Хазірет Зейнаб - барлық салаға үлгі
Хазірет Зейнаб - хазірет Әли (ғ.с.) мен хазірет Фатима (ғ.с.) отбасының үшінші перзенті, үлкен қызы және Ислам әлемінің бірегей әрі ықпалды тұлғаларының бірі. Ол хиджри-қамари күнтізбесінің бесінші немесе алтыншы жылында джамади аууаль айының 5 жұлдызында қасиетті Медина қаласының Бани Хашим ауданында дүниеге келді.
Бүгін хазірет Зейнабтың туған күні. Иранда бұл күн «Медбикелер мен мейіргерлер күні» деп аталған. Исламның ұлық Пайғамбарының (с.ғ.с.) ардақты немересінің туған күнімен құттықтай отырып, барша мұсылмандарға, әсіресе әлемнің түкпір-түкпіріндегі аяулы медбикелер мен мейіргерлерге жақсылық тілейміз.
Хазірет Әли (ғ.с.) мен хазірет Фатиманың (ғ.с.) кішкентай қызы Алла Елшісінің (с.ғ.с.) алдында отырған күндердің бірінде Пайғамбар оны сүйіп: «Баршаны хазірет Хадиджаға ұқсайтын бұл қызды құрметтеуге шақырамын», - деді. «Зейнаб» атанған кішкентай қыз бала, өсіп, әкесінің сәніне айналды. Хазірет Зейнаб ізгіліктердің ошағы болған, тазалық пен достық ортада өсті. Хазірет Зейнаб - хазірет Әли (ғ.с.) мен хазірет Фатима (ғ.с.) отбасының үшінші перзенті, үлкен қызы және Ислам әлемінің бірегей әрі ықпалды тұлғаларының бірі. Ол хиджри-қамари күнтізбесінің бесінші немесе алтыншы жылында джамади аууаль айының 5 жұлдызында қасиетті Медина қаласының Бани Хашим ауданында дүниеге келді.
Хазірет Зейнабтың әкесі шиіттердің бірінші имамы хазірет Әли бен Абиталиб (ғ.с.) және анасы хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.) болды. Хазірет Зейнабтың өскен ортасы Жәбірейілдің махаббаты мен илаһи уахи түскен жер еді. Хазірет Зейнаб Исламдағы әйелдерге үлгі болатын негізгі үлгілердің бірі болып саналады. Оның есімі әрқашан имам Хусейннің (ғ.с.) жанында аталады және ол Кербаланың қаһарманы ретінде танымал. Имам Хусейн бен Әлидің (ғ.с.) қаһарманы – ең алдымен әйел және ана ретінде мұсылман әйелінің тамаша үлгісі болып табылатын ханым.
Тарихи деректерге бойынша, хазірет Зейнабтың қолын сұрап, әртүрлі тайпалардан көптеген адамдар келген. Ең қызығы, олардың көбінің әлеуметтік, рулық және байлық жағдайы жоғары болған және олардың барлығы Пайғамбардың күйеу баласы деген мақтанышқа ие болғылары келген. Бұл үміткерлердің кейбірі араб тайпаларының ақсүйектері мен басшыларынан болды, соның ішінде Ашғас ибн Қейсті атап кетуге болады. Хазірет Зейнабқа құда түскендердің арасында Абдулла бен Джафар ерекше орын алды. Ол Әли (ғ.с.) үйіне келіп-кететін және Алла Елшісі (с.ғ.с.) мен хазірет Әли (ғ.с.) оны жақсы көрген. Абдолла - Джафар бен Абиталибтың яғни Әли бен Абиталибтің ағасының перзенті. Джафар – Пайғамбарға (с.ғ.с.) алғашқы иман келтіргендердің бірі және Хабаше жеріне қоныс аударған мұсылмандар тобын басқарған бірінші адам. Ол ақырында римдіктермен болған шайқастардың бірінше екі қолынан айырылып, Пайғамбар (с.ғ.с.) тарапынан Джафар Тайяр деген лақап атқа ие болды. Абдолла туралы сөз қозғаған тарихшылардың барлығы оны әкесі сынды қадір-қасиеті мен ғиззаты үшін мадақтап, жақсы қасиеттері туралы көп талқылаған. Абдолла бен Джафарға мүміндердің әміршісі имам Әли (ғ.с.) сенім артты. Ол кейін хазіреттің соғыстары мен бағдарламаларына қатысып, Сафейн шайқасында ол имам Әлидің (ғ.с.) қолбасшыларының бірі болды. Имандылық, тақуалық пен Пайғамбарға (с.ғ.с.) және оның отбасына деген сүйіспеншілік Абдолланың ең маңызды қасиеттерінен және олар хазірет Зейнабтың (ғ.с.) таңдауының себептерінің бірі болды.
Хазірет Зейнаб Абдоллаға тұрмысқа шыққан кезде, Абдолла жақсы қаржылық жағдайға ие болған. Сонымен бірге, әлеуметтік тұрғы жағынан қайырымдылық және мұқтаждар мен кедейлерге көмектесу саласында өте танымал болды. Оның қайырымдылық істері барлық қоғамда, тіпті дінсіз қоғамда да үнемі мадақталады. Әр іс-әрекеті мен мінез-құлқында асыл анасы хазірет Заһраның (ғ.с.) айнасы болған хазірет Зейнеп (ғ.с.) күйеуіне осыны ынталандыруы керек екені анық. Барлық қылықтарымен, істерімен және мінез-құлқында асыл анасы хазірет Заһраға (ғ.с.) ұқсаған хазірет Зейнаб күйеуін ынталандырды. Хазірет Зейнаб жомарттықта, сабырлықта, ізеттілікте, әдептілігінде, ғылым мен білімде және сабыр сақтауда өйткені анасы сынды болған. Рауаяттардың бірінде хазірет Әлидің (ғ.с.) үйіне қонақ келгенде, үйде тамақ болмағаны туралы айтылды. Хазірет әли (ғ.с.) хазірет Фатимадан (ғ.с.): «Үйде тамақ табылады ма?»- деп сұраған. Хазірет Фатима (ғ.с.): «Хызым зейнабқа қалдырған бір үзім наннан басқа еш нәрсе жоқ»,- деп жауап берді. Ояу жатқан Хейнаб анасының сөзін естіп, кішкентай болғанына қарамастан, анасына: «Менің нанымды қонаққа береңіз, мен шыдаймын»,- деді.
Хазірет Зейнабтың Абдолладан сұрайтын махыры хазірет Заһраның (ғ.с.) махырымен бірдей болады деп шешілді. Кез келген некеде тараптардың шарттары болуы мүмкін және бұл басқа адамның қабылдауына байланысты. Жұбайы оны қабылдаса, уәдені орындауға міндетті болады. Хазірет Зейнабтың Абдолламен некесінде бір шарт қойылды. Хазірет Зейнаб ағасы Хусейн (ғ.с.) кез келген сапарға шықса немесе басқа жерге көшсе, өзі де және отбасы да бірге жүретін уәдені алды. Бұл шартты Абдолланың шын жүректен қабылдап, имамның Меккеге, одан кейін Иракқа сапарында уәдесін орындады.
Ер адам болсын, әйел болсын, әрбір адамның жеңісі мен жетістігі – өмірдің барлық саласында дұрыс талпыныс жасап, биік мақсаттарды ойлау. Әйелдердің артықшылығы мен үлкен жетістіктерінің қатарында ең алдымен жұбайлық рөліне немқұрайдылық білдірмеу, сонымен қатар кемел ана болып, тәлім-тәрбиесі мен имандылығы жағынан лайықты перзент тәрбиелеуін атап кетуге болады. Бұл тұрғыда хазірет Зейнаб анасы хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.) сияқты осы маңызды мәселеге жан-жақты назар аударып, үлгілі балаларды тәрбиеледі. Хазірет Зейнаб пен Абдолланың төрт ұлы мен Умму Күлсум есімді бір қызы болды. Хазірет Зейнабтың қызы туралы: «Ол сипаттары, сұлулығы, кемелдігі, ақыл-ойы мен қырағылығы жағынан мүміндердің арасында ерекше еді»,- деп айтылды. Абдолла имам Хусейннің Язидке қарсы көтерілісі және оның Меккеге, одан кейін Иракқа сапары кезінде имаммен бірге бола алмады, бірақ әйеліне балалары Мұхаммад және Аунмен бірге имамның қасында болуға рұқсат берді. Ең қызығы, ол балаларына қажет болса өз заманының имамы үшін жанын қиюды бұйырды. Хазірет Зейнабтың ұлдарының жиһад пен шәһидтік рухының жоғары болғаны соншалық, олар Ашура керуенімен бірге болды.
Ашура оқиғасында хазірет Зейнабтың тәрбиелік рөлі және оның отбасын қорғауы көбірек байқалды. Ол Кербалада ондаған ең жақын адамдарынан айырылды. Хазірет Зейнабтың екі баласы да имам Хусейннің (ғ.с.) қасында шәһид болды. Хазірет Зейнаб қасірет пен қайғыға батты, бірақ жау әйелдер мен балалардың шатырларына шабуыл жасағанда дағдарысты басқаруды өз қолына алды. Балалар жоғалып кетпесін немесе оларға шабуыл жасалмас үшін ол жанжағын бақылауға алды.
Хазірет Зейнаб Мединада ғылым қаруымен, тәпсірге арналған жиындар өткізіп, ғылыми, зиялылық және хадис білімімен қоғамды Құранға, иманға, тақуалыққа, пендешілікке жақындатты. Хазірет Зейнаб Кербалада өзінің жалынды уағыздарымен ағасының көтерілісіне хабаршы болды. Ол ең қиын жағдайларда дін мен әйгілі тәртіпті қорғау үшін қадамдар жасаған жиені имам Саджад (ғ.с.) мен имам Хусейннің (ғ.с.) отбасын қорғады.
Ислам революциясы жетекшісі хазірет Зейнабты таныстыра отырып: «Хазірет Зейнаб - ұлы әйел. Бұл әйелдің Ислам халықтары алдындағы ұлылығының себебі не? Әли ибн Абиталибтің (ғ.с.) қызы немесе Хусейн ибн Әли (ғ.с.) мен Хасан ибн Әлидің (ғ.с.) әпкесі болғандықтан деп айтуға болмайды. Қарым-қатынастар мен жақындық ешқашан мұндай ұлылықты жасай алмайды. Барлық имамдарымыздың қыздары, шешелері, әпкелері болды, бірақ Зейнаб сынды адам кім? Хазірет Зейнабиың ұлылығы оның илаһи парызына негізделген адами және исламдық ұстанымы мен қозғалысына байланысты. Жұмысы, шешімі, қозғалу тәсілі хазірет Зейнабты ұлы етті»,- деді.
Хазірет Зейнабтың туған күні құтты болсын!