Сәу 29, 2022 17:30 Asia/Almaty
  •  Құдс – Ислам әлемінің көркі (5)

Иран Ислам революциясы мен имам Хомейнидің революциялық ой-пікірлерінің әсерімен құрылған Палестина исламдық қарсыласуы сионистердің ілгері қозғалысын әуел бастан тоқтатып, екі интифазамен Палестинада жаңа рух тудырды.

 

Иран Ислам революциясы мен имам Хомейнидің революциялық ой-пікірлерінің әсерімен құрылған Палестина исламдық қарсыласуы сионистердің ілгері қозғалысын әуел бастан тоқтатып, екі интифазамен Палестинада жаңа рух тудырды. 1987 және 2000 жылдары орын алған екі интифазаның  нәтижесі сионизммен қарсыласудың жаңа рухының үміті мен шабыты болды. Екінші интифазаның нәтижесі 2005 жылы сионистердің Газа секторынан шығарылуы болды. Бұл басып алынған Палестинадағы еврей қауымы үшін қабылданбайтын мәселе. Сионистік режим үшін бұл ащы оқиға болып, күшпен және зорлық-зомбылықпен жүзеге асырылды, өйткені олардың қарсыласуға берілуден басқа амалдары болмады. Екінші жағынан, бұл жоба Батыс жағалауда қайталанбауы үшін оларды айналасына үлкен дуал салуға мәжбүр етті. 2000 жылы Ливан қарсыласуының жеңісі мен сионистердің Ливанның оңтүстігінен қуылуынан кейінгі бұл қуатты бастама одан да табысты әрі сионистерді одан сайын үмітсіз еткен процестің бастамасы болды. Сионистер тек қарсыласу тілін түсінеді және олардың құлақтары басқа тілді естімейді. Сионистерге Қарсыласу қозғалысы қысым жасаған сайын олардың палестиналықтарға қарсы қылмыстық әрекеттері арта түсті. Соңғы он жылда сионистер Газа секторына бірнеше рет шабуыл жасап, мыңдаған әйелдер мен балаларды өлтірді. Бірақ бұл қырғын палестиналықтардың сионистік басқыншылармен күресудегі табандылығын арттырып, сионистік режимді ауыр жеңіліске ұшыратты. Осыған орай атысты тоқтатуға және қақтығысты тоқтатуға ұмтылған сионистер болды. Палестиналық қарсыласу қозғалысының Тель-Авивке дейін жететін зымырандарды жасаудағы жетістігі Газа секторында қандай да бір әскери әрекет болған жағдайда сионистік режимді осал жағдайға қалдырды. Сионистік режим кез келген уақытта және кез келген нысанда палестиналықтарға қарсы қылмыстарында АҚШ, Еуропа елдері және көптеген басқа елдердің толық қолдауына ие. Бірақ осы уақытқа дейін Палестинаның зорлық-зомбылық көрген халқы  жерін басып алушыларға қысым қарсыласуды жалғастырып келеді.

Дүниежүзілік  Құдс күні – қысым көрген Палестина халқына қолдау көрсету және Палестина мен Қасиетті Құдсты азат ету арманды сақтау мүмкіндік. Араб мемлекеттерінің сатқындығы сионистік режим мен Біріккен Араб Әмірліктері, Бахрейн, Марокко және Судан арасында «Ибраһим келісімі» деп аталатын жаңа келісімге қол қоюмен жалғасып жатқаны рас. Кейбір араб елдерінің сионистік режиммен ресми қарым-қатынас орнатуы және қарым-қатынастарын қалыпқа келтіруі бұл үкіметтердің сионистік режимнің исламдық және араб елдеріне, әсіресе Палестинаға қарсы әрекеттері мен қылмыстарына деген сезімталдығының төмендеуін көрсетеді. Бұл сионистік режимнің 2020, 2021 және 2022 жылдары Палестина, Сирия және Ливанға қарсы қылмыстарының артуына себеп болды. Кейбір араб елдерінің Израильмен («Ибраһим келісімі» деген атпен белгілі) қалыпқа келтіру келісімдері палестиналықтардың шарттары мен мәселелері ескерілмей жасалғаны және осы себепті палестиналықтардың көпшілігінің бұған қарсы екенін білдіргені анық. «Ибраһим келісімі» деп аталатын келісімдер Палестина халқының мәселелерін шешпейді және ислам елдерін бөлуге бағытталған. Сионистік режимнің аймақтағы тәртіп пен қауіпсіздікті бұзудағы әрекеттері, басып алу мен экспансионизмнің күшеюі, аймақтық үкіметтердің, әсіресе Сирия мен Ливанның егемендігін бұзуы, сондай-ақ аймақ елдерінің айқын қауіп-қатері осының дәлелі болып табылады, бұл факт. Бірақ басқыншы режиммен бұл ұят келісімдерге қол қою қысымға ұшыраған және босқынға айналған Палестина халқының армандарын ұмытуға себеп болмайды. Құдс пен Палестина жері тек Палестина үшін ғана емес, әлемдегі барлық мұсылмандар мен бостандық іздеушілер үшін маңызды.

Палестина – ұлы илаһи діндердің бастауы, ал әл-Ақса мешіті – мұсылмандардың алғашқы құбыласы. Ақса мешітінің аты Құран Кәрімде «Исра» сүресінің бірінші аятында аталған, онда Мұхаммад пайғамбардың соңғы елшісінің миғражы және Харам мешітінен әл-Ақса мешітіне түнгі сапары туралы айтылды: «Құлын (Мұхаммад с.ғ.с-ды) бір түні өзіне белгілерімізді көрсету үшін Месжід Ақсаға апарған Алла, әр түрлі кемшіліктен пәк. Шәксіз Ол, естуші, білуші». Әл-Ақса мешіті Пайғамбар беғсатынан кейін он төрт жылдан астам уақыт бойы мұсылмандардың құбыласы болды. Пайғамбарымыз Мұхаммад (с.ғ.с.) Меккеден Мәдинаға хижрат еткеннен кейін 17 ай өткен соң мұсылмандардың құбыласы Құдстағы әл-Ақса мешітінен Меккедегі Қағбаға өзгерді.

Әл-Ақса мешіті

Палестинаның исламдық мәдени және тарихи контексті мен өзіндік ерекшелігі бар және сионистер қаншалықты қылмыс жасап, палестиналықтарды ығыстырып, қасиетті Құдстың негізін өзгертуге талпынса да, олар Палестина мен жеті миллионнан астам жер аударылған палестиналықтардың тарихын өшіре алмайды. Рамазан айының соңғы жұмасында Дүниежүзілік Құдс күні және бұл күні мұсылмандардың жұма намазына ынталы қатысуы Палестина мен Қасиетті Құдсты азат ету арманды жою мүмкін еместігін көрсетеді. Дүниежүзілік Құдс күні Палестинаның тағдырын бітімшіл араб мемлекеттері емес, исламдық қарсыласу қозғалысы анықтайтынын көрсетеді. Дәл осы қарсыласу осі сионистік әскерлердің Газа секторынан кетуіне себеп болды. Басып алынған Палестина жерінен кері көші-қонға әкелген -исламдық қарсыласу. Зымырандары сионистерді дүр сілкіндірген исламдық қарсыласу болды. Дүниежүзілік Құдс күніндегі салтанатты жиын нәсілшіл Израиль режимінің әлем мұсылмандары мен азатшылдар алдында қаншалықты жеккөрінішті екенін көрсетеді.

 

Тегтер