Маусым 12, 2021 02:37 Asia/Almaty

Жарық қай жерде болса да, өсу мен тіршілік көзі. Пайғамбар (с.ғ.с.) ұрпағының таза нұры бүкіл әлемге таралған.

 

Исламның ұлық пайғамбарының (с.ғ.с.) перзенттерінің бірінің белгісі, туындысы, қасиетті орны мен қабірі болған кез келген жерде, ол таза жүректерді өзіне баурап, иманның өсу  мен мүміндер жиналатын және діни құндылықтар мен Пайғамбар әулетінің тағылымдары таралатын орталығы болады. Иранда жетінші имам (ғ.с.) хазірет Мұса бен Джафрдың (ғ.с.) үш баласын еске салатын жер бар. Олардың әрқайсысы илаһи жарықты таратады. Хазірет Әли бен Мұса әр-Резаның (ғ.с.) қасиетті кесенесі Иранның шығысындағы Мешхед қаласында,  хазірет Масуменің қасиетті кесенесі Иранның орталығы Құм қаласында және хазірет Ахмад бен Мұсаның (ғ.с.)қабірі Парсы облысы Шираз қаласында орналасты. Иран пәк имамның (ғ.с.) үш перзентінің аясында ғасырлар бойы материалдық және рухани нығметтерге ие болуда.

Имам Мұса Каземнің (ғ.с.) қызы хазірет Фатима Масуменің туған күні құтты болсын!

Хазірет Фатима Масуме хиджри-қамаридің 173-ші жылының зиқаеде айының бірінші жұлдызында Медине қаласында дүниеге келді. Оның әкесі - имам Мұса Казем (ғ.с.) және анасы - Наджме Хатун. Хазірет Масуме ілім, қадір-қасиет пен ахлақтың көрінісі саналған отбасында дүниеге келіп, әкесі имам Мұса Каземнен (ғ.с.) және әкесі шәһид болғаннан кейін ағасы имам Резадан көптеген ілімді үйренді. Хазірет Масуме ағасы имам Резаны (ғ.с.) қатты жақсы көрді. Ол өзін: «Мен Масуме, Резаның (ғ.с.) қарындасымын»,- деп таныстыратын.  Әкесі шәһид болған кезде 10 жастағы   хазірет Масуме ағасы имам Резаның (ғ.с.) қасында илаһи тағылымдарды үйренуді жалғастырды. Хазірет Масуме иман мен тазалықта жоғары дәрежеге ие болды және бала кезінен оның болмысынан ғылыми және рухани ізгіліктер айқын көрінді.

Исламдық ғалымдар мен тарихшылардың пікірінше, имам  Каземнің (ғ.с.) қыздарының арасында хазірет Масуме ерекше орынға ие болды. Ол тіпті бала кезінде көптеген ғылыми және діни сұрақтарға жауап беретін. Ол исламдық ғылымдарды меңгері үшін көп уақыт бөліп, табандылық танытты. Хазірет Масуме әкесінен үйренген білімді халықтың арасында таратты. Оның әкесі мен атасынан жеткізген хадистерін исламның әйгілі ғұламалары пайдаланды. Имам Мұса Казем (ғ.с.) болмаған кезде, хазірет Масуме халықтың сұрақтарына жауап беріп, олардың күдіктерін шешетін. Күндердіің бірінді шиіттер тобы сұрақтарына жауап алу үшін мединаға келіп,  имам Каземнің (ғ.с.) үйіне қарай бет алады. Шаршап-шалдыққан жолаушылар имамның үйіне жеткен кезде хазіреттің жол жүріп кеткенін ұғыпты.  Не имамды көре алмағанға, не сұрақтарына жауап ала алмағанға мұңайған адамдар жол ауырлығынан одан сайын күйзеліпті.  Олар қайтуға бет алған кезде имам Каземнің үйінен үстіне хиджаб киген ибалы қыз шығып, керуендегі адамдарға: "Сұрақтарыңызды маған қойыңыздар",-дейді.  Шыққан қыз хазірет Фатима Масуме еді.  Ол сұрақтың  әрқайсына бөлек-бөлек жауап жазып, керуендегілерге қайтарыпты.  Келесі күні имам Мұса Казем (ғ.с.)  үйіне оралған кезде қызының толық жауаптарына риза болып: «Құрбаның болайын»,- дейді.

Хазірет Масуменің зиаратнамасында бұл қадірлі банудың мақамы мен дәрежесі туралы айтылды. Сонымен бірге хазірет Масуменің білімі, ахлағы мен рухани болмысын көрсететін лақаб аттары көрсетілді. «Седдиқе» – хазірет Масуменің лақаб аттарының бірі,  ол ісі мен сөзінен тек шындық көрінетін адамға айтылады.  Келесі лақаб аты "Мохадесе", оның мағынасы – «хадис айтушы». Сондай-ақ бұл банулы Пайғамбар әулетінің «Каримесі деп  де атаған. «Кариме» яғни жомарт. Хазірет Масуме бақытты өмірді Құран мен Ислам ілімдеріме байланыстырып, өмірінің сәттерін Алланы еске алумен өткізді. Сөйтіп, ол дінді толық ұстануының және нұсқаған дұрыс жолдан шықпауының арқасында адам кемелділігінің жоғары деңгейіне жетті. Имам Реза (ғ.с.) пәктігіне байланысты қарындасын  «Масуме» деген лақап атпен атаған. Оның мағнасы күнә жасамаған, одан алыс адам.

Хазірет Фатима Масуме   білімі мен кемелдігінде, хадис айтуы мен ізгілікте, сенімі мен ерік-жігері, беріктігі, құрбандық пен адалдығында жоғары деңгейде болды. сондықтан Пайғамбар әулетінің жақтастары оған қарай ағылды. Әйгілі ғұламалар оны құрмет тұтады, оның бееркесімен Құм қаласы мұсылмандар орталығына айналды. Жарық пен ізгіліктің қайнар көзі саналатын банудың қасиетті кесенесін аспандағы көгершіндер тәуәп еткендей, Иранның, сондай-ақ Бахрейн, Үндістан, Пәкістан, Түркия, Ирак, Сирия, Ливан, Африка мен Азия елдерінен жиналатын Пайғамбар әулетінің жақтастары да зиарат етеді.

Құм қаласындағы хазірет Масуменің қасиетті кесенесі

Құм ежелден және имамдардың кезінен бері шиизмнің орталығы болды, осы қаладан әйгілі рауаятшылар мен ғалымдар шыққан немесе осы қалада өмір сүрген.  Хазірет Масуменің киелі орны бұл қаланың өркендеуіне, жағдайы мен рухани тартымдылығын  екі есе арттырды. Біртіндеп кітапханалар, діни мектептер және соңында хижра күнтізбесінің 1310 аятолла шейх Абдулкарим Хаери Яздидің талпынысымен Құм діни оқу орталығы құрылып,  данышпандар осы қалаға көшіп, қалаға әлемге танымал болды. Құм діни оқу орталығы хазірет Масуменің қасиетті кесеенсінің берекесімен кеңейіп, жұмысын жалғастырды. Мыңдаған адам шиіттердің діни тағылымдары мен мәдениетін және Пайғамбар (с.ғ.с.) әулетінің мұраларымен танысу үшін Құм қаласына жиналып, жарқыраған банудың қасиетті кесенесінің аясында Ислам мен Құранның тағылымдарын үйреніп, олардың әлемнің түпкір-түпкіріне таратады. Қасиетті кесенеге зиярат жасау үшін халық Иранның әртүрлі аймақтарынан жиналады. Бұл қасиетті кесене әртүрлі кезеңдерде қайта қалпына келтіріліп, көрнекті, мәртебелі, тартымды болып жасалды.

Хазірет Масуменің ғылыми және діни саласында белсенді қатысуы әйелдердің ислам тарихы мен мәдениетіндегі жоғары орны мен құндылығын көрсетеді. Тарих бойына хазірет Мәриям мен хазірет Әсия сияқты ұлы әйелдер аренаға шығып, жоғары қадір-қасиетке қол жеткізді. Алла Тағала оларды әйелдер мен ерлерге үлгі етіп ұсынған және олардың құрметіне аяттар жіберілді. Хазірет Масуме  жас болғанымен ғибадат, ғылым және саясат тұрғысынан жас үлгі боларлықтай мәдениетті ханым ретінде жақсы рөл атқарды. Велаят пен имаматтын қасиеттілігін қорғауға бет бұру арқылы әйелдер барлық салада белсенді және тиімді бола алатындығын көрсетті. Егер әйелдер мен қыздардың рөлі мен мәртебесі жақсы анықталса, әйелдердің әлеуметтік белсенділігі ешқашан зиян тигізбейді. Пайғамбар (с.ғ.с.) қыздарды тірідей көмген кезде, қызын құрметтеу арқылы қоғамның әйелдер мен қыздарға көзқарасын өзгертті.

Иранда хазірет Фатима Масуменің туған күні «Қыздар күні» деп атанды. Хазірет Масуменің өмір сүру тәсілі адам өмірінің барлық тұрғыларын жан-жақты қамтиды және адамды құтқарылатын жолға жетелейді. Ол мұсылман қыздары мен әйелдеріне пәктіктің адамның өмір сүруінің маңызды құпиясы екенін үйретеді. Қазіргі дәуірде мұсылман қыздарды биік шыңдарға жеткізген уаһи мектебінде тәрбиеленген пәк имамдардың (ғ.с.) өмір жолы.   

Хазірет Фатима Масуменің туған күні құтты болсын!

 

Тегтер