Ақп 22, 2021 16:55 Asia/Almaty
  • Имам Джавадтың (ғ.с.) өмір салтына шолу

Исламның ұлық пайғамбырның ұрпағынан шыққан имам Мұхаммад Тақидің (ғ.с.) туған күнімен құттықтаймыз!

Адамдар дұрыс өмір сүру үшін үлгіны қажет етеді. Басқаша айтқанда, ақыл мен аяннан туындайтын дұрыс және дұрыс емес нәрселерді білу ғана жеткіліксіз. Амалдары дұрыс адамдар адамзаттың мәңгі үлгілері бола алады. Сондықтан пәк имамдар адамдардың үлгілері болып табылады.

Хиджри-қамаридің 195 жылының  (сәйкесінше 810 жылы) раджаб айының 10 жұлдызында Алла Тағала Исламның ұлық пайғамбарының ұрпағынан шыққан имам Резаға (ғ.с.) қасиетті сәбиді сый етті. Имам Реза (ғ.с.) өзінен кейін халықты Исламмен, яғни  ата-бабасы хазірет Мұхаммадтың  (с.ғ.с.) тағылымдарымен таныстыруды жалғастыратын перзентінің дүниеге келгеніне қатты қуанды. Бұл сәби Мұхаммад деп аталды және ол  жомарт тұлға болып, мұқтаждар қоғамына көп көмек көрсеткені үшін «Джавад» деген лақаб атқа ие болды.

Адамдар өмірдің құлдырауы мен шарықтауы кезінде әрқашан кішіпейіл болып,  илаһи тағдырға бағынып, қарапайым болуы, сондай-ақ қиындықтардың алдында сабыр сақтап, Аллаға реніш білдірмей, керісінше шүкір етуі керек. Өйткені адамның жақсылықпен де, жамандықпен де кезігуі оның мүддесіне. Имам Джавад (ғ.с.) қиындықтарға шыдамдылық білдіріп, Жаратушының нығметтеріне шүкір ететін. Мұны хазіреттің сөзінде де, амалында да байқауға болады. Имам Джавадтың (ғ.с.) өміріне қысқа шолу жасасақ, хазіреттің көптеген қиындықтармен бетпе-бет келгенін, бірақ еш уақытта Аллаға наразылық білдірмегенін көреміз. Имам Джавад (ғ.с.) сабырды қиындықтардың және шүкірлікті күш-қуаттың сәні деп білді. Хазірет әрдайым қиындықпен апатпен бетпе-бет келген кезде сабыр сақтауды насихаттады.

Имам Джавадтың (ғ.с.) өмір салтындағы тағы бір маңызды ерекшелігі оның ақкөңілдігі және халықпен достық орнату көңіл-күйі болды. Мүміндер өзгелермен достық қарым-қатынас орнатуымен қатар   өздерін басқалар оларға оңай жақындай алатындай  және өзін қауіпсіз және дос ретінде сезінетіндей ұстайды.   Бұл қадір-қасиетті имам Джавадтың (ғ.с.) әлеуметтік өмірінен жақсы байқауға болады. Оның халық арасында танымал болғаны соншалық, оның аты аталған сайын жүректер онымен кездесуге деген құштарлыққа толатын. Осы тақырыпқа мысал бола алатын қызықты мысалдардың бірі -  Хейран Хадем Қератиси деген адамның оқиғасы. Ол имам Джавадтың (ғ.с.) имаматтық кезеңінде қажылыққа барды және оған жүрерден бұрын имамның (ғ.с.) қызметшілерінің бірінен оны имамен кездестіруді сұрады.  Мединада имамды көрген кезде, хазіреттің ұлылығы оған сондай әсер етіп, ол имам тұрған жерге баспалдақсыз көтерілгісі келді. Имам (ғ.с.) оған баспалдақтарды көрсетті. Ол имамның қасына жеткен кезде, амандасты. Имам амандасып, қолын берді. Хейран тыныштықты сезінді. Ол имамның қолын сүйіп, бетінде жақындатты. Имам оған отыруды ұсынды. Хейран хазіреттің әсеріне түсіп, қолын жібермей ұстап отырды. Имам Хейран тынышталып, қолын босатқанша күтіп, содан соң жағдайын сұрады. Бұл рауаят әлеуметтік өмірдегі маңызды қағидалардың бірін көрсетеді. Бүгінгі күні біз әлеуметтік қатынас саласында  осы қағидаға назар аударуымыз керек. Өкінішке орай, Батыс мәдениеті адамдарды бір-бірінен алшақтатып,    мейірімділік пен жанашырлықты жойды. Қазіргі әлеуметтік ортада адамдар өздерінің күнделікті қажеттіліктері мен мәселелерін шешуге  көбірек талпынадыі және басқалармен мейрім қатынас орнатуға мүмкіндігі аз. Сондықтан  пәк имамдардың (ғ.с.) сөздері мен әдептерінде көрінетін тәрбиелік ұстанымдардың құндылығы мен маңыздылығын бұрынғыдан да көп түсінуге болады. 

Мүміндердің бір-бірін зиярат етуі және жағдайын білуі имам Джавадтың (ғ.с.) ақыл-кеңестерінің бірі болды. Абдулазим Хасани Имам Джавадтың (ғ.с.) «Иманды бауырлардың бір-бірімен кездесуі, қысқа болса да, ақыл-ойдың өсуіне және нығаюына себеп болады» деген рауаятын айтып берген болатын. Сонымен бірге имам Джавад (ғ.с.)  зұлым адаммен қатынас орнатуға тыйым салып, оны сыртқы түрі әдемі, бірақ әсері жаман қылышпен салыстырды. Келісімге адал болу -  пәк адамдар сөзімен және іс жүзінде қуаттаған қоғамдық қатынастардағы жақсы және қажетті моральдық ерекшелік. Осыған байланысты қызықты мысал - имамның Әбу Тамама деген адамға сөйлеген сөзі. Ол имамға  Мекке мен Мединеге баруға ниетті екенін айтады, екінші жағынан, дін туралы сұрайды. Хазірет: «Дініңізді ұстаныңыз және   Алламен дінді орындамаған кезде кездесуге абай болыңыз. Себебі мүмін адам қиянат жасамайды»,- деді.

Хазіреттің зиаратнамасының үзіндісінде: «Сәлем саған, Аба Джафар, уа, Мұхаммад ибн Али, ол асыл, тақуа және адалдықтың көшбасшысы! Сәлем саған, уа, әділ, таза және барлық кемшіліктерден ада адам. Сәлем саған, уа, Алланың  орынбасары, сәлем саған Алламен құтқарылған тұлға. Сәлем, саған Алланың елшісі. Сәлем саған, уа, Алланың нұры»",- деп айтылды.

 

Тегтер