Қар 25, 2020 14:31 Asia/Almaty
  • Басидж – Иран Ислам революциясының миуалы ағашы

Езілушілердің ерікті жасағының құрылған күніне орай. Имам Хомейни (р): «Шынымен Хақ пен исламның қасиетті болмысына ықылас, махаббат, жанпидалық пен жанкештіліктің толық үлгісін көрсеткіміз келсе, басидж-ерікті жасақтан лайықтырақ кімді атай аламыз?».

Иран Ислам республикасының негізін қалаушы имам Хомейнидің (р) айрықша қасиеттерінің бірі – қырағылық пен көрегендік. Ол қабылдаған шешімдер мен ұстанымдардың дұрыстығы мен маңыздылығы уақыт өте келе айқындала түсетін. Иран Ислам революциясының жеңіске жеткенінен ұзақ уақыт өтпей жатып, ол революция мен елді қорғау үшін халықтық ұйым құрып, ерікті мүшелерді тәрбиелеу қажеттігін сезініп, х.ш.ж.с.б. 1358 жылы 5 азарда, сәйкесінше 1979 жылы 25 қарашада осындай ұйым құруға бұйрық берді. Ол кейіннен «Езілушілердің ерікті жасағы» деп аталды. 10 ай өткен соң  Саддам бастаған Ирак режимі Иранға әскери жорық бастаған кезде ержүрек басидждер теңдессіз рөл атқарып, имам Хомейнидің (р) әлгі бұйрығының тағдыр шешерліктей маңызды болғанын көрсетті. Ислам мен имам мектебінде тәрбиеленгендер ықылас, батылдық, руханилық пен халыққа жақын болу сияқты қасиеттерге ие бола отырып, жай ғана әскери күштен әлдеқайда мықты екендерін көрсетті. Сол себепті имам Хомейни (р) осы қалтқысыз жанкештілер туралы: «Шынымен Хақ пен исламның қасиетті болмысына ықылас, махаббат, жанпидалық пен жанкештіліктің толық үлгісін көрсеткіміз келсе, басидж-ерікті жасақтан лайықтырақ кімді атай аламыз?»,-деген.

Басидждер – Қасиетті қорғаныстың ержүрек батырлары

Басидж күштері жоғары қасиеттері мен теңдессіз ерекшеліктеріне байланысты сан рет имам Хомейни (р) мен оның орынбасары аятолла Хаменеи тарапынан мақталып, мадақталды. Осы екі тұлғаның басидж күштерінің жоғары орнына қатысты айтқан ең биік сөзі –  Құраннан алынған «شَجَرۀ طیّبه» - таза ағаш.  Имам Хомейни (р) «Ибраһим» сүресінің 24-25 аяттары негізінде басиджді таза, қалың әрі жемісті ағашқа теңеген. Осы нұрлы аятта былай деп жазылған: «(Мұхаммед Ғ.С.) көрмейсің бе? Алла қандай мысал берді: Көркем сөз, тамыры мықты, бұтағы көктегі бір көркем ағаш тәрізді.  Ол (ағаш) Алланың бұйрығынша, әр уақыт жемісін береді.». Аятолла Хаменеи адал басидждерді сипаттағанда осы аятқа сүйеніп: «Сендер (басидждер) имам Хомейни (р) өз қолымен жерге егіп кеткен сол пәк ағаштың тәтті жемісісіңдер. Ол ағаш әлі күнге дейін жеміс беріп келеді. Алла тағала айтқандай, «Қолайлы жер дайын және тұқым таза болса, өсімдік өспей тұрмайды. Яғни ешбір фактор оған зақым келтіре алмайды...» Басидж – осындай таза ағаш»,-деген.

Басидж – миуалы ағаш

Ислам революциясының жетекшісі айтқандай, имам Хомейнидің (р) Алла тағаланың ризалығы және халыққа қызмет ету үшін еккен басидж көшеті қазір діңі мықты, тамыры терең, бұтағы көп алып ағашқа айналған, ол әрдайым жаңа жеміс беріп, Иран халқы үшін береке мен ізгіліктің бастауына айналды. Басидж  осынау жоғары орынға  құнды илаһи қасиеттері, соның ішінде ықылас, руханилық, халықтық сипатта ие болу, революциялық қырағылық, діни хабардарлық, велаятты қабылдау, шыншылдық пен шынайылық, қарапайымдық, жанпидалық, табандылық, кез келген миссияны орындауға дайын болу және оны Алланың ризалығы үшін орындау сияқты қасиеттердің  болуына байланысты қол жеткізді.  Пәк ағашға теңелген бұл халықтық ұйым ирандықтарға құт-береке әкелумен қоса, басқа ұлттарға да үлгіге айналды. Бүгінде Иранның Басидждер ұйымынан шабыт алып, Ливан, Ирак, Йемен, Сирия мен басып алынған Палестина жерінде халықтық және революциялық мұджаһед күштер құрылды. Олар өз халқын қорғау және халыққа қызмет ету саласында көптеген жетістіктерге жетті. Әдетте ешқандай мадақ күтпей, Алланың ризалығы үшін жұмыс істейтін кез келген адам немесе ұйымға Алла ана дүниеде жоғары орын берумен қоса, мына дүниеде халық алдында мәртебесін арттырады. Сонда оның ісі жақсырақ әрі көбірек нәтиже беретін болады. Құранның түрлі аяттарында осы принципке сілтеме жасалған. «Әнам» сүресінің 160-аятында қайырымды істің жауабы 10 есе, «Зумәр» сүресінің 10-аятында Алла жолында табандылық пен сабырлық танытудың сауабы есепсіз делінген. «Фатыр» сүресінің 10-аятында құрмет беретін Алла ғана делінген.  Хазірет Әли (ғ.): «Халыққа ынсаппен қатынас жасаған әрбір адамның Алла мәртебесін асыратынын біліңіздер»,-деген.

Басидждердің мақрұм қалған алыс аудандардағы қызметі

 

Басидж күштерінің жоғары қасиеттері Саддам армиясының басқыншылығына қарсы 8 жылдық Қасиетті қорғаныс кезінде ең жақсы қалыпта көрініс тапты. Соғыстан кейін де түрлі қалыптарда, соның ішінде елді қайта қалпына келтіру, мақрұм қалған аймақтарға көмектесу, су тасқыны мен жер сілкінісі сияқты табиғи апаттардан зардап шеккендерге көмектесу, елдің қауіпсіздігін қорғау және тіпті бүкіл елді қамтуы тиіс вакцинация сияқты денсаулық сақтау саласының бағдарламаларын орындауға жәрдемдесуде көрініс тапты.  Коронавирус басталғалы бері шаршауды білмейтін осы халықтық ұйым түрлі салаларда аталмыш қауіпті вирусты ауыздықтауға талпынып жатыр. Осындай джиһадтық рух пен дайындық – ықылысты басидждің тағы бір белгісі. Аятолла Хаменеи бұл жайлы: «Мұджаһедат–талпыныс бар жерде басидж бар. Ғылым саласындағы талпыныс, саясат алаңындағы талпыныс, әлеуметтік белсенділіктер аясындағы талпыныс, халықаралық сахнадағы талпыныс... Талпыныстар жалғаса береді»,-дейді. Ол осы джиһадтық рухтың тармақтарын өзінің түрлі баяндамаларында былайша санамалап берді: «Міндет ретінде Алла үшін іс атқару, армандарды ұмытпау, барлық күш-қабілет пен әлеуеттерді пайдалану, үздіксіз әрі шаршаусыз құштарлана талпыныс жасау, жастарға сену және «Біздің қолымыздан келеді» деген принципке сену».

Басидждердің аятолла Хаменеимен кездесуі

Алайда басидж туралы маңызды жайт – құнды илаһи қасиеттерді сақтау және нығайту. Ислам революциясының жетекшісі осы жайтқа назар аударып, әрдайым мұны басидждердің есіне салып отырады. Ол үнемі барлық жастардың, әсіресе басидждердің ақлақтық және имани қасиеттерін нығайту және арттыру қажеттігін қуаттаған және оларға тақуалық пен руханилықты сақтау керектігін айтқан. Басқалардан мадақ немесе пайда күтпей ықыласпен жұмыс істеу – басидж күштерінің көрнекті сипаттарының бірі.  Ислам революциясының жетекшісі осы қасиетке ерекше назар аударып, мұны аталмыш революциялық ұйымның негізгі тұғырларының бірі деп атаған. Имам Хомейни (р) де осы жөнінде «Басидж – Алланың адал әскері» деген. Сондықтан ықылас басидждердің басты қасиеті болып сақталғанға дейін олардың ісі халық қолдайтын, Алла растайтын іс болып қала береді.

Қырағылық – басидждердің тағы бір көрсеткіші. Онсыз қаншалықты ықылас пен жанпидалыққа ие болса да, түрлі оқиғалар арасында адасып қалуы мүмкін. Аятолла Хаменеи осы жөнінде басидждерге: «Жолды айқындайтын нәрсе – қырағалық. Құрметті жастар, ардақты басидждіктер, елдің қай жерінде болсаңыздар да, қырағылықтарыңызды күн сайын арттырыңыздар. Кейбір материалдық қажеттіліктер мен шағын мәселелердің қырағылықтың алдын алуына жол бермеңіздер. Қырағылық сақтаңыздар да, дұшпандарды таныңыздар. Дұшпан түрлі айла-шарғы жасайды. Бұған алданбаған халық қана сәттілікке жетеді»,-дейді.

 

 

Басидждердің көрнекті сипаттарымен қоса, Аятолла Хаменеи заманауи ғылымды үйрену, виртуалды кеңістікте пайдалы да тиімді белсенділік жасауды да олардың міндеті деп атады. Басқа сөзбен айтқанда, ол басидж күштерінің жаңа технологиялар саласында да үздік болуын қалап: «Басидж бәрінен бұрын ғылым саласына кіруі керек. Сіздер ғылым мен технология салаларына, ғылыми инновацияға, ғылымның танылмаған салаларына кіріп, үздік позицияға ие болуларыңыз керек»,-дейді. Осылайша басиджден жоғары ақлақтық және революциялық қасиеттерге ие болумен қатар, Ислам революциясының армандары мен мақсаттарын орындау үшін елге қажетті жаңа салаларда белсенді қызмет атқару күтіледі.  Осылайша басидж күштері иман мен ғылым деген екі қанатқа сүйеніп, өздерінің ауыр да ауқымды міндеттерінің өдесінен шыға алады. Имам Хомейни (р) осындай адамдарды сипаттағанда басын иіп, былай дейді: «Мен әрдайым басидждердің ықыласы мен шынайылығына қызыға қарап, Алладан олардың мерейін асыруды сұраймын. Бұл дүниеде өзімнің де басидж екенімді мақтан тұтамын».

Тегтер