Шіл 10, 2017 11:16 Asia/Almaty
  • Қытайда өткен Азия медиа саммитіне шолу

Қытайдың Шандунь облысының Циндао қаласында "БАҚ – әлемдік дамудың алдыңғы шебінде" деген тақырыпта 14-ші Азия медиа саммиті өтті

Қазіргі әлемде бұқаралық ақпарат құралдары мен жалпы байланыс құралдары белсенді әрі ықпалды рөлге ие. БАҚ радио, телеарна, фильм, газет, журнал, кітап және ғаламтор секілді байланыс құралдарын қамтиды. Өкінішке орай, бұлардың кейбіреуінің дамуы халықтың басқа бұқаралық ақпарат құралдарына деген қызығушылығын төмендетті. Мысалы, жүргізілген зерттеулерге сәйкес, телеарнаны ұдайы тамашалау ойлау қабілетінің төмендеуіне себеп болады. Ғалымдар осы визуалды БАҚ-қа тәуелділіктің теріс әсерлерін азайтуға талпыныс жасауда. Бұл зерттеулерде бұқаралық ақпарат құралдарының ұдайы шабуылдары тауар сатып алу, ойлау тәсілі мен өмір салтын өзгерту туралы хабарламалар шеңберінде зерттелді. Зерттеу нәтижелері бойынша, БАҚ сезілмейтін тәсілмен өз оқырмандары, көрермендері мен тыңдармандарына ұқсас мінез-құлық пен ортақ көзқарасты таңып, олардың әдеттері мен қылықтарын өзгертеді. Соңында бұл іс үкіметтердің назарға алған даму мен соған жету жолдарына нұқсан келтіріп, мемлекеттердің ілгерілеу бағытындағы әрекетін бұзады.

Бүгінгі әлемдегі БАҚ

Бірақ, басқа жағынан қазіргі ғасырда байланыстырушы және байланыс жолдауларын тасымалдаушы саналатын БАҚ-тың оң рөліне назар аудармай, ешбір мемлекет немесе үкіметтің даму мен халықтың өмірін жақсарту істеріне көмек көрсете алмайтынын мойындағанымыз жөн. Бұл бағытта БАҚ-ның маңыздылығы ұлттық, аймақтық және халықаралық саясатта өте жоғары болған. Сондықтан, БАҚ-тың әртүрлі функциялары мен оның дамудағы рөлі және қазіргі әлемдегі дамудың маңыздылығы бір келісімге келіп, нақты әрі лайықты шешім жолдарын ұсыну арқылы ілгерілеу жолында алға қадам басқаннан басқа шара жоқ.

Дамудың негізгі қиындықтармен қатар жүретін өте күрделі әрі көпқырлы ұғым екенін айтқанымыз жөн. Бірақ, ол анықтамалардың барлығы бірнеше аспекттің аясында шоғырланған. Солардың бірі – өзгеріс. Ілгерілеу дегеніміз қазіргі қалыптың сындарлы өзгерісі. Ілгерілеу саяси, әкімшілік, мәдени, экономикалық және т.б. салалардағы дамуды қамтиды. Егер дамуға байланысты анықтамалардың басым бөлігінен экономикалық, мәдени-әлеуметтік қырларды назарға алсақ, даму – өсумен қатар жүретін ілгерілеу, яғни прогрестің бір түрі ретінде қарастыру және тұрақты да сапалы түрде қалыптасу дегенді білдіреді. Сондықтан, тұрақты даму дегеніміз қазіргі кез бен келешектегі қажеттіліктер арасындағы логикалық байланысты қалыптастырады. Тұрақты даму адам өмірінің сапасын жоғарылату арқылы адамдардың қажеттіліктері мен ризашылығын үнемі қамтамасыз етіп отыратын ілгерілеуді назарға алады.

Жоспарланған және қадағаланатын дамудың көкжиектеріндегі ең маңызды мүмкіндіктердің бірі –бұқаралық ақпарат құралдарына басымдық беру. БАҚ ұлттық дамуды, содан кейін аймақтық дамуды жоспарлауда дұрыс мақсат қоя білуді қажет етеді. БАҚ аймақтық және ақпарат құралын басқарушы мемлекеттің барлық потенциалын пайдалану арқылы ойлану бөлмесі немесе басқа кез келген атаумен ақпарат құралының мақсаттарына жоспарлау негіздерін басымдық негізінде орналастырып, оны ауқымды деңгейде іске асыруы тиіс.

Сонымен қатар, басымдық негізінде тәртіпке келтіру басым және осал тұстарды, мүмкіндіктер мен қауіптерді толық танып-білу деген сөз. БАҚ басшылары мен осы сала мамандарының бас қосып, пікір аламасуы ақпарат құралдарының даму жолындағы жоспар мен бағдарламаларын ұсынудағы үлкен жоспардың алғашқы қадамы болып табылады.

Маусымның 5-7 күндері Қытайдың Шандунь облысының Циндао қаласында 14-ші Азия медиа саммиті өткен болатын. Саммиттің биылғы ұраны "БАҚ  әлемдік дамудың алдыңғы шебінде" деп жарияланды. Саммитке қатысушылар ақпарат құралдарын дамыту ісін ұйымдастыру жолдары, БАҚ жауапкершілігі мен әлемдік мәселелер, ұғымдар, мазмұн және форма және ауа райының өзгеруі мен табиғи апаттардың жоғары қаупі жөнінде сапалы бағдарлама жасаудың стратегиясы туралы пікір алмасты.

14-ші Азия медиа саммиті

Бұл отырысты ұйымдастыру құқығын былтыр Оңтүстік Кореядан қабылдап алған Қытай Халық Республикасының Фильм және Телерадио басқармасы өткізді. ҚХР мұның алдында 2010 жылдың мамыр айында Бейжің қаласында осы саммиттің ұйымдастырушысы болған еді. Ол саммитке ақпарат құралдары мен телеарналардың 600-ден астам өкілі қатысқан болатын.

Ақпарат құралдары мен телеарна технологиясы, БАҚ-тың әлемнің дамуы мен мемлекеттердің ілгерілеу жолдарын қалыптастырудағы алатын рөлі, БАҚ жауапкершілігі мен әлемдік мәселелер, ақпарат құралдарының бесленді не сылбыр болуы, БАҚ-тың кедейшіліктің көзін жою мен қоғамның әлсіз топтарына көмектесудегі рөлі, ақпарат құралдарының әлемдік және аймақтық бейбітшілікті ілгерілетуде атқаратын рөлі, БАҚ пен климаттық өзгерістер, ақпарат құралдарының атсалысуы, мүмкіндіктер мен 2017 жылдағы телеарналық сыйлықтармен марапаттау саммиттің ұйымдастырылуы кезіндегі ең маңызды мәселелері мен тақырыптарының қатарын құрады.

Азия ақпарат құралдарын дамыту институтының 1977 жылы негізі қаланып, оның негізгі мақсаты мүше елдерді дамыту болды. Бұл институт білім беру функциясына ие болғандықтан БАҚ-тағы маман күштердің деңгейін көтеру үшін жұмыс істейді. Сол себепті бұл одаққа ақпарат құралдары мен медиа тұрғысынан дамыған елдер, атап айтқанда Жапония, Корея, Иран және ҚХР мүше.

Мүше елдер арасындағы білім мен технологияларды айналымға салу осы ұйымды құрудағы негізгі мақсат саналады. Азия Телерадио бірлестіктерін дамыту институты негізгі және қосалқы мүше елдердің қатысуымен жылына бір рет отырыс өткізеді. Олар өздерінің бір жылдық атқарған жұмыстары туралы баяндама жасап, келесі жылға арналған жоспарлары мен бағдарламаларын зерттеп, бекітеді.

Иран Ислам Республикасының Телерадио бірлестігі 1192 жылдан бері осы ұйымның мүшесі болып табылады. Бұл салада белсенділік танытып, әрекет етіп келеді.

Иран Телерадио бірлестігінің басшысы Али Аскари Азия медиа саммитінің Бас асамблеясының төрағасы ретінде 14-ші Азия саммитінде: "Қазіргі таңда әлемнің әртүрлі жерінде соғыс, қауіпсіздік, әсіресе лаңкестік секілді қатерлі құбылыстармен бетпе-бет келіп отырмыз. Бұл құбылыстар адамзат қоғамдарының бір-бірімен бейбіт қатар өмір сүруге байланысты толық дамымағандығын көрсетеді",- деді. Ол Лондон мен Кабулдағы лаңкестік шабуылдарға, ондаған күнәсіз адамның жарақаттанғанына сілтеме жасап, сол оқиғаларға өкініш білдірді. Али Аскари бұл отырысты жиырма бірінші ғасырда Азия мен Океания мен әлемдегі маңызды БАҚ-қа қатысты түйткілдер мен тақырыптар жөнінде сұхбаттасып, пікір алмасып және сындарлы әрекеттестік үшін қолайлы мүмкіндік деп атады.

Али Аскари 14-ші Азия медиа саммитінде

Иран Телерадио бірлестігінің басшысы ғаламтордағы ақпарат құралдарын оңтайлы пайдалануды жоғары деңгейге жеткізу мен оның зияндарын барынша төмендетуді адамзат баласы қоғамдарының мақсаттарының бірі деп атады. Ол әлемнің жер-жеріндегі әлеуметтік-экономикалық  дамуға тоқталып: "Бұқаралық ақпарат құралдары осындай өзгерістердің орын алуында маңызды рөл атқарады",- деп баса айтты. Али Аскари байланыс және ақпарат революциясы мен әртүрлі қоғамдардың бір-біріне жақындаса түсуі және олардың күннен-күнге артып бара жатқан өзара әрекеттестігі мен байланысына сілтеме жасап: "Осы тақырыптарға байланысты адамзат қоғамының әрбір мүшесінің терісінің түсі, нәсілі мен дініне қарамастан бейбіт қатар өмір сүру қажеттілігі  бүгінгі таңдағы әлемдегі дамудың негізгі тіректеріне айналған",- деді.

Али Аскари осы сапары барысында ҚХР Ақпарат, баспасөз және Телерадио министрімен кездесіп, екі ел арасындағы қарым-қатынастардың дамуы мен мәдени ортақ тұстары және Иран мен ҚХР арасындағы БАҚ саласындағы қатынастарды кеңейту жөнінде сұхбаттасты. Сонымен қатар, осы саммит аясында Али Аскари саммитке қатысушы кейбір елдердің Медиа орталықтарының басшыларымен кездесу өткізіп, ортақ тақырыптар аясында сұхбаттасты. Қытай мемлекеттік телеарнасының (CCTV) әртүрлі техникалық бөлімдері, студиялары мен сандық архив бөлімдері мен Бейжіңнің атақты әрі жабдықталған кино қалашығын көру, Қытайдың ұлттық ақпарат арнасы мен дерекқор базасы, сервер, аппараттық және бағдарламалық құралдар, виртуалды кеңістіктегі фильм мен видео салаларында жұмыс жасайтын ең ірі компаниялардың бірі TENCENT компаниясын көру Иран Телерадио бірлестігі басшысының осы сапарының бағдарламаларының қатарына жатады.

Иран Телерадио бірлестігі

Али Аскари бұл кездесуде Иран Телерадио бірлестігінің ішкі және әлемдік деңгейдегі әлеуеттеріне тоқталып: "Иранда 63 телеарна, 81 радио, 30-дан аса қуаты аз және қуаты көп таратқышы бар 7000 жерүсті хабар тарату стансасы жұмыс жасайды",- деп мәлімдеді.

Ол соңғы жиырма жылдың ішінде Иран Телерадио бірлестігінің қоржынынің 500-ден астам көп бөлімді сериал, 600 телефильм және 70 сериалмен толықтырылғанын айтып: "Қазіргі кезде лайықты шетел сериалдарын да арнадан көрсетіп жүрміз",- деді.

Тегтер