Режеп айы – Алламен сырласатын ай
(last modified Fri, 06 Mar 2020 13:42:24 GMT )
Нау 06, 2020 19:42 Asia/Almaty
  •  Режеп айы – Алламен сырласатын ай

Алла Тағала: «Менің бұйрықтарымды орындап, маған жақындайтын адамға жақындаймын, менен кешіруді сұрайтын адамды кешіремін. Режеп айы – менің айым, пенде де менің пендем, рахымдылық менен. Бұл айда мені шақырған әр адамның шақыруын қабылдаймын, менен тілеген адамға - сұрағанын сый етемін, дұрыс жолға нұсқауды сұраған адамға - дұрыс жолды көрсетемін. Мен бұл айды өзім мен пенделерімнің арасындағы қатынастың құралы ретінде пайдаланамын».

Режеп айы көптеген қадір-қасиеттер мен жақсылықтарға ие жылдың ерекше айларының бірі. Бұл айда адамдар Аллаға жақындап, илаһи рақым пен кешірімнің самал желі кеңістікті жүрекке қонымды әтірге бөлейді. Режеп - жүрек мен жанды күнәләр мен немқұрайдылықтан тазартатын ай.

Режеп айында адамның мұрсатты Аллаға құлшылық етіп, ғибадат жасау үшін пайдаланып, ораза, зікір мен дұға сынды ғибадаттарына немқұрайдылық танытпай, бұл қасиетті айдың қадір-қасиеттерін түсінгені қандай жақсы.

Бұл айда "أَسْتَغْفِرُ اللَّهَ وَ أَتُوبُ إِلَیهِ" және " لا اله الا الله " деген зікірлерді айтып, «Тауһид» сүресін көп оқу көптеген жақсылық әкеледі.

Имам Садық (ғ.с.) хазірет Мұхаммадтың (с.ғ.с.): «Режеп айы менің үмбетімнің тәубе ететін айы, сондықтан бұл айда кешірім сұраңыздар. Алла Тағала кешірімді және мейірімді»,- деген сөзін жеткізді. Имам Казем (ғ.с.) де: «Режеп Алла Тағала жақсылықты бірнеше есе арттыратын және күнәләрді кешіретін ұлы ай. Сондықтан режеп айында бір күн ораза тұтатын әр адамды тозақтан бір жыл алыстатады. Бұл айда үш күн ораза тұтатын адам үшін жәннәт уәжіп болады»,- деген болатын.

Аллаға ғашық адамдар режеп айының берекесін пайдалану үшін бұл қасиетті айдың, әсіресе «ақ күндер» кезеңіндегі сәттеріне ерекше көңіл аудару қажет. Режеп айының бірінші жұмасының алдындағы түн үлкен ұпайға ие. Исламның ұлық пайғамбары: «Періштелер «Ләйлат ул-рағайеб» (армандар түні) деп атаған режеп айының бірінші жұмасының алдындағы түнге немқұрайдылық танытуға болмайды. Өйткені бұл түннің үштен бір бөлігі өткен кезде, періштелер Қағбаның қасына жиналады, сол кезде Алла оларға: «Періштелерім, тілегендеріңді менен сұраңдар»,- деді. Періштелер: «Уа, Алла, біз режеп айында ораза тұтушыларды кешіруді сұраймыз»,- деді. Алла Тағала: «Кешірдім»,- деп жауап берді. Әрине бұл сәттер тәубе етіп, мейірімді Жаратушыға оралу үшін ең жақсы мұрсат.

Режеп айының рухани және өзгеріс әкелетін бағдарламаларының біріне бұл айдың 13-14-15-ші күндері жасалатын итикаф ғамалы жатады. Бұл күндер «әл-Беиз» кезеңі деп танымал. Бұл күндері ораза тұтып, басқа ғибадаттарды орындау туралы айтылған. Бұл күндері мұсылмандардың көбі мешіттерге жиналып, жүректерін шаң-тозаңнан босатып, таухид үйіне айналдырады.  Мешітте қалып, күндіз-түні ғибадат ету ғамалы «итикаф» деп аталады.  Итакаф, яғни мүміннің Жаратушысымен оңаша сырласып, жүрегін тазартуы жатады. Адамдар үш күн мешіттерде қалып, ғибадат жасап, Жаратушымен сырласады. Итикафқа кірген адам бірінші күннің таңғы азаңынан үшінші күннің мағриб азанына дейін мешітте қалады. Бұл кезең адамның немқұрайдылық таныту жағдайынан шығып, ойлануы және қырағылықпен өз өмірін жалғастыру үшін жақсы уақыт. Адам Алла, дін, дүние, табиғат, қиямет туралы ойланып, өз іс-әрекеттеріне есеп жүргізіп, жаннат пен оның нығметтері туралы ойланады. Алла елшісі: «Режеп айының ортасында (13,14 және 15 күндері) ораза тұтып, түнде намазға тұратын адам бұл дүниеден тәубе етіп кетеді»,- деген. Имам Садық (ғ.с.): «Режеп айының әл-Беиз кезеңінде ораза тұтқан адам үшін Алла Тағала ораза тұтқан әр күні үшін бір жілдің оразасы мен түнгі ғибадатының сауабын жазып, қиямет күні тозақ отынан аман алып қалады»,- деді.

Әл-Беиз күндері үшін ораза тұту және уәжіп намаздармен бірге сауабы мол мұстахаб намаздар оқу туралы да айтылған. Үш түннің ішінде режеп айының 15-ші түнінің қадір-қасиет көбірек. Бұл түн үшін ғұсл алу, түнде ғиабадат жасау, имам Хусейннің (ғ.с.) зияратын оқу (жақыннан оқу мүмкін болмаса, алыстан оқу), әр рекетінде «Хамд» сүресін және 10 рет «Тауһид» сүресі оқылатын 30 рекет намаз орындау ұсынылған. Режеп айының 15-ші күні де пенделер үшін тәубе етіп, кешірім сұрауға есіктер ашылған күн болып табылады. Бұл күні де ғұсл алып, имам Хусейннің (ғ.с.) зияратын оқу жөнінде айтылды. 

Исламның ұлық пайғамбары режеп айының ұлылығы туралы былай деді: «Алла Тағала жетінші аспанда Дааи періштені орналастырды. Режеп айы келген кезде бұл періште түн сайын таңға дейін «Бүкіл ерік-жігерімен Аллаға қаарй асыққан аадм қандай бақытты» дейді. Алла Тағала: «Менің бұйрықтарымды орындап, маған жақындайтын адамға жақындаймын, менен кешіруді сұрайтын адамды кешіремін. Режеп айы – менің айым, пенде де менің пендем, рахымдылық менен. Бұл айда мені шақырған әр адамның шақыруын қабылдаймын, менен тілеген адамға - сұрағанын сый етемін, дұрыс жолға нұсқауды сұраған адамға - дұрыс жолды көрсетемін. Мен бұл айды өзім мен пенделерімнің арасындағы қатынастың құралы ретінде пайдаланамын»,- деді».

Режеп айын құрметтеп, бұл айдың амалдарын орындайтын адамдарды «раджабиун» деп атайды. Алла елшісі мен пәк имамдардың рауаяттарында: «Қиямет күні періштелер: «Режеп айын құрметтетйін адамдар қайда?»- деп сұраған кезде, жамағаттың ішінен жүздері нұрланған және бастарында асыл тастары бар тәжі киген адамдар орындарынан тұрады. Олардың әр біреуінің оң жағынан мың періште және сол жағынан мың періште оларды құттықтайды.  Алла тарапынан: «Періштелерім, пенделерімді жәннәтқа енгізіндер»,- деген дауыс естіледі. 

Раджабиундар халықтың арасында атақ іздемей өмір сүретін адал пенделер. Режеп айы келген кезде, режеп айының мқлдір бұлағымен өздерін тазартып, немқұрайдылық, кек пен күнәдән таза жүрегімен өздерін илаһи рақым үшін дайындайды. Имам Хомейни режеп айы туралы: «Режеп айының қадір-қасиеттері сөз бен ой және ақылға сыймайды. Режеп – дұға мен тәубе айы, сондықтан бұл айда тәубе ету туралы көп ақыл-кеңес айтылды»,- деді.  

Қасиетті режеп айындағы ғибадаттарыңыз қабыл болсын!