Maм 03, 2021 19:24 Asia/Almaty
  • Құлшылық түндері (2): Хазірет Әли (ғ.с.) шәһид болған күн

Хиджри-қамаридің қырықыншы жылының Рамазан айының 21 жұлдызының таңында мұқтаждарды жұбататын теңдессіз тұлға шәһид болды. Оның есімі - Әли (ғ.с.). Ол Алла елшісіне бірінші болып иман келтіргендердің бірі.

Таң енді білінді, азаншының дауысы қалада жаңғырды. Хазірет Әли (ғ.с.) ақырындап мешітке қарай бет алды. Мешітке енген кезде ұйықтап жатқан Ибн Молджамды көрді. Оны оятып, содан соң михрабқа тұрып, таң намазын бастады: «Аллаһу Акбар».  Мешітке жиналған халық тәртіппен қатарға тұрып, хазірет Әлидің (ғ.с.) артынан намаз оқуды бастады. Бірақ хазірет Әлидің (ғ.с.) сол күнгі үнсіздігі  олардың жүректерінде ерекше алаңдаушылық тудырды. Хазірет  Әли (ғ.с.) «Хамд» пен сүрені оқып, рукуһ жасады: «Субхан Рабби әл-Азим уа Бихамдеһ» («Аса ұлы Раббым күллі кемістік атаулыдан пәк, мен оны мадақтаймын»). Содан кейін ол кішіпейілділікпен рукуһтан тұрып, сәждесін жалғастырды. Жамағатпен намаз оқып тұрған адамдар да сәждеге жығылды, тек хазіреттің артында тұрған тасжүрек адам жығылмады. Бір мезгілде ол киімінің астынан қылышын алып шықты.  Хазірет Әли (ғ.с.) ғибадатын жалғастырды. Ибн Молджам улы қылышын көтеріп, бүкіл күшімен хазірет Әлидің (ғ.с.) басынан ұрып, маңдайына дейін жарып жіберді. Хазірет Әлидің (ғ.с.) «Қағбаның Алласымен ант етемін құтқарылдым» деген дауысы мешітте жаңғырықты. Аспан мен жер шайқалып, Жебрейілдің «Алламен ант етемін, басшылық тіректері сынды және тақуалық белгілері жоғалды» деген сөздері әлемді сілкіндірді.

Хиджри-қамаридің қырықыншы жылының Рамазан айының 21 жұлдызының таңында мұқтаждарды жұбататын теңдессіз  тұлға шәһид болды. Оның есімі - Әли (ғ.с.). Ол Алла елшісіне бірінші болып иман келтіргендердің бірі. Хазірет Әлидің (ғ.с.) шәһид болуы Алла елшісінің (с.ғ.с.) дүниеден озуынан кейінгі ең қайғылы оқиға болды. Хазіреттің шәһид болуымен қоғамның өмірі тоқтап, әділеттілік ұмытылып, адал теңдессіз тұлғасын жоғалтты. Сабыр мен әділеттің тірегі жерленген кезде, хазіреттің перзенті имам Хасан Моджтаба (ғ.с.): «Уа, халайық, кеше Алла Тағала илаһи жолдағы талпынысы тұрғысынан өткен кезеңде оның мәртебесіне жетпеген және келешекте  жете алмайтын адамды өз қойнауына қабылдады. Пайғамбар (с.ғ.с.) жиһад туын оған тапсырған, ол соғыс майданына қатысты. Жебрейіл оның оң жағында және Микаел сол жағында болатын. Ол дұшпанды жеңбей майданнан қайтпайтын. Бұл дүниеден кеткен  кезде Исламның басшысы болған тұлғадан тек 700 дерхам қалды.

Алла елшісінің сахабалары Пайғамбардың (с.ғ.с.) шағбан айының соңғы жұмасындағы Рамазан туралы сөзін ұмытпаған. Исламның ұлық пайғамбарының сөзінің соңында имам Әли (ғ.с.) қасиетті Рамазан айындағы еі жақсы амал туралы сұраған кезде, Пайғамбар (с.ғ.с.): «Бұл айдағы ең жақсы амал Алла харам еткен нәрселерден тартыну»,- деп жауап беріп, жылады. Имам Әли (ғ.с.) хазіреттен (с.ғ.с.) жылауының себебін сұрады. Пайғамбар (с.ғ.с.): «Әлижан, қасиетті Рамазан айларының бірінде ең тасжүрек адамның қолынан шәһид боласын»,- деді. Сол кезде хазірет Әли (ғ.с.): «Мен шәһид болған кезде дінім аман қалады ма?»- деп сұрады. Пайғамбар (с.ғ.с.): «Иә, дінің аман қалады»,- деп жауап берді. Имам Әли (ғ.с.): «Уа, Алла елшісі! Бұл мен үшін жақсы хабар»,- деді.

Алла елшісінің (с.ғ.с.)  мұрагері имам Әлидің (ғ.с.) шәһид болуы Қадір түні деп аталатын түндердін бірімен тұспа-тұс болды. Хазірет Әлидің (ғ.с.) халық Алладан жарқын келешек тілейтін түнде шәһид болуы адамдар үлгі етсін деп, оларға кемелді адамның бейнесін ұсынды. Хазірет Әли (ғ.с.) әділеттілікке төзе алмайтын кекшіл дұшпандардың қылышынан шәһид. Бірақ оның қадір-қасиетін ештеңе төмендете алмады. Имам Бақер (ғ.с.) сөздерінің бірінде былай деп айтқан: «Хазірет Әли (ғ.с.) перзенттері имам Хасан (ғ.с.) мен имам Хұсейннің (ғ.с.) алдында «Қадір» сүресін оқыды. Имам Хұсейн (ғ.с.) әкесіне: «Уа, әке, бұл сүрені ерекше оқыдыңыз»,- деді. Хазірет: «Перзентім, «Қадір» сүресі түскен кезде, атаң Алла елшісі (с.ғ.с.) бір адамды артымнан жіберіп, содан соң сүрені маған оқып, қолымен оң жақ жауырынымнан қағып: «Уа, бауырым, уа, менің орынбасарым! Менен кейін бұл үмбеттің басшысы болатын адам! Бұл сүре менен кейін сенікі, сене кейін екі перзентің Хасан (ғ.с.) мен Хұсейндікі (ғ.с.). Сондықтан оның нұры сенің және перзенттеріңнің жүрегінн имам Мәһдиге (ғ.с.) дейін жетеді»,- деп жауап берді». 

Рамазан айының өзі - үлкен мүмкіндік және олжа. Бұл айда адамдар үшін  үміт пен өмірдің жарығы жарқырайтын терезелер ашылады. Қадір түндері -  Рамазан айындағы үміт терезелер. Рамазан айының бірінші күнінен басталған адамдардың Жаратушысымен  байланыс орнатуы Қадір түндерінде өзінің шарықтау шегіне жетеді. Бұл түндерде адам мен Құдай арасында делдал болмайды, Алланың пенделері  илаһи нұрдың алдында бетпердесіз тұрады.  Қадір түндері құлшылық пен жалбарынудың хош иісіне толы. Қадір түнінде ең маңызды мәселе - ойлану және немқұрайлылық пен бекершіліктен аулақ болу. Мың айдан артық түні адамның өз тағыдыры туралы ойланып, өзінің күшті  және әлсіз жақтарын анықтаудан артық не бар. Бұл маңызды түнде адам бақытты жолға жету үшін  жақсы жоспар құра алады. Қасиетті айдың бұл сәттерінде адам өмірге деген көзқарасын жетілдіріп, жаңа белестерге жете алады. Осы қадірлі түнде Құран мен ұсынылған дұғаларды оқу адамның Алламен байланыс орнату тәсілі болып табылады.

Имам Садеқ (ғ.с.) Қадір түнінің қасиеті мен маңыздылығы туралы Әбу Басир атты серіктерінің біріне былай деп айтқан: «Қадір түнінде келесі жылдың тағдыры белгілі болады. Қадір түнің Рамазан айының 21-ші және 23-ші түндерінде ізде. Намаз оқыі, бұл екі түнді таң атқанша ғибадат жасап, ояу өткіз». Абу Басир: «Егер намазды тұрып оқи алмасам, не істеймін?»- деген сұрақ қойды. Имам (ғ.с.): «Отырып оқы, мүмкіндігіне қарай ғибадат жаса, өйткені аспанның есіктері ашық болып, шайтан жынжырға түседі және мүміннің амалдары қабылданады»,- деді.

Түннің құпияларымен  сөзсіз байланыста болған теңдессіз тұлға  хазірет Әли (ғ.с.) жылдар бойы  қараңғылықтың пердесін жабылған түндерді ғибадатпен айналысып, ояу өткізген. Бірақ Қадір түндерінде ол ерекше көңіл-күйге ие болды,    тіпті Медина мешіті су мен балшыққа толы болған ең қиын жағдайда да, хазірет  ғибадатын ұмытпай, түнді ояу өткізіп, дұға  оқып, Алламен сырласумен өткізді. Әсіресе өмірінің соңғы Қадір түнінде таңғалдыратын көңіл-күйге ие болды. 

Қадір түнінің ақиқатының бірін хазірет Әлимен (ғ.с.) танысу және бұл кемел үлгіге  деген сүйіспеншілікті нығайту  мүмкіндік деп санауға болады. Алла елшісінен (с.ғ.с.) кейінгі жердегі ең лайықты адамның шәһид болуы Алланың қалауы бойынша  Қадір түнімен тұспа-тұс келгендей.   «Адамдар Алиді (ғ.с.) оның орны бос қалған кезде таниды».

Әлемнің барша мұсылмандары мен азаттық талап етуші адамдарына хазірет Әлидің  (ғ.с.) шәһид болған күніне байланысты көңіл айтамыз.

 

 

Тегтер