Ақп 09, 2020 17:43 Asia/Almaty
  • «Фаджр» онкүндігі (6): Қоқан-лоққыны мұрсатқа айналдыру және өзін қамтамасыз ететін деңгейге жету – Ислам  революциясының мақсаты

Құран Кәрім Алла елшісінің жақтастарын бір жерде тоқтап қалмайтын, алға ілгерлейтін және Исламды әлемге тарататын күшті адамдар деп таныстырды. Бұл әрекет достарды қуандырып, дұшпандарды ызыландырады. «Фатх» сүресінің 29-шы аятында: «...бұл бас жарып, сосын қуаттанып, жуандап, өз сабағында тік тұрған егін сияқты. Бұл (мысал) егіншілерді таңырқатып, онымен кәпірлерді ызаландыру үшін..»,- деп айтылды.

Ирактың Иранға қарсы соғысы Екінші Дүниежүзілік соғыстан кейінгі әлемге ең көп қиратулар әкелген соғыс  болды. Бұл соғыс исламдық Иран тарихының мақтан тұтатын күндерге толы кезеңі болып табылады. Бүгін бұл соғыстың аяқталуынан бірнеше онжылдық өткенімен, Иран революциясы дұшпандарының қоршауы жалғасуда. Иран соғыс кезіндегі тәжірибесін пайдаланып, қатаң қоқан-лоққыларды мұрсаттарға айналдыруда. «Егер Аллаға (дініне) жәрдем етсеңдер, Ол сендерге жәрдем етіп, табандарыңды бекітеді (жеңіске жеткізеді)». Иран халқының қасиетті қорғанысы аяқталғаннан бірнеше онжылдық өткен соң, әлем қарсыластықтың жиһадшылдық басқаруы және жастардың күші мен ойына сүйене отырып, ерекше мүмкіндіктер туғызатындығын айқын көрді. Өткен қырық жылда билеп-төстеуші жүйе әртүрлі тәсілдерімен, олардың ішінде гибридтік соғысы арқылы исламдық жүйені әртүрлі дағдарыстарға итермелеп, өз революциясынан артқа шегіндіргісі келді. Бірақ исламдық жүйенің жетістіктері сыртқы және ішкі санкциялар мен қоқан-лоққылар және қысымдарға қарамастан Иранның қиындықтардан өтуімен бірге  жүйенің тиімділігі мен іскерлігін арттыру үшін қоқан-лоққыларды мұрсаттарға айналдырғанын көрсетті.

Құран Кәрім «Ниса» сүресінің 141-ші аятында мұсылмандардың тәуелсіздігінің маңыздылығына тоқталып: «..Алла кәпірлер үшін мүміндерге қарсы жол қоймайды»,- деді. Бұл аят исламдық қоғамда саяси, экономикалық, мәдени, әскери және асқа тұрғыдан жағдай мұсылмандар еместер билейтін болмауы керек екенін анықтайды.  

Экономикалық тәуелсіздікке жету мәселе Иран Ислам революциясы жеңісінің алғашқы күнінен баяндалды. Пехлеви режимі кезінен қалған басты экономикалық проблема Иранның экономикасының мұнай экспортының кірістеріне тәуелді болуы еді. Бұл тәуелділік Иранды дұшпанның санкцияларына тіреп, экономикасына үлкен шығын келтірді. Алайда дәл осы қиындықтар бұл мәселені шешуге себеп болды. Ислам революциясының жетекшісі: «Санкциялар мұрсат бола алады. Неге? Тәжірибе мұнай сынды табиғи ресурсы мол елдердің, бұл ресурсының экспортының кірісі төмендеген кезде экономиканы өзгерту туралы ойланып, бұл тәуелділіктен шығатын жолды іздестіре бастайтынын көрсетті»,- деді. 

Иран халқының Саддам режимі мен оның халықаралық демеушілері таңыған соғысы кезіндегі қасиетті қорғанысы Иран халқы үшін жетістіктер әкелді. Олардың бірі – өзіне сенім артып, тек өз күшіне сүйенуі. Аятолла Хаменеи бұл туралы: «Иә, соғыста біз көптеген жақындарымыздан айырылдық, көптеген материалдық және моральдық шығын көрдік. Бірақ халықтың өз нәпсісіне сүйенуі, ғиззаты мен тәуелсіздігі, сондай-ақ ұлттық сана-сезімі жоғары болды. Бұл қарсыласу егер халық Аллаға иман келтіріп, адал амал етсе, мұғжизалар бірінен соң бірі орын алатындарын көрсетті. Нәтижесіне өзіне сенім арту Иранның ғылыми-технологиялық салалардағы алға ілгерлеуіне, сондай-ақ басқа салаларда өзін қамтамасыз етуіне себеп болды.

ИИР өткен 30 жылдан артық уақыт бойы әртүрлі санкциялармен бетпе-бет келді. Әрине соңғы санкциялар Иран халқына көптеген қысым әкелді.  ИИР-ның халқы мен жүйесі арасындағы бірлікті ескере отырып, қиындықтар бұл елді өз қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін ішкі мүмкіндіктері мен отандық өндірістерге көбірек сенім артуға жігерлендірді. Ішкі ресурстарына көңіл бөле, Иран өз қажеттіліктерін мұнай құбырларынан басқа жерден қамтамасыз етуге талпынды. Сарапшылар батыстық қастықтарға қарамастан, ИИР 20 жылдық перспективада   экономикалық тұрғыдан аймақтың алғашқы экономикалық күшіне айналады деп үміттенеді.

Бүгінгі таңда Иран алыс қашықтыққа жететін зымырандары,  әскери және барлау ұшқышсыз ұшқыштары, әртүрлі, олардың ішінде сүңгуір кемелерімен, сондай-ақ кез-келген жеңіл және ауыр қарулармен ешбір елдің көмегісіз оларды өндіре алады. Сегіз жылдық қасиетті қорғаныс және оның тәжірибелері, ұлттың тұрақтылығы мен қарсыласуымен қатар, шаһид Теһрани Моқаддам сияқты адамдардың жиһадшылдық басқаруымен жетістіктерге қол жеткізді. Олардың бірі Иран дұшпандарының көз алдында тікенге айналған бұл елдің қауіпсіздігі болып табылады. Біздің қарсыласуымыз Құдайдың уәдесі бойынша нәтижеге жететінін білуіміз керек. Исламдық Иранның маңызды жетістіктерге жеткен тағы бір саласы - ядролық технология. Иранның ядролық технологиясы мен білімінің елдің ғалымдары мен мамандарының арқасында алға ілгерлеуі   Иранның жаңа ғылым мен технологияға жылдам көшетіндігінің  белгісі.  Бұл ғылыми талпыныстар АҚШ-сионистік режим және олардың кейбір одақтастарының көптеегн қысымдарымен бетпе-бет келеду. Бірақ мұның барлығына қарамастан, осы кезде исламдық жүйенің дұшпандары Иранның ядролық отын шығару білімге ие 10 елдің қатарына қосылғанын мойындауға мәжбүр болды.

Иранның исламдық жүйесінде экономикалық тәуелсіздік, яғни өзін-өзі қамтамасыз ету және халықаралық экономиканың құрылымдар мен әлемдік капиталистік жүйеге тәуелді болмау. Сөйтіп қана ел дағдарыстарға   қарсы  тұра алады. Осыған байланысты Иран билігі   өзін-өзі қамтамасыз ету үшін шынайы талпынып, парасатты жоспарлау арқылы елді ғылыми және экономикалық дамуға алып келді. Нәтижесінде алдыңғы қатарлы елдердің тауарлары және өнімдерімен бәсекелестікке шығып,   адамның білімін жетілдіруге жағдай жасалды. Бұл жүйе жылдар бойы жасалып келе жатқан қысысдар мен санкцияларға және қоқан-лоққыларға қарамастан өз аяғында тұрып келеді.  Негізінде осы кезде ИИР діни жееткшісінің қырағы басшылығы және халқының белсенділігімен әлемнің ең тәуелсіз үкіметтерінің бірі болып саналады. Бұл елдің жүйе басшылары бөгде құдыреттердің мүддесі емес, қоғамның мәлихаты бойынша, елді басқаруда. Саяси сарапшылардың пікірінше, алпауыт құдыреттердің алаңдаулары Ирандағы билігінен айырылуынан ғана емес, одан маңыздылауы Ислам революциясының халықаралық сахнадағы зорлық-зомбылық жасаушыларға күдік-күмән тудырып, олардың  теңгерімін бұзуына байланысты.

 

Тегтер