Отбасын жоспарлау – адамның құқығы
(last modified Mon, 23 Jul 2018 13:54:18 GMT )
Шіл 23, 2018 19:54 Asia/Almaty

1979-шы жылдың шілде айының он бірі күні жер бетіндегі бес миллардыншы азамат дүниеге келді. Сол кезде БҰҰ-ның Бас хатшысы Хавьер Перес де Куэльяр әлем халқы санының артуына алаңдаушылық білдіріп, дүниеге келген бұл адамды әлем тарихындағы маңызды оқиға деп атап, білім, медицина және әлемуметтік салаларға бұрынғыдан көбірек назар аудару қажеттігін қуаттады.

Сол кезден бері БҰҰ әртүрлі ұйымдар мен дүниежүзі халықтарын саны артып келе жатқан халықтың мәселесіне қатысты ынтымақтастық жасау үшін шілденің он бірін «Бүкіләлемдік халықтың саны күні» деп атады.

БҰҰ-ның халықтың саны жөніндегі ұйымы 2017-ші жылға дейін адамзат тарихында дүниеге келген адам санын шамамен 108 миллиард деп жариялады. Осы мәліметтер бойынша 1804-ші жылы әлемде шамамен бір миллиард адам өмір сүрді. 1927, 1960 және 1974-ші жылдары әлемдегі халық саны тәртіппен екі, үш және төрт есе артты. Соңғы мәліметтер бойынша 2017-ші жылдың басында дүниежүзі халқының саны шамамен 7 миллиард 285 миллион адамды құрады. Бұл статистика адамзат тарихының бүкіл халқының осы кезде 1/15 бөлігінің өмір сүріп жатқанын көрсетеді. Бүкіл халықтың 60 пайызы Азия құрлығында, соның ішінде 20 пайызы Қытай Халық Республикасында, 17 пайызы Үндістанда өмір сүреді. Яғни, әлемдегі әрбір үш адамның біреуі немесе одан артығы қытайлық немесе үнділік азамат. Дүниежүзі халқының 12 пайызы Африкада, 11 пайызы Еуропада өмір сүреді. Шамамен 13 пайызы – Солтүстік және Оңтүстік Американың азаматтары. Италияның Рим қаласының ортасында орналасқан 800 азаматы бар тәуелсіз үкімет Ватикан  мен 9378 азаматы бар Науру әлемнің ең аз санды мемлекеттері саналады. Қытай, Үндістан, Америка, Индонезия, Пәкістан мен Бразилия елдерінде әлем халқының шамамен жартысы орналасқан. Жарияланған мәліметтер бойынша орта есеппен әлем халқының саны әр минут сайын 150 адамға артады. Халық санының арту үдерісі осылай жалғасатын болса, БҰҰ мамандарының болжамдары бойынша, 2050-ші жылға дейін әлем халқының саны  9 миллиард 800 миллион адамға жетеді. Статистика бойынша әлем халқын санының артуының жартысы Үндістан, Нигерия, Пәкістан, Конго, Эфиопия, Танзания, Индонезия және Уганда елдерінде орын алады. 2022-ші жылға дейін Үндістан халқының саны Қытайдан артады.

Африка құрлығында халықтың саны екі есе артады. Францияның демографиялық зерттеу ұйымы алдағы үлкен өзгерістердің бірін Африка халқы санының артуы деп атады. Қазіргі кезде әлем халқының әр алты адамының біреуі Африкада өмір сүрсе, келешектегі бір ғасырдың ішінде әр үш адамның біреуі Африкада өмір сүретін болады. СПИД ауруының таралуына қарамастан 2017-ші жылы Африкада 1 миллиард  200 миллион адам өмір сүрген болса, халық санының арту үдересі осылай жалғасатын болса, 2050-ші жылы бұл құрлықта  екі жарым миллиард, 2100-ші жылы 4 миллиард 400 миллион адам өмір сүреді деген болжамдар айтылуда.

БҰҰ өз есебінде әлем халқының саны артуының себептерінің бірін әлемдегі өмір сүруге деген үміттің  артуы деп атады. Бұл есеп бойынша, өмір сүруге деген үміт 1990-шы жылы 65 жыл болса, 2010-шы жылы 70 жасқа жетті, 2045-ші жылы 75 жасқа жетеді. Дамушы елдердегі балалар өлімінің азаюы дүниежүзі халқы санының артуының келесі себебі деп жарияланды. Францияның демографиялық зерттеу ұйымының зерттеушісі Жиль Пезон: «Жалпы алғанда әлем бойынша туу көрсеткіші төмендегенімен, әлемнің әртүрлі аймақтарында бұл көрсеткіш әр түрлі.  1950-ші жылы әр әйелдің  орта есеппен бес перзенті болса, осы кезде бұл көрсеткіш екі жарым баланы құрайды. Қазіо Тайвань мен Оңтүстік Кореяда туу көрсеткіші ең төмен деңгейде, нақты айтқанда әр әйелдің 1,2 баласы бар, Нигерияда бұл көрсеткіш ең жоғары: әр әйелдің 7,3 баласы бар. Орта есеппен алғанда әр әйелдің үш баласы бар деп саналатын мемлекеттер туу көрсеткіші жоғары елдердің қатарына жатады. Бұл елдерге барлық африкалық елдер, Арабстан түбегіндегі бірнеше мемлекет пен Пәкістан және Ауғанстан сияқты азиялық елдерден Үндістанның солтүстігінде дейінгі елдердің тобы кіреді. Осы  елдердің арқасында келешекте әлем халқының саны артады. Керісінше дамушы елдер халқының санының аздығы немесе төмендеуіне байланысты қиындықтармен бетпе-бет келіп отыр. Мамандардың пікірінше бұл мемлекеттердегі туу көрсеткішінің төмендеуі қарт адамдар санының артуына жеткізеді. Негізінде жас буын елдің ең маңызды факторы әрі ең маңызды қоры саналады. Кейбір мемлекеттер жастар санының азаюын шынайы зиян санайды. 2010-2015 ж.ж.  әлем халқының 46 пайызы өмір сүретін 83 елдегі туу көрсеткіші өз халқының орнын толтырудан төмен болды. Осыған орай бұл мемлекеттердің көбінде халық саны азаюының алдын алу үшін бала тууды қолдайтын бағдарламалар қарастырылуда.

Халық саны артып, осыған орай әртүрлі қиындықтармен бетпе-бет келген мемлекеттерде халықтың санын төмендету бағдарламалары жоспарлануда. «Water.org» вебсайтының мәліметі бойынша, бұл елдерде 663 миллион адам таза су тапшылығымен кезігуде. Сондай-ақ, «Әлемнің азық-түлік бағдарламасының» есебіне сәйкес, 2015-ші жылы 795 миллион адамның тіпті қажет азық-түлік сатып алатын мүмкіндігі жеткіліксіз болған. Халықтың 1,9 пайызы түнде аш ұйықтады. Күнделікті 25 000 адам дұрыс тамақтанбауы және азық-түлік тапшылығы салдарынан пайда болған аурулар салдарынан  өлімге ұшырауда. Соның 18 000 бес жасқа толмаған балалар. Шектеулі кеңістікті көптеген адамдардың арасында бөлу денсаулық пен гигиена салаларындағы  қиындықтарға, отбасындағы зорлық-зомбылықтарға, жұмыссыздық пен ауаның ластануына, қоғамдық  қыиндықтар мен қоғамдаға қақтығыстарға себеп болуда. Өткен он жылдықтардағы ұзаққа созылған соғыстар да халық санының артуы мен табиғи ресурстарға қатысты қайшылықтардың салдарынан туындады. Мұндай жағдай қазіргі таңда отбасыларда адам санын бақылауға алатын бағдарламалардың қажеттігін қуаттайды. Отбасын жоспарлау – әйел мен ердің міндеті. Міндеттерді дұрыс орындау отбсының саулығы, тұрмысының жақсы болуы мен тыныштығына себеп болады. Туу көрсеткішін  реттеу, қаламаған жүктілікті азайту, баланың қажет санына ие болу жүктіліктің аралықтарын белгілеуге жеткізеді. Үндістан мен Қытай сияқты кейбір мемлекеттер жүктілікті қадағалау мен перзенттер санының аз болуын тиімді жағдайға ие жолдардың бірі ретінде атайды. Алайда бұл бағдарламалардың нәтижеге жетуінде халықтың санын бақылауға алған кезде отбасылардың адам құқықтарына немқұрайдылық танытуға болмайды. 

1968-ші жылы Адам құқығы халықаралық конференциясында отбасылардың бала туу бағдарламалары адам құқығы ретінде бірінші рет расталды. Бұл конференцияның соңында жарияланған «Теһран мәлімдемесі» атты құжатта: «Ата-аналар перзенттерінің саны мен олардың арасындағы қашықтықты белгілеу саласында негізгі құқыққа ие. Олар бұл мәселеге қатысты өз еріктерімен шешім қабылдай алады. Сол себепті БҰҰ биылғы Бүкіләлемдік халық күнінің ұранын «Отбасының бағдарлама жоспарлауы – адами құқығы» деп атады. Отбасы мәселесіндегі кемсітушіліктің болмауы, отбасыға қажет заттарға ие болу, отбасы ортасында құрметтің болуы, олардың бұл саладағы мәліметтерінің құпия болуы, елдердің гигиеналық жағдайын жақсарту БҰҰ-ның отбасылардың құқықтарына қатысты қуаттаған  тақырыптардың қатарына жатады. Қазіргі таңда отбасылардың көбі халық санының артуы әрі мұрсат, әрі қоқан-лоққы бола алады деген нәтижеге жетті. Халқы жас, жақсы тұрмыс пен күш-қуат әрбір ел үшін мұрсат бола алады. Алайда, егер халықтың сапасы болмаса, оның артуы кез келген жүйе мен кез келген зиян келтіре алады. Бұл мәселеге көңіл бөлу қазіргі кезде отбасылардың бала туу туралы шешім қабылдауының маңызды факторы болып табылады.