Қаң 15, 2022 20:29 Asia/Almaty
  • Әлемдегі АҚШ-тың биологиялық қауіптері (5)

Биологиялық дағдарыстар ежелден адам денсаулығына елеулі қатер болып табылады және әрқашан үкіметтерді, халықаралық ұйымдарды және қоғамды алаңдататын басты мәселе болды. Кейбір елдер, өздерінің билеп-төстеу көзқарастарының арқасында қарсыластары мен дұшпандарды тежеу, бақылау және жою үшін барлық құралдарды қолданды. Бұл билеп-төсеудің көшбасшысы – АҚШ.

АҚШ бәсекелестерін жеңу үшін биологиялық агенттерді пайдалану бағдарламасын ұзақ уақыт бойы жүзеге асырды. Елдің негізгі бағдарламасы Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Жапония сияқты басқа елдермен бәсекелесе отырып кеңейді. АҚШ әрқашан биологиялық агенттерді әскери мақсатта пайдалануды монополиялауға ұмтылды. Бұл ел биологиялық қаруды Корей соғысында, Вьетнамда және Кубада қолданған. АҚШ өзінің әскери биологиялық белсенділігінің көп бөлігін елден алып тастап, оны бүкіл әлем бойынша жасырын, бақылаусыз жүргізеді. Жаһандық денсаулық сақтау органдары мен экологтар тарапынан Вашингтон жаһандық денсаулыққа қауіп төндіретін вирустарды таратады бірнеше рет деп айыпталды.

Халықаралық құқық нормалары мен соған байланысты құжаттарға сәйкес қоршаған ортаға және салауатты өмір сүруге құқық адамның ең негізгі құқықтарының бірі болып табылады. АҚШ пен осы елмен әскери ынтымақтастық жасаған басқа елдер адам құқығын бұзушы саналады. Халықаралық ұйымдар мен соттар халықаралық құқық нормаларына сәйкес АҚШ-тың биологиялық деструктивті әрекетінің осы түріне қарсы тұруға және адам мүдделерін қолдауға және халықаралық адам құқықтары мен гуманитарлық құқықты құрметтеуге мәжбүрлеуге міндетті. Халықаралық ұйымдар мен соттар халықаралық құқыққа сәйкес АҚШ-тың жойғыш биологиялық белсенділігіне қарсы тұруға және бұл елді адам мүдделерін қорғауға және халықаралық адам құқықтары мен гуманитарлық құқықтарды құрметтеуге мәжбүрлеуге жауапты.

Негізінен биологиялық қорғаныс орталықтарында жүзеге асырылатын АҚШ-тың әскери биологиялық қызметі қолданыстағы халықаралық құжаттарда бекітілген адамның салауатты өмір сүру құқығы қағидасын бұзады. Мысалы, БҰҰ Жарғысының IX тарауының 55-бабы үкіметтерді денсаулық мәселелерін шешуге жәрдемдесуге міндеттейді. Осы тұрғыдан алғанда, үкіметтер өз азаматтарының салауатты өмір сүру жағдайларын қамтамасыз етіп қана қоймай, осы мақсатқа кедергі келтіретін факторларға қарсы тұруы керек. Бұл мәселе Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жарғысында да ерекше атап өтілген. 1965 жылғы Нәсілдік кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы халықаралық конвенция үкіметтерді денсаулық сақтау қажеттіліктерін қамтамасыз етуге міндеттейді. Осы конвенцияның 4-тармағына сәйкес қоғамдық денсаулық пен салауатты өмір сүру құқығы барлық адамдар үшін тең құқық болып табылады. Халықаралық гуманитарлық құқық саласындағы төрт Женева конвенциясы да биологиялық қару сияқты әскери және бейбіт тұрғындар  мен қоршаған ортаға зиян келтіретін қаруды қолдануға тыйым салады.

БҰҰ өз Жарғысына сәйкес барлық мүшелерін адам құқықтарын құрметтеуге міндеттейді.  Әлемдегі бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау, сондай-ақ адам құқықтарын қорғау миссиясын жүзеге асыру кезінде БҰҰ елдердің қарусыздану тәжірибесін мұқият қадағалап, биологиялық қауіптердің алдын алуға жауапты. Жарғының VII тарауына сәйкес БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі бейбітшілікке қауіп төнген немесе бейбітшілік бұзылған немесе агрессия әрекеттері болған жағдайда, бүлдіргіш әсерлерді жойып, бейбітшілік пен қауіпсіздікті орнатуға араласады. Адамзаттың болашағына және қоршаған ортаға қауіп төндіретін әскери биологиялық іс-шараларды жүргізу дүниежүзілік бейбітшілікке қауіп саналады. Бірақ Қауіпсіздік Кеңесінің саяси қызметі мен вето жасырын және әскери биологиялық әрекеттерге жаһандық қатаң бақылаудың қалыптасуына кедергі жасады.

АҚШ-тың әлемнің кейбір аймақтарындағы жасырын зертханалық әрекеттері Вашингтонның биологиялық қару жасау үшін жойқын биологиялық эксперименттер жүргізіп жатқанын көрсетеді. Халықаралық құқыққа сәйкес, АҚШ халықаралық құқықты бұзғаны үшін халықаралық жауапкершілікке ие. Сондай-ақ, бұл әрекеттер басқа елдердің аумағында жүргізілетіндіктен, қабылдаушы үкімет өз аумағындағы зертханалардың әрекеттері үшін жауап береді. Мұндай биологиялық әрекеттерге Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы, 1966 жылы қабылданған Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар, сондай-ақ Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактілер мен Женева конвенцияларымен тыйым салынған.

Халықаралық құқық нормалары бойынша қоршаған орта мен адам денсаулығына қауіпті және бүлдіретін кез келген әрекетке тыйым салынады. Қауіпсіздік Кеңесінің АҚШ-тың және кейбір басқа елдердің биологиялық белсенділігіне қарсы тұрудағы тиімсіздігін ескере отырып, бұл мәселеде рөл атқара алатын сот институттарының бірі Халықаралық қылмыстық сот болып табылады. Халықаралық қылмыстық соттың АҚШ-тың әскери биологиялық әрекеттеріне араласуына қатысты Ирандағы халықаралық құқық профессоры Ахмад Каземи: «Халықаралық Қылмыстық Сот Статутына сәйкес, сот қылмыс сол сот юрисдикцияны қабылдаған елде орын алған немесе қылмысты Соттың мүшесі болып табылатын елдің азаматтары жасаған жағдайда ғана араласа алады.  АҚШ Халықаралық қылмыстық соттың мүшесі болмаса да, АҚШ-тың әскери биологиялық зертханалары орналасқан кейбір елдер Халықаралық қылмыстық соттың мүшелері болып табылады. Осы тұрғыдан алғанда, Халықаралық қылмыстық сот бұл мәселені қарастыра алады. Әрине, АҚШ-тың әскери зертханаларын өз елінде орналастырған үкіметтер Америкамен ынтымақтасады және шағым беруден немесе ақпарат беруден тартынатындықтан, Халықаралық қылмыстық сот прокуроры  осыған байланысты тікелей тергеу жүргізе алады және Халықаралық қылмыстық соттың юрисдикциясына жататын «адамзатқа қарсы қылмыс»  мәселесін қарастырады»,- деді.

Әскери биологиялық әрекеттер әлемдегі биоқауіпсіздікке нұқсан келтіреді. Қауіпсіздік Кеңесінің тиімсіздігін ескере отырып, БҰҰ Бас Ассамблеясы халықаралық құқыққа сәйкес биоқауіпсіздікті бұзушылармен, соның ішінде АҚШ-тың жойқын зертханалары орналасқан мемлекеттермен және АҚШ-тың биологиялық деструктивті зерттеу агенттерімен айналысуы керек. Үкіметтердің жауапкершілігі жобасының 6-бабына сәйкес (2001 ж.) халықаралық міндеттемелерді бұзған жағдайда  басқа елге берген барлық органдар мен орталықтар сол ел үшін жауапкершілікке әкеледі. АҚШ-тың әскери биологиялық зертханаларын   орналастыруға келіскен барлық елдер  қылмыс жасауға көмектесу үшін жауапты.

Елдердің биологиялық шабуылдармен күресу шаралары

Қытай АҚШ-тың биологиялық зертханаларының өз шекарасының айналасындағы қауіптілігін әрқашан сезінетін ел ретінде,   қарсы шараларды  зерделеуде. АҚШ-пен бәсекелес держава ретінде Қытайдың күн тәртібінде кең ауқымды биологиялық және вирусологиялық зерттеулер бар, өйткені ол мұндай соғыстың ықтималдығына алаңдайды.

Ресей өз шекараларына жақын жердегі АҚШ-тың биологиялық белсенділігіне әрдайым реакция жасап, тәуелсіздік алған көршілес елдердегі АҚШ зертханаларының жағдайына қатысты бірнеше рет алаңдаушылық білдірді. Ресей әрқашан АҚШ-тың бұл аймақтардағы, әсіресе Грузия мен Украинадағы биологиялық әрекеттері Ресейдің мүмкіндігіне соққы береді деп есептеп, бұл елмен күресуге дайын екенін мәлімдеді. Сондай-ақ, Ресей мен АҚШ арасындағы ең маңызды шешілмеген мәселе – 2021 жылы мерзімі біткен стратегиялық шабуылдаушы   қарулар туралы келісім. Бұл келісім 2021 жылдың ақпан айында Ресей мен АҚШ тарапынан 5 жылға ұзартылды. Бірақ ол әлі де күрделі қиындықтарға тап болуда.

 

Грузиядағы АҚШ биологиялық қару зертханасы

2020 жылы Украинадағы АҚШ-тың биологиялық зертханаларынан вирустың ағып кетуі дағдарысынан кейін Украина мен Еуропа елдерінің Денсаулық сақтау министрлігі АҚШ-тың іс-әрекеттері үшін қатаң жоспар әзірледі, бірақ олардың жұмысын тоқтатпады. Шектеулер Украина халқының денсаулық сақтау саясатына қарсы наразылығынан туындаған. АҚШ әрқашан өз зертханаларында тексерулер мен зерттеулерге жол бермеді. Бұл мәселе Италия, Германия, Норвегия, Грекия және Ресей өкілдерінің реакциясымен бетпе-бет келді. Олар АҚШ биологиялық зертханасының деректерін әшкерелеуге шақырған мәлімдемелер жасады.

Иран АҚШ-тың биологиялық әрекеттері байқалған кейбір елдермен ортақ шекарасы болғандықтан, өз халқының денсаулығына да қауіп төнеді деп алаңдуда. Өйткені «қауіпті биоқорғаныс» деп аталатын бағдарлама да кіретін Пентагонның маңызды мақсаттарының бірі - Иранға қарсы биологиялық қару қолдану. Осыған сәйкес, Иранның азамттық қорғаныс ұйымы АҚШ-тың аймақтағы жойқын биологиялық қозғалыстарын толығымен бақылай отырып, халықаралық институттарды АҚШ-тың құпия зертханаларын бақылауға алдыруға талпыныс жасауда.  

 

 

 

 

 

Тегтер