Қаз 05, 2020 17:29 Asia/Almaty
  • Шәһид  болуды талап ету - илаһи пайғамбарлар мен пәк имамдар өмірлерінің және имам Хұсейн (ғ.с.) көтерілісінің көрінісі

Тарих бойында шәһид болуды талап ету илаһи пайғамбарлар өмірінің бір бөлігі болып, олар үнемі шариғатты қоғамда тарату, үміттер арасында әділет орнату және илаһи діннің дұшпандарын залалсыздандырумен айналысты.

 

Пәк имамдар (ғ.с.) да  пайғамбарлардан үлгі алып, бұл мақсаттарына жету үшін ешбір әрекеттен бас тартпады және Алланың ризалығы үшін өздері мен жақындарының өмірін қиюға дейін барды. Имам Хұсейннің (ғ.с.) көтерілісі бұл қозғалыстың  көрінісі болды. Имам Хұсейннің (ғ.с.) өмірбаяны мен көтерілісі хазірет Әлидің (ғ.с.) және хазірет Әли (ғ.с.) өмірбаяны Алла елшісінің (с.ғ.с.) өмірбаянынан бастау алады. Имам Хұсейн (ғ.с.) Умайе билігіне қары көтерілісінің мақсатын атасы Исламның ұлық пайғамбары және әкесі имам Әлидің (ғ.с.) үмбетін өзгерту деп атаған болатын. 

Алла Тағала «Ибраһим» сүресінің аяттарында адамдарды дұрыс жолға нұсқау саласындағы пайғамбарлардың міндеті, сүннеті мен өмірбаянына тоқталады. Бұл сүренің 1-ші аятында халықты зұлыматтан шығарып, нұрға қарай жол көрсетуді пайғамбарлардың міндеттерінің бірі деп таныстырып, Пайғамбарына (с.ғ.с.): «Бұл Құран адамдарды, Алланың рұқсатымен, қараңғылықтардан жарыққа, сондай-ақ үстем әрі мақтауға лайық Алланың жолына шығаруың үшін біз саған түсірген бір Кітап»,- деді. Алла Тағала сондай-ақ «Ибраһим» сүресінің 5-ші аятында Пайғамбарына (с.ғ.с.) бұдан бұрын хазірет Мұсаға халықты қараңғылықтан нұрға қарай шығаруды бұйырғаны туралы айтып: «Расында Мұсаны: “Еліңді қараңғылықтардан жарыққа шығар. Алланың күндерін ескерт” деп, мұғжизалармен жібердік. Шәксіз мұнда; бейнетке сабыр етіп, нығметке шүкіршілік етушілер үшін өнегелер бар»,- деді. сонымен бірге Жаратушы «Хадид» сүресінің 25-ші аятында пайғамбарлар мен қасиетті кітаптың жіберілуінің мақсатын жерде әділе орнату деп жариялап: «Расында елшілерімізді ашық мұғжизаларымызбен жібердік. Және елшілермен бірге адам баласының әділ тұруы үшін Кітапты, мизанды (әр нәрсенің өлшеуін) жібердік. Сондай-ақ темірді пайда қылдық. Онда мықты күш әрі адамзат үшін қажеттер бар. Алла онымен дініне, елшілеріне көрмей-ақ көмек еткен кісіні мәлім етеді. Сөзсіз Алла, өте күшті, тым үстем»,- деді. Бұл аяттардан пайғамбарлардың набаватының мақсаты қоғамды нұрландыру және нұрландыру әділет негіздеріне сүйенуі керек. Халықты нұрландыру мен қоғамда әділет орнату үшін исламдық үкімет құруды қажет етеді. Исламдық үкімет құру әлем Жаратушысы тарапынан адамзатты дұрыс жолға нұсқауға, сондай-ақ бұл дүние мен ақыреттегі бақытқа жеткізуге  міндеттелген илаһи басшыны қажет етеді.

Құран Кәрімнің «Ағраф» сүресінің 157-ші аятында былай деп айтылды: «Олар, сондай жандарындағы Тәуратта және Інжілде жазулы жіберілген, сауатсыз Пайғамбарға ергендер. Ол, оларды жақсылыққа бұйырып, жамандықтан тыяды. Жақсы нәрселерді халал, жаман нәрселерді арам қылады. Олардың үстеріндегі ауыр жүктерді (түсіріп) шиелініскен нәрселерді шешеді. Енді соған (Мұхаммадқа (с.ғ.с.) сенгендер, олар оған құрмет етіп әрі оған көмек көрсеткендер сондай-ақ оған түсірілген нұрға (Құранға) ергендер, міне солар құтылушылар».  

Исламдық үкімет басшылары мақсаттарына жету үшін құлдырау мен шарықтаулардан өтіп, әрдайым Алладан көмек сұрайды. Сонымен бірге жоғары мақсаттарына жету үшін дұшпандар мен олардың қоқан-лоққыларынан қорықпаулары қажет. Өйткені олар өз істеріне шынайы иманмен орындап, өздерін тек бір аллаға тапсырады. Хазірет Ибраһим исламдағы тауһидтің алғашқы үлгісі ретінде өлімнен қорықпау және негізінде шәһид болуды талап етті. Хазірет Ибрахим ең жаман түрде өлтірілу, яғни отқа тастау қоқан-лоққыны естігенімен, қорықпады. Хазірет Алланың бұл оқиғадан хабардар және оны көріп отырғанына, сондай-ақ оны құтқаратынына сенімді болды. Хазірет Ибраһимнің пікірінше, өлім мен шәһид болу нұқсан емес. Бұл хазірет Ибраһимның шәһид болуды талап етуге деген көзқарасы болды.

Шәһидтер көшбасшысы имам Хұсейн (ғ.с.) де аталары сынды шәһид болуды талап ету рухқа ие болып, Алланың дұрыс деп тапқанына қанағаттанды. Сондықтан имам Меккеде Куфеге бет алудан бұрын сөйлеген сөзінде халықты шәһид болуға жігерлендірді. Имам Хұсейн (ғ.с.) мен имамның перзенттері дехазірет Ибраһимның жолын өтті. Имам Хұсейннің (ғ.с.) перзенттері Ашура оқиғасы ағымында көрген қиындықтарына қарамастан Амави әулетінің сұм саясатын сынаудан бас тартпады. Имам Хұсейннің (ғ.с.) ұлы имам Саджад (ғ.с.) Язидтің сарайындағы биліктің зорлық-зомбылығына қарсы сөз сөйлеп, өмірінің соңығы сәтіне дейін има Хұсейннің (ғ.с.) қозғалысы туралы мәліметтер таратып, имамның өзі мен қадірлі отбасы және адал серіктерінің зұлымдық көргендері туралы баяндады.

Имам Хұсейннің (ғ.с.) қозғалысы исламдық сипатты болды. Ислам – кемел дін. Хазіреттің көтерілісінің мақсаты – үмбетті жанжақты өзгерту болды. Хазіреттің әкесі мен атасының өмірі де исламдық үмбетті өзгерту еді. Алла елшісінің (с.ғ.с.) орынбасары болған имам Хұсейннің (ғ.с.) көтерілісі илаһи дінді жаңғыртуды көздеді және үмбетті кең ауқымды күрессіз өзгерту болмады. Имам Хұсейннің (ғ.с.) көтерілісі әлем халықтарына шындық пен жалғандық жүйесін көрсетті. Хазіреттің (ғ.с.) бұл мәселені түсіндіру үшін жанкештілік етуі және өмірі, перзенттерінің өімір мен мүлкін құрбан етуден басқа жолы болмады.

Қасиетті Құранда пайғамбарлардың өлімі туралы айтылды. Бұл аяттар тарих бойында бүлікшілердің шындықты жоюа талпынғандарын және шындықты талап етушілердің, яғни пайғамбарлардың олармен күресіп, бұл жолда жандарын қиғандарын көрсетеді.

«Бақаре» сүресінің 11-ші аятында: «Оларға: «Жер жүзінде бұзақылық қылмаңдар!»,- делінсе, олар: «Біздер түзеуші ғанамыз» дейді»,- деп айтылды.  Бұл аят бойынша, кейбір адамдар жер бетін өзгертушілер деп уәжденеді, бірақ негізінде бұзақы және мұнафық болады. «Әл-Имран» сүресінің 195-ші аятында: «Сонда олардың Раббылары тілектерін қабыл етті: «Шын мәнінде Мен сендерден еркек, әйел амал істеушілердің амалын зая қылмаймын. Бір-біріңненсіңдер. (Бәрің бірдейсіңдер.) Және сондай босқандардың, жұрттарынан шығарылғандардың және Менің жолымда жапа шектірілгендердің, соғысқандардың, өлтірілгендердің жамандықтарын жасырамын. Сондай-ақ оларды астарынан өзендер ағатын бақшаларға кіргіземін. Сыйлық Алланың қасынан. Әрине сыйлықтың жақсысы Алланың қасында»,- деп айтылды.

 

Тегтер