Корея түбегінің дағдарысы Қытайдың мықты тұсы ма, әлде әлсіз тұсы ма?
(last modified Sun, 29 Oct 2017 14:21:01 GMT )
Қаз 29, 2017 20:21 Asia/Almaty
  • Корея түбегінің дағдарысы Қытайдың мықты тұсы ма, әлде әлсіз тұсы ма?

Қытай үкіметінің әсіресе шамамен 10 ай бұрын Дональд Трамптың АҚШ Президенті ретінде Ақ үйге кіргеннен бергі маңызды дағдарыстарының бірі Корея түбегінің дағдарысы болып отыр. Солтүстік Кореяның ядролық зымырандық сынақтары бір жақтан, АҚШ-тың Бейжіңге қарсы қысымдары басқа жақтан Қытайды аймақ дағдарысын басқару саласында қиын жағдайға тіреді. Сондықтан, саяси топтар «Солтүстік Корея Қытайдың мықты тұсы ма, әлде осал тұсы ма? деген сұрақты көтеруде.

 

1951-1953 жылдар аралығындағы Корея түбегіндегі соғыстардан кейін Солтүстік Корея мәселесі әрқашан АҚШ-тың саясаттарына, Бейжің мен Вашингтонның қарым-қатынастарымен байланысты болды. 1958 жылға дейін Қытай Солтүстік Кореядағы өзінің әскери күштерін сақтап қалды. Содан кейін Солтүстік Кореяны АҚШ-тың аймақтағы ықпалына қарсы стратегиялық шатыр ретінде пайдаланды. Қытай ресми түрде коммунистік мемлекет болып танылмаған. БҰҰ-ның дауысы Тайваньның ықтиярында болған кезде Солтүстік Корея Қытайдың жалғыз одақтасы болды. «Қырғи-қабақ» соғысы мен екі полюстік әлем пайда болған жағдайда Пхеньян Бейжіңнің ең жақын одақтасы болды. Өткен ғасырдың 60-шы жылдарының басында АҚШ пен Кеңес Одағы арасындағы Кубадағы зымырандық дағдарыста және 1962 жылдағы Қытай мен Үндістан арасындағы қайшылықтарда Солтүстік Корея Қытайды қолдады. Кеңес Одағы ыдыраған соң Солтүстік Корея Қытайдың коммунистік жүйесіне жақындығын қорғап, Солтүстік Кореяны АҚШ-қа қарсы құрал ретінде пайдалануда. Корея түбегінің дағдарысы Дональд Трамптың президенттік кезеңінен бұрын АҚШ-тың Шығыс Азиядағы әсеріне қарсы Қытайдың мықты тұсы болды. Осы кезде де бұл жағдай жалғасуда. Бірақ, Солтүстік Кореяның ядролық сынақтары АҚШ-тың Қытайға қарсы қысымдарын арттырды. Ресейдің әскери мәселелер эксперті Александр Храмчихин: «Қытай АҚШ-тың Солтүстік Кореяға қарсы талаптарына сай әрекет етпейді. Қытай Солтүстік Кореяны Вашингтоның қолына түсірмей ұстауды және Солтүстік Корея түбегінің дағдарысын Қытайдың мүддесіне шешуді мақсат етеді»,- деді.

АҚШ Жапония және Оңтүстік Кореямен бірігіп, мықты әскери құзырын сақтап қалуға әрекет жасап отырған жағдайда Қытай Солтүстік Кореяны пайдаланып, аймақтағы күш-қуат теңгерімін сақтауға талпынуда. Яғни, Солтүстік Корея Жапония мен Оңтүстік Кореяның қауіпсіздігіне қауіп-қатер тудыра алады. Бейжің үкіметі де шиелініскен дипломатияны пайдаланып, Корея түбегінің дағдарысын ең жақсы түрде 2011-ші жылдан кейінгі АҚШ-тың аймақтағы саясаттарына әсерін тигізу үшін пайдаланып, ұпайға ие болмақ. Өйткені, АҚШ-тың бұрынғы президенті Барак Обама Вашингтонның аймақтық стратегиясын Азияға, әсіресе көне құрлықтың шығысына шоғырлану деп жариялап, аймақтағы америкалық күштердің санын көбейткен болатын. АҚШ-тағы саяси мәселелердің эксперті Матиас Дембинский: «Шығыс Азиядағы АҚШ-тың әскери құзырының күтпеген салдарлары мен  ықтималды соғысқа байланысты дағдарысты шешетін ақылға сай жол іздеу керек»,- деді. 

Солтүстік Кореяның Қытай үшін пайдалы болуы Қытайдың бұл елді Тайвань мен Тибет мәселелеріндегі өз мүддесін қамтамасыз етуге пайдалануына байланысты. Саяси топтардың көбі Солтүстік Кореяның дағдарысын Тайвань мәселесімен байланысты деп санайды. Осыған орай бұл топтар Тайвань дағдарысы Қытайдың пайдасына аяқталып, бұл арал отанына қосылғанша, Қытай Солтүстік Кореяның ядролық және зымырандық мәселелерін шешу үшін шынайы шара қолданбайды, Қытай мен АҚШ экономикалық салада ынтымақтастық еткендерімен геополиткалық салада бір-бірімен бақталас және қысым көрсету үшін кез келген құралды пайдаланады деп санайды. Ұлыбританиядағы Азия мәселелерінің сарапшысы Марк Алмонд: «АҚШ Солтүстік Кореямен соғысудың өзіне қол салу екенін жақсы біледі. Екі елдің басшылары бір-біріне кейін шегінуді қиындататын сөздер айтуда»,- деді. Көпшіліктің пікірінше, Қытай БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты мүшесі ретінде бұл кеңестің басқа мүшелері сынды саяи және қауіпсіздік саласында ықпал ететін аймаққа ие емес. Солтүстік Корея – Шығыс Азия аймағында Қытай ықпал ететін жалғыз мемлекет. Сондықтан «Глобал таймс» газеті «Қытай жуырда АҚШ-тың аймақтағы соғысқұмар саясаттарының салдарлары туралы ескертуімен бірге, егер Вашингтон Солтүстік Кореяның  жүйесін өзгерту мақсатында аймақта соғыс бастаса, Қытай да бейтараптықты қойып, АҚШ-тың алдын алатынын, сондықтан бұл елдің Қытайдың мүдделерін қатерге тіремеуі керектігін ескерткенін жазды. Вена университетінің ұстазы әрі саяси мәселелердің эксперті Родригер Франк: «Геополитикалық салдарларға қарамағанда, Корея түбегіндегі кез келген ықтималды соғыс бұл аймақты қиратып, миллиондаған мүрдеден басқа еш нәрсе қалдырмайды»,- деді. Сондықтан, АҚШ-тың Солтүстік Кореяға қарсы қысымдарының артуы мен Солтүстік Кореяның зымырандық және ядролық сынақтарын жалғастыруына қатысты жағдайды бақылауға алу үшін Қытай екі жақты ұстамдылыққа шақырды. Мұндай жағдайда Батыстың кейбір саяси топтары Пхеньянның зымырандық және ядролық сынақтарын жалғастыруын  Солтүстік Корея басшысының Қытайға бағынбауының нәтижесі деп көрсетіп, Пхеньян мен Бейжің арасында қайшылық тудырып, Солтүстік Кореяға әскери шабуыл жасауға жағдай тудыруға талпыныс жасауда. Америкадағы Азия мәселелерінің маманы Даглас Поль: «Солтүстік Кореядағы Қытай әсері шектеліп келеді, өйткені бұл мемлекет Қытайдан нұсқау алғысы келмейді. Пхеньян Қытайды пайдаланғанымен, Бейжіңнің кеңестерімен өмір сүруді қаламайды» деді. Қытай Еуропа мен АҚШ-тың Солтүстік Кореяға санкцияларды күшейту мақсатының Бейжіңге қысым көрсету екенін жақсы түсінеді. Өйткені, Солтүстік Кореяның сауда қарым-қатынасының 70 пайыздан астамы Қытаймен байланысты. Қытай Солтүстік Кореяны азық-түлік және отынмен қамтамасыз ететін ел. Солтүстік Корея Қытайдан көмір сатып алады. Сондықтан Қытай АҚШ-қа Қауіпсіздік кеңесінің Солтүстік Кореяға қарсы қарарларын Американың соғысқұмар саясаттарын іске асыруға кедергі жасау үшін орындайтынын сан рет мәлімдеген болатын. Бейжің үкіметі өз ықпалы жүретін Солтүстік Кореяны АҚШ пен аймақтағы оның одақтастарынан қорғайды. Бұл мәселе АҚШ-тың қоқан-лоққылары алдындағы Пхеньяның жағдайын жеңілдетті.