Құран жолдаулары (4)
(last modified Wed, 06 May 2020 06:49:27 GMT )
Maм 06, 2020 12:49 Asia/Almaty
  • Құран жолдаулары (4)

Илаһи діндерде, әсіресе Ислам дінінде жанкештілік пен шәһадат мәдениеті құрметтеледі.

 

 

Илаһи діндерде жанкештілікке ерекше көңіл бөлінеді. Шәһадат – жанкештіліктің жоғары деңгейі. Ақыретке иман келтірген адамдар оны қолдайды. Құран Кәрімнің көптеген аяттарында жиһад жолында мал-жанын қиятын адамдар мадақталды. Бұл адам Алламен мәміле жасайды. Сондықтан оның сыйы – мәңгілік жаннат пен Алланың ризалығы. Алла Тағала «Тәубе» сүресінің 111-ші аятында:  «Күдіксіз, Алла мүміндердің жандарын, малдарын жәннәттен айырбастап алды. Олар Алла жолында соғысады, өледі және өлтіреді. Бұған байланысты хақ уәде Тәуратта, Інжілде және Құранда бар. Алладан артық уәдесін кім  орындайды? Ендеше бұл саудаласқан саудаларыңа қуаныңдар! Міне, осы ірі қол жетушілік»,- деді. Илаһи аяттар Алла елшісінің хабарларымен мұсылмандардың өміріне терең еніп, дұрыс жолға түсетін жолды көрсетеді. Айтылған аяттан Алла жолында жанкештілік жасауға шақыруды байқауға болады. Исламның басында Алланың алдындағы жиһад адамның кемелдіктің ең жоғары кезеңіне жететін көпір, шәһадат ғиззат және абыроймен өлу ретінде қолданды. Сондықтан шәһадат – адамзаттың өміріндегі ең жоғары құбылыс. Ол жарық нұр сынды зұлмат қоғамына жарық пен өмірді, жансыз жүректерге балғындық сыйлайды. Шәһид – адамзаттың жол шырағы. Шәһидтің құндылығы оның шындық пен әділет орнату үшін зұлымдық пен әділетсіздікке қарсы күресімен артады. Осыған орай шәһидтерді адам құқығы қаһармандары деп атауға болады. Шәһидтер жоғары ой-пікір мен мақсаттарға, Алланың алдында ерекше орынға ие және мұсылмандар құрметтейді. Жиһад құндылығына байланысты Исламның шыңы атанды. Жанкештілер илаһи әулиелердің қатарына енді. Хазірет Әли (ғ.с.): «Жиһад – жаннат есіктерінің бірі. Алла оны арнайы әулиелері үшін ашады»,- деді. Жаратушы бұл аятта оның жолында мал-жанын қиятын адамға жаннатты уәде етеді. Бұл уәде Құранда айтылғандай Таурат пен Інжілде де берілген болатын.

Исламдағы маңызды мәселелердің бірі – жауынгерлік пен жиһад мәдениеті. Жиһад тек соғыс майданына ғана қатысу емес. Дұшпанмен қарсыласу талпынысын да жиһад деп санауға болады. Негізінде Алла Тағала Алла жолындағы жанкештілік пен талпыныстарды, шындық пен әділетті қалыпастыратын және адамды зұлымдық пен күпірліктен құтқару жолындағы ешбір талпынысты ұмытпайды. Алла Тағала бұл үлкен мәмілесін қуаттау үшін: «...Алладан артық уәдесін кім орындайды?»- деді. («Тәубе» сүресі, 111-ші аят). Бұл мәміленің құны жылдам өтелмегенімен, Алла Тағала өз құдыретімен уәдесінде тұрып, еш уақытта ұмытпайды.  «Күдіксіз, Алла мүміндердің жандарын, малдарын жәннәттен айырбастап алды. Олар Алла жолында соғысады, өледі және өлтіреді. Бұған байланысты хақ уәде Тәуратта, Інжілде және Құранда бар. Алладан артық уәдесін кім орындайды? Ендеше  бұл саудаласқан саудаларыңа қуаныңдар! Міне, осы ірі қол жетушілік».

Аятолла Хаменеи бұл аят туралы: «Шәһәдат – таңғалдыратын түсінік... Шәһадат – Алламен мәміле жасау, екіжақты мәміле. Заты да, құны да белгілі. Бұл зат – өмір. Өмір, яғни материалдық дүниедегі әр адамның негізгі қоры. Бұл затты сізге сыйлаймыз. Оның орнына мәңгі бақыт, илаһи нығметтерге бөленген мәңгілік тіршілік.   Алла жолындағы жиһад үшін ұлы Алла жаннат пен өзінің ризалығын уәде етті. Бұл уәде Құранға дейінгі илаһи кітаптарда да айтылды. «Бұған байланысты хақ уәде Тәуратта, Інжілде және Құранда бар».

Тарих адамзаттың әрқашан соғыстарға куә болғанын көрсетеді. Бүлікші адам билік басына келген сайын бір немесе бірнеше халыққа шабуыл жасап, зорлық-зомбылығы және әділетсіздігімен әлемді дағдарысқа тіреді. Расында көп адамдар үшін «Неліктен бізге рақым діні деп таныстырған Ислам жиһадты баяндап, мұсылмандарға зорлық-зомбылық жасаушылармен шайқасуға рұқсат етеді?»  деген сұрақ туындайды. Шын мәнінде, Ислам дұшпандарды шабуыл жасау мен ол туралы ойлаудан алыстату үшін мұсылмандарды әрқашан өзін қорғауға және қажет әскери дайындыққа ие болуға шақырады. Бірақ егер дұшпан шабуыл бастаса, мұсылмандардың әскери жоғары дайындығы мен табандылығы оны соғысты жалғастырудан бас тартқызып, бейбітшілік туын көтертуі мүмкін. Бұл жағдайда мұсылмандар да келісімге келіп, соғысты тоқтата алады. Исламның соғыс пен бейбітшілік туралы көзқарасы халықтардың тәуелсіздігін сақтап, шапқыншылардың қылмыстарының алдын алуға негізделеді. Егер соғыс басталса, Ислам мұрсаттарды оны тоқтатуға пайдалануға кеңес береді. Ислам мұсылмандарға дәлелсіз немесе жерін кеңейтіп, билеп-төстеу үшін соғыс бастауға рұқсат етпейді. Ислам тарихындағы соғыстарды дұшпандар бастады. Бірақ ешбір ақылды адам дұшпанға оның өмірі, мүлкі және намысына  билік жүргізуге рұқсат етпейді. Шәһадат өлімнің бір түрі саналмағандықтан рационалды тіршіліктің сипаты саналады. Ақылды тіршілікті адам  ластықтан таза ортада өмір сүргісі, кемелдікке жеткісі келеді. Мүмін үшін өмірінің ең тәтті сәттері құлшылық ететін және жиһад сәттері саналады. Алла Тағала адамдарға жақсы хабар жеткізуші.