Ақп 04, 2022 20:35 Asia/Almaty
  • Үшінші раджаб – имам Хадидің (ғ.с.) шәһид болған күні

Үшінші раджаб – имам Джавадтың (ғ.с.) асыл перзенті, имам Резаның (ғ.с.) немересі және «Джоме-е Кабире» зияратнамасының иесі имам Хадидің (ғ.с.) шәһид болған күні.

Әлемнің барша мұсылмандарына және Пайғамбар (с.ғ.с.) әулетінің жақтастарына көңіл айтамыз.

Имам Әли бен Мұхаммад әл-Хади (ғ.с.) хижра бойынша 212 жылы зихадже айының ортасында Мәдинада дүниеге келген. Оның мүбәрәк есімі  Әли  және күние аты Абу әл-Хасан және бірнеше лақап аттары олардың ішіндегі ең танымалдары «Хади» және «Нақи». Имамның  әкесі – имам Джавад (ғ.с.) мен оның анасы - Самане Мағрибие  есімді асыл да ізгі әйел. Бұл ардақты әйелдің құрметке ие болғаны сонша, имам Хади (ғ.с.) ол туралы: «Менің анам менің ойымша  жәннаттың адамы. Оған бүлікші шайтан жақындамайды, Алла оның қорғаушысы әрі қамқоршысы.  Ол   салихалы аналардың қатарында»,- деген.

Имам Хади (ғ.с.) өмір сүрген кезең режимнің зұлымдық пен озбырлық дәуірі болды және Аббасид үкіметі имамды (ғ.с.) және хазіреттің шиіттермен кездесулерін қатаң бақылау арқылы қоғамдық пікірдің ағартылуына тосқауыл қоюға тырысты.  Сондықтан Мутавакел имамның (ғ.с.) қарым-қатынасын одан әрі бақылау үшін шайтандық жоспарды ойлап тауып, хазіретті (ғ.с.)  Мәдинадан  әскери қала және кейбір Аббасид халифаларының астанасы болған Самарраға жіберді. Мутавакел өзінің зұлым жоспарын жүзеге асыру үшін ғылыми кездесулер ұйымдастырды, бірақ имам Хади (ғ.с.) ең қиын фиқһтық, философиялық және теологиялық мәселелерге дәл әрі анық жауап беріп, сұрақ қоюшыларды таң қалдырды және олар имамның имамат басшылығын мойындады.

Аббаси билеушілерінің пәк Әһле Бәйтке (ғ.с.) жасаған барлық дұшпандықтарына қарамастан, имам Хади (ғ.с.) билікке ізгілікпен жол көрсетуден және Ислам мемлекетінің бетпе-бет келген көптеген мәселелерін шешуге қатысудан бас тартпады. Имам Хади (ғ.с.) өз заманының жетекші ғалымы, саяси-идеологиялық күрескерлердің көшбасшысы болды. Имам Хади (ғ.с.) дәуіріндегі Әһле Бәйт мектебі және хазіреттің серіктерінің  хазірет Мұхаммадтың (с.ғ.с.) таза шариғатының қорғаушылары бедғаттармен күрескен және білім мен ақиқат іздеушілерді Ислам шариғатына жетелеп, оларға көмектесті.

Имаматтың ең мықты тіректерінің бірі – имамның білімі, соған сәйкес адамзат жойылудан құтылады Имам Хадидің (ғ.с.) ғылыми тұлғасы бала кезінен және имамат басшылығына дейін қалыптасқан. Ғылыми пікірталастар, наным-сенім саласындағы күмәндерге жауап беру және танымал шәкірттер тәрбиелеу имам Хадидің (ғ.с.) жоғары ғылыми дәрежесінің көрнекті мысалдары болып табылады. Имам Хади (ғ.с.) өз заманындағы хинди, түрік, парсы және т.б. тілдердің барлығынан хабардар болған, тіпті парсы тілінде сөйлейтіндер арасында солардың тілінде сөйлейтіні де белгілі болды. Имам Хадидің (ғ.с.) білімі туралы шәкірті  Яздад Насранидің  пікірлері өте маңызды. Имамның білімі сондай таң қалдырған. 

Төртінші ғасырда өмір сүрген шиіт ғалымы әрі рауаятшы шейх Тусидің айтуынша, имам Хади (ғ.с.) шәкірттерінің саны 185-тен асады. Олардың ішінде сан алуан еңбектер жазған көрнекті ғылым және заң қайраткерлері де аз емес.  Имам Хадидің (ғ.с.) ең танымал шәкірттерінің бірі қабірі Пайғамбар  (с.ғ.с.) әулетінің жақтастары мен зияратшылар орталығы саналатын Рей қаласында орналасқан Абдул Азим Хасани болды. Асыл тұқымы төрт буын арқылы шиіттердің екінші имамы - имам Хасан Моджтабаға (ғ.с.) жеткен хазірет Абдул Азим Хасани (ғ.с.) имам Хади мен имам Аскари (ғ.с.)-ның серіктерінің бірі болды. Абдул Азим (ғ.с.) тақуа, ғалым, фақиһ және оныншы имамның сенімді өкілі болған. Әбу Хаммад Рази: «Самеррада  имам Хадидің (ғ.с.) қасына барып, халал және харам мәселелерін сұрадым. Имам: «Уа, Хаммад! Өздерің тұратын аймақта діндеріңе қатысты мәселе туындаса, Абдул Азим Хасаниден сұрап, менің сәлемімді жеткізіңдер»,- деп жауап берді»,- деп айтқан болатын.

Пәк көшбасшылар (ғ.с.) қоғамды басқару үшін таңдалған кемел және мінез-құлықтары үлгі болатын адамдар. Имамдардың (ғ.с.) сөйлеген сөздері,  мінез-құлқы мен болмысы барлық илаһи құндылықтардың көрінісі болып табылады. Имам Хади (ғ.с.) түнде Раббысымен сырласып, кішіпейілділікпен, рукүһ пен сәждемен өткізді және оның маңдайы мен жер арасында қиыршық тас пен топырақтан басқа ешнәрсе болған жоқ. Тақуалығы мен Аллаға деген сүйіспенділігі, имам Хадидің (ғ.с.)  жоғары мәртебесы мен жоғары қадір-қасиетерін растады. Ибн Саббағ Малики имам Хадидің (ғ.с.) адамгершілік қасиеттері туралы былай деп жазды: «Әбу әл-Хасан, Әли ибн Мұхаммад әл-Хадидің (ғ.с.) қадір-қасиетері жер бетіне кеңінен  жайылып, оның тамырлары аспан жұлдыздарына қосылды. Оның болмысында бүкіл жоғары қадір-қасиеттер жинақталған».

Имам Хадидің (ғ.с.) бізге қалдырған мәңгілік әрі құнды мұрасы – «Джоме-е Кабире» зияратнамасы. Бұл зияратнамасында имам (ғ.с.) шииттер мен Әһли Бәйт (ғ.с.) сүйіспеншілеріне имамтану жарғысын ұсынады және имамның орны мен рөлін сипаттайды. Имам Хади (ғ.с.) «Джоме-е Кабире» зияратнамасында пәк имамдарды (ғ.с.) әртүрлі сипаттайды. Олардың ішінде «мейірімділік кеніші, білімнің қазынасы, асқан сабырлық пен төзімділік, ар-намыс негізі, пайғамбарлардың мәні, тура жолдың жетекшісі, қараңғылық нұрлары, тақуалық тулары, Алланың ең жоғары үлгілері мен дәлелдері» деген сипаттарды атап кетуге болады. Джоме-е Кабире» зияратнамасының бір ерекшелігі – оның жария болуы, яғни оны он екі имамға (ғ.с.) қатысты барлық зияраттарда оқуға болады деген сөз. Зияратнаманың бір бөлімінде: «Әр құрметті адам сіздердің (Әһле Бәйт (ғ.с.)) абыройыңның алдында бас иеді, сіздерге бағынып, кішіпейлдік білдіреді. Сіздердің атың өзгенің есімімен, тәнің басқа денемен үйлеседі де. Есімдерің қандай тәтті, рухтарың қандай асыл, мәртебелерің қандай биік»,- деп айтылды.

Имам Хади (ғ.с.) басқа имамдар (ғ.с.) сияқты халықты тура жолға салудың ешбір мүмкіндігін жіберіп алмай, үкіметтің үнемі қысымы мен бақылауына қарамастан имамдық міндетін атқарып, қоғамды ең жақсы жолмен басқарды. Ақырында, әйгілі тарихи риуаяттар бойынша Самарреда 20 жыл 9 ай өмір сүрген имам Хадиді (ғ.с.) 41 жасында, хижраның 254 жылы 3 ражаб күні Мотамед Аббаси улап өлтіреді.  Имам Хади (ғ.с.) қасында тек ұлы имам Хасан Аскари (ғ.с.) болған кезде үйінде шәһид болды. Имам Хадидің (ғ.с.) шаршаған, азап шеккен және пәк денесі Самарреда жерленді,  оның биік және жәннаттағы рухы періштелердің қанатында көкке көтерілді.

 

Тегтер