Қаз 24, 2021 05:48 Asia/Almaty
  •  Имам Садық (ғ.с.) – Пайғамбар (с.ғ.с.) жолын жалғастырушы

Раби ул-аууал айының 17 жұлдызы – Алланың елшісі хазірет Мұхаммад-Мұстафаның (с.ғ.с.) және хазіреттің ұрпағынан шыққан имам Садықтың (ғ.с.) туған күні. Бұл екі тұлғанының туған күнінің бір күнге келуі олардың адамзат қоғамын дұрыс жол мен бақытына қарай нұсқау үшін маңызды рөл атқарғандарын еске салады.

 

 

Раби ул-аууал айының 17  жұлдызы – Алланың елшісі хазірет Мұхаммад-Мұстафаның (с.ғ.с.) және хазіреттің ұрпағынан шыққан имам Садықтың (ғ.с.) туған күні. Бұл екі тұлғанының туған күнінің бір күнге келуі олардың адамзат қоғамын  дұрыс жол  мен бақытына қарай нұсқау үшін маңызды рөл атқарғандарын еске салады. Ғалымдар, тарихшылар мен зерттеушілер хазірет Мұхаммадтың  (с.ғ.с.) өмірінің әртүрлі тұрғыларына тоқталды. Дін көшбасшылары, ең жақын таңдалған және уахи мектебімен таныс адамдар ретінде жаратылған әлемнің бірегей тұлғасын терең зерттеп, хазіреттің өмірі, күресі және ілімімен таныстырды. Имам Садық (ғ.с.) осындай көшбасшылардың бірі болды.

Имам Садық (ғ.с.) Пайғамбарды сондай құрметтеп, хазіреттің есімін естігенде жерге қарайтын. Адамдардың перзентінің есімін Мұхаммад деп қойғанын естігенде: «Мұхаммад, Мұхаммад, Мұхаммад. Өзімнің, перзенттерімнің, әкемнің және жер бетіндегі адамдардың өімірін Алла елшісі үшін құрбан етемін. Бұл баланы балағаттама, ұрып-соқпа, оған жамандық жасама»,- деді.

Имам Садық (ғ.с.) Мұхаммадты ұзақ уағызында сипаттап: «Алланың шыдамдылығы, қадір-қасиеті мен мейірімділігі адамдардың үлкен күнәлары мен жағымсыз істерінің өзінің ең сүйікті және ардақты пайғамбарын, яғни Мұхаммад бен Абдолланы (с.ғ.с.) таңдауына  кедергі болдырмады. Мұхаммад бен Абдолла (с.ғ.с.) құрметті отбасында өмір сүрген, ата-бабалары ластанбаған, ғалымдар оның қасиеттерін сипаттаған. Хашеми және Мекке тұрғындарының арасында теңдессіз болды. Ұят пен жомарттық,  сабырлық пен адамгершілік оның ерекшеліктерінен болды.

Шиіттердің алтыншы имамы қамари жыл санағы бойынша 83 жылдың раби ул-аууал айының 17 жұлдызында  дүниеге келіп, әлемді өз нұрына бөледі. Әкесі имам Мұхаммад Бақер (ғ.с.) баласын Джафар деп атады. «Джафар» деген сөздің көптеген мағнасы бар, олардың бірі жәннәттағы бұлақ. Имам Бақер (ғ.с.) перзентін Джафар деп атады, өйткені ол жәннәттағы бұлақтардың мөлдір суы сынды өмірді жандандырды. Имам Джафар Садық  (ғ.с.)  «Сабыр», «Пәк», «Кемел» және «Айбынды» деп атаған. Олардың ішінде танымал лақап аты – «Садық» және күние аты – Әбу Абдолла. Имам Садық (ғ.с.) шынайы уағыздаушы және Пайғамбар дінінің жақсы үлгісі болды,  имам (ғ.с.) Алла елшісінің тек ерекшеліктерін сипаттаумен шектелмеді. Имам Садықың (ғ.с.) пікірінше, Исламның ұлық пайғамбарының ең маңызды ерекшелігі – адамгершілік. Пайғамбар (с.ғ.с.) шариғат пен ақиқатты туралы бір сөйлеммен айтқысы келгенде: «Мен имандылықтың ізгісі үшін жіберілдім», - деген. Имам Садық (ғ.с.): « Алла Тағала өзінің пайғамбарын адамгершілік қасиеттерімен ерекшелендірді. Сондықтан сіз өзіңізді сынап көріңіз, егер сізде адамгершілік қасиеті болса, Алланы мадақтаңыз және одан көбірек қамқорлық жасауын сұраңыз. Ал әлеуметтік, отбасылық және тіпті жеке өмір, егер адамгершілікпен бірге жүрсе, бақытты және көңілді болады», - деп айтатын.

Мейірімділіктің  көрінісінің бірі - кез келген жағдайда басқаларға көмектесу. Рауаяттардың бірінде былай деп айтылды: «Түндердің бірінде имам Садық (ғ.с.) қаланың кедей үйіне барып көмек көрсеткен кезде, серіктерінің бірі еріп жүріп, хазіретке көмектесті. Мұқтаж адамдарға азық-түлік апарып берген соң, ол имамнан: «Көмектескен адамдардың шиіт және сіздердің достарыңыз екеніне сенімдісізбе?»- деп сұрады. Имам Садық( ғ.с.): «Олардың ешбіреуі шиіттерден болған жоқ. Егер шиіттерден болғанда, олармен тіпті дастарханымдағы түзбен бөлісетін едім»,- деп жауап берді». Имам Садық (ғ.с.) өзінің басқа бір сөзінде: «Күнәһарлармен қарым-қатынаста жақсы сөзбен және олардың жақсы істерін айту арқылы олардың үмітін жандандыру керек. Керісінше зорлық-зомбылық  пен балағаттан аулақ болған жөн»,- деді.

Алла Елшісінің (с.ғ.с.) көзқарасы бойынша, пайғамбарлықтың мақсатындағы ең басты нәрсе – білім беру, өйткені білім болмыстың құпияларын ашуға, саналы түрде құлшылық ету мен Аллаға жақындауға әкеледі. Сондықтан, Ислам пайғамбарының сөзімен айтқанда, ғұламаны құрметтеу Алланы құрметтеу болып саналады. Пайғамбар (с.ғ.с.) мешітке кіргенде бір топтың ғибадатпен айналысып, ал басқа топтың ғылыми пікірталас жүргізіп жатқанын көріп: «Екі топ та бақыты»,- деді, бірақ өзі  ғылыми пікірталас жүргізіп жатқандарға жақындады. Осыған байланысты имам Садиг (ғ.с.) да исламдық білімді таратып, шәкірттерді әртүрлі ғылымға үйретті. Имам Садық (ғ.с.) пәк имамдардың (ғ.с.) арасында «Шейх әл-Имам» деген атпен белгілі және шамамен 65 жыл өмір сүрген. Имам Садық (ғ.с.) исламдағы, әсіресе шиіт мектебіндегі ықпалды имамдардың бірі болды. Шиітер ілімдердің 90 пайызы осы ұлы имаммен айтылған және бұл кісі  ахлақ, өмір салты, медицина негізін қалаушы, басқаша айтқанда, имам Садық (ғ.с.) – шиіттер ой-пікрінің негізін қалаушы, шиіт мазхабы «Джафари мазхабы» деп аталады.

Имам Садық (ғ.с.) білімді ислам үкіметін, содан кейін ислам өркениетін құрудағы негізгі күш ретінде қарастырды және рауаяттардың бірі бойынша, «Ілімнің сұлтаны» деп атанды.   Омейядтар мен Аббасидтер арасындағы дау имам үшін алтын мүмкіндік туғызды және екінші жағынан мұсылмандар арасында түсінуге және зерттеуге жағдай тудырды. Имам Садық (ғ.с.) осы ілім майданың басқарды.   Имам Садық (ғ.с.) Медина қаласындағы Пайғамбар (с.ғ.с.) мешітін өзінің оқу орны етті және адамдар алыс-жақыннан ағылып, әртүрлі сұрақтарын қойып, қажетті жауаптарын алды.

Имам Садық (ғ.с.) «Таухид Муфазал» атты кітабында  Муфазал  есімді шәкірттерінің бірі үшін әлем құбылыстары туралы нақты және терең ойлар айтып, оны әлем Жаратушысымен таныстырды. Басында имам (ғ.с.) ғаламның жаратылу себептері мен әдістерін білмеуді Алла Тағаланың бар екендігін жоққа шығаруға немесе Оған күмән келтіруге себеп деп білді. Содан кейін ол әлемнің, адам мен оның мүшелерінің, мысалы ас қорыту жүйесі мен бес сезім мүшелерінің қалай жаратылғанын сипаттайды. Сөйтіп олардың жаратушысы Алла Тағаланың даналығы, құдіреті мен білімі туралы баяндайды. Кітаптың басқа бөлімінде ол жылқы, піл, жираф, маймыл, ит, тауық, жарқанат, аралар, шегірткелер, құмырсқалар мен балықтарға назар аудартады. Содан кейін аспанның түсі мен күннің шығуы мен батуы, жыл мезгілдері, Күн мен Ай, басқа жұлдыздар және олардың аспандағы жылдам қозғалысы, суық пен ыстықтың, жел мен ауа, дыбыстар, таулар мен өсімдіктердің жаратылуына себеп болады.  

Имам Джафар Садықтың (ғ.с.)  туған күні құтты болсын!

 

 

 

 

Тегтер