Парсы әдебиетіндегі Рамазан айы (9)
Бүгінгі бағдарламамызда ораза мен Рамазан айы тақырыптарын Сағдидің көзқарасы тұрғысынан қарастырамыз.
Шейх Муслихиддин Сағди – х.қ.ж.с.б. жетінші ғасырда өмір сүрген Иранның танымал ақыны әрі жазушысы. Ораза тұту мен Рамазан айы Сағди көп көтерген тақырыптардың қатарына жатады. Бірақ Сағдидің осы мәселеге байланысты көзқарасы басқа шайырларға қарағанда өзгеше. Ол өз шығармаларында бұл айдың жанның тазалануына тигізетін әсерлері туралы сөз қозғамайды. Мүмкін, бұл шайырдың басқалардан негізгі айырмашылығы осында болар. Сағди көбінесе қоғамдық әдет-ғұрыптар мен әлеуметтік жағдайлар мәселесіне тоқталды. Сағди ораза тұтудың жеке адамға әсер ететін ішкі функциясына көңіл бөлмейді. Себебі, ол негізінде әлеуметтанушы. Сондықтан ол дүниелік және о дүниелік істерге көңіл бөледі. Сол себепті Сағдидің "Гүлстан" және "Бустан" шығармалары дәл осы бағыттың ықпалында жазылған.

"Бустан" еңбегінде айтылған бір хикаятқа сәйкес, Сағдидің көзқарасы бойынша ораза ұстау таң атқаннан ақшам намазына дейін ас ішпеу емес, тағамды мұқтаж адамдарға беру деген мағынаны білдіреді.
Сағди қоғамдық реформашы болғандықтан, кез келген мәселелерге әлеуметтанушы ретінде қарайды. Бір әйел күйеуінен сұлтанның ас үйінен балаларына тамақ алып келуді сұрайды. Бірақ ол күні сұлтан ораза тұтқандықтан, ас үйде ешкім болмапты. Сол кезде әйел шағым айтып, сұлтанның ораза ұстауын сынаған екен.
Сағди шариғаттық ғибадат пен әдет-ғұрыптардың да қоғамға қызмет етуін қалайтын секілді. Сағдидің пікірінше қоғам үшін пайдасы жоқ оразаның бір нәрсесі кем. Сұлтанның ораза тұтуы халықтың аш қалуына соқтырды. Сол себепті оның ораза ұстамай, ас үйін әдеттегідей жылуда ұстап, қарағаны артық еді. Сағди ораза тұту мен Рамазан айына саяси-әлеуметтік тұрғыдан қарайды. Сағди мәдениетінде Рамазан айы тамақтанбау емес, басқаларға тамақ беру айы саналады.