратушы әсері болғанын айтты. Ал көптеген йемендіктер емдеу, азық-түлік, ауыз су және басқа да қажетті негізгі қажеттіліктерден мақұрым жағдайнда да бүкіл елді  қамтыған  соғыс әлі жалғасуда. Ерлер, әйелдер мен балалар өлім қаупі алдында тұр.

Сауд Арабиясы соғысы мақсаттарының бірі – Йемен халқын жою

БҰҰ-ның Йемен ісі жөніндегі арнайы өкілі ресми түрде былай деп мәлімдеді: «Йемендік топтардың саяси стратегияны іске асыру мақсатындағы ақырғы келісімге қол жеткізу қарсаңында және тараптар арасында тек аздаған келіспеушілік қалған кезде Сауд Арабиясының Йеменге шабуылы басталды. Осылайша, Сауд Арабиясы сол кезге дейін қол жеткізген жетістіктердің барлығын жойды».