Қар 22, 2021 15:32 Asia/Almaty
  • Басидж апталығы 2: Басидж күштерінің қырағылығы мен басшылығы

Ислам революциясының көсемі имам Хомейни: Басидж – Алланың адал әскері.

 

Басидж – мектеп. Шәкірттері Исламды және оны насихаттауды ұнататын мектеп. Басидждер имам Хұсейн (ғ.с.) мектебінің перзенттері. Қасем Солейманиды тәрбиелеп, жанқиярлық пен қарсылық аспанында мәңгілікке қалдырған мектеп. Басидж - таза діни нанымдардан пайда болған  және қызмет пен жиһадты жақсы көретін басижилерді ауыр құрбандық науқандарына тартатын мектеп. Басидж ой-өрісі кең және адамның шынайы өсуіне ықпал ететін және оны адамдық пен руханияттың биік шыңдарына жеткізетін барлық  факторлаға ие. Тақуалық, шынайылық, батылдық, имандылық, құрбандық, адамгершілік, ең бастысы, діни билікке бағыну, халыққа қызмет ету – басидждердің көрнекті қадір-қасиеттерінен. Ислам республикасының негізін қалаушы имам Хомейни басиджді  әдемі сипаттап, былай деген: «Басидж – шежіресі жақсы  және жемісті ағаш. Оның гүлдері көктем иісі мен сенімділік пен махаббатты сый етеді. Басидж – махаббат мектебі,  шәһидтер мен белгісіз батырлар мектебі. Басидж - таза исламдық ойдың көтерілуі.

Басидждің негізін имам Хомейни қалап, жылдамдықпен жүректерден орын тауып, адамдар, әсіресе жастар оның қатарына қосылды. Негізінде, мазлұмдарды немесе  қарсыласу күштерін жұмылдыру – ең үлкен мәдени, интеллектуалдық, әлеуметтік және саяси желі. Иранда басидж құрылған күні әлемде теңдесі болмады. Кейін кейбір мемлекеттер үлгі алып, көптеген игілігін көрді. Имамның айтуынша, басидж – әлем сарапшылары дұрыс тани алмайтын жаңа туынды. Қай елде иман күші қайта жанданса, ол баршаны Алланың жолына шақырады және тұтас бір елді жұмылдыра алады, жұмылдырудың өлшемі – ислам және оның жоғары мәндерін түсіну. 

Басидждердің қиын жорықтарға қатысуының ең көрнекті мысалдарының бірі олардың қасиетті қорғаныста болуы болды. Қауіп-қатер төнген кезде, жас-кәрі, егінші-кәсіпкер, ұстаз, инженер-дәрігер және әр саладан жиналған басидждер имам Хомейнидің  шақыруына оң жауап беріп, соғыс майданына аттанды. Олар сегіз жыл бойы әскери күштермен бірге ерлікпен соғысып, бөгделерден елін-жерін қорғады. Олар соғыста Аллаға және Әһли Бәйтке (ғ.с.) деген шынайы сүйіспеншіліктерімен құлдықтың ең ұлық көріністерін бейнеледі. Имам Хомейни сөздерінің бірінде жастардың бұл сүйіспеншілігіне назар аудартып: «Мен бұл жастарға қызғанышпен қараймын»,- деді. Сондай-ақ: «Жылдар бойы дінді меңгерген ғұламалар, шейіттердің өсиеттерін бір рет оқып, бұл жастардың өзін-өзі жетілдірудің ұзақ сапарын қалай бір түнде өткенін көріңіздер»,- деді. Бұл жастардың айқын ерекшеліктерінің бірі алғашқы уақыты келсімен оқылатын намазға мән берулері, намаз арқылы Алламен қатынас орнатулары және Пайғамбар әулеті мен пәк имамдарға (ғ.с.), әсіресе Кербалада шәһид болған имам Хұсейн (ғ.с.) мен хазіреттің адал серіктеріне деген махаббаты болды.

Басидж мектебі Ашура мен имам Хұсейн (ғ.с.) мектебімен байланысты. Сондықтан имамның (ғ.с.) арқасында қарсылық, төзімділік, қорлықтан сақтану, алға ұмтылуды үлгі етті. Ислам республикасы жүйесіндегі басидждер елдің ұлы мақсаттары үшін атсалысқан ең таза, ең адал және ең дайындалған жастардан құрылған күш. Басидждер «Аллаға, пайғамбарға, өздеріңнен шыққан әмір иелеріне бойсұныңдар» деген «Ниса» сүресінің 59-шы аятының көрінісі. Олар он екінші имам ғайып кезде қоғамның басшысы болып табылатын діни жетекшіге бағынады. Басидждер діни жетекшіге бағынуы өз міндеті деп біледі. Ислам революциясының басынан осы уақытқа дейін басидждер революция жолынан ауытқу және сыртқы және кейбір ішкі дұшпандардың қастандықтары байқалып, діни басшылықты алаңдатқан әрүрлі жәйттарда жиналып, дұшпанды үмітсізденрді және достарды үміттендірді.  Осыған орай Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи: «Бәсидждер болған жерде руханият, қарсыласу мен табандылық болды және  нәтижесінде олар жеңіске жетті»,- деді.

 

Басидждер  барлық сүйіспеншіліктерімен, имандарымен, шынайылығымен және қамқорлығымен жоғары көрегендікке ие. Аятолла Хаменеи сан рет бұл тақырыпқа тоқталып: «Басидж эмоционалды және рухани қозғалыс емес,  білу мен түсінуге негізделген. Ол түсінік пен хабардарлыққа сүйенеді. Қырағылығы, хабардарлығы және дұшпанды жақсы білуі Исламдық Иранға бүліктерден өтуге себеп болды. 1999  және 2009 жылдары жаулар екі рет бүлік шығарып, оған  алданған елдің кейбір адамдар қосылып, көшедегі тәртіпсіздіктерге ұласты. Бірақ басидж рухындағы революцияшыл халық тез әрекет етіп, қалалардың негізгі көшелеріне шығып, имам Хмейни мен аятолла Хаменеигеадалдығын адалдығын жаңартты. Сөйтіп бүлік  жойылып, дағдарыстар ілгерілеу мен кемелдікке жеткізетін мұрсатқа айналды. Басидждердің жоғары басшының бұйрықтарын қолдауы олардың мәселелер мен дағдарыстарды шешуге толық дайын екендігін   көрсетеді. Басидждер қатарында барлық ирандық этникалық топтар мен белсенді және ынталы жастарды, таңдаулы және беделді адамдарды, профессорлар мен студенттерді көруге болады. Олар іргелі және өмірлік маңызды мәселелер саласында алдыңғы қатарға шығады. Елдің мәдениетіне және наным-сеніміне тіл тигізген сайын олар алаңға шығып, ұлттық, діни болмысын қорғайды. Басидждердің көзқарасы  олардың идеалдарымен астасқан. Басидждер - қарапайым, билікке ұмтылмайтын, шын жүректен әртүрлі саладағы революцияның қызметшісі. Қауіп-қатер кезінде әскери киім киіп, дінін, елін жігерлі қорғайды.   Басидждер әділдікті қалайды. Хазірет Әлидің (ғ.с.) «Залыммен күресіп, жәбірленгендерге көмектес» сөздері бойынша, әлсіздерге көмектесу қажет. Басқа жағынан, қарсыласу, үстемшілдікке бағынбау және дұшпанға келіспеу рухымен   зұлымдыққа қарсы тұрады және өзінің күшті ерік-жігерімен және шынайы сенімімен артқа шегінбейді.

 

Тегтер