Сарияда дүниеге келген сәби
(last modified Thu, 14 Jul 2022 23:10:08 GMT )
Шіл 15, 2022 05:10 Asia/Almaty
  •  Сарияда дүниеге келген сәби

Хиджра-қамаридің 212 жылы қажылық күндері аяқталуға жақын еді, енді қажылар тәуап етіп, шайтанды таспен ұрып, Алланың разылығы үшін құрбандық шалды. Барлығы Мұхаммадтың (с.ғ.с.) Алласына құлшылық және Мұхаммад (с.ғ.с.) иман келтірген Алла Тағала тағы бір кемел адамды жаратумен айналысты. Ай жартыға жеткенде періштелерін Меккеде емес, Мәдинаның айналасындағы Сария деген қалаға түсірді.

 

Имам Мұса  Казем (ғ.с.) мүбәрәк қолдарымен абадталған Сария енді пайғамбарлық және имамдық әулеті перзентін қарсы алуда. Әкесі небәрі 17 жаста болса да, имамат міндетін шамамен 9 жыл бойы атқарған кемел адам мұсылмандардың алғаш имамының есімін ұмыттырмау үшін перзентінің атын Әли деп қойды. Бұл сәби Әли ибн Мұхаммад (ғ.с.) шиіттердің  оныншы имамы еді.

Әли ибн Мұхаммад (ғ.с.) имам Джавадтың (ғ.с.) ұлы және имам Резаның (ғ.с.) сүйікті немересі, оның ең танымал лақап аты Нақи және Хади.

Ардақты әкесі имам Джавад (ғ.с.) хиджраның 220 жылы шәһид болғаннан кейін ол небәрі сегіз жасында имамат міндетін өз мойына алды. Ол әкесінен кейін жас кезінде имаматқа жеткен екінші адам. Пайғамбарлық пен имамдық әулетінің халық арасында танымал болуына байланысты имамның дұшпандары, әсіресе Бәни-Аббас басшыларының имамды әртүрлі сылтаумен халықтан алшақ ұстаудан басқа амалы қалмады. Олар имам мен халықтың арасындағы қарым-қатынасты қысқартып, осылайша имамға (ғ.с.) деген махаббат халықтың жүрегінен кетіп, олар ұмытады деп ойлады.

Сегіз жасар шиіт имамының бірінші қараулы Мәдина қаласының Абдулла Джунайди есімді ғалым болды. Ол имамға (ғ.с.) ұстаз кейіпінде қойылды. Джунайди Сарияда орналасқан ғимаратта үнемі имам Хадидың (ғ.с.) қасында болып, түнде имамның есігін жауып, кілттерін өзімен бірге алып жүретін. Сондықтан хазіреттің (ғ.с.) жақтастары оның сөздерін ести алмады. Күндердің бірінде Джундиден: «Сіздің тәрбиеніздегі Хашеми әулеті баласы не дейді?»- деп сұрағанда, Ол: «Бала емес, шейх Хашеми сөйлейді. Халық мен оны үйретіп жүрмін деп ойдайды. Расында, Алламен ант етемін, мен одан үйреніп жүрмін»,- деп жауап берді. Басқа бір күні Джундиге: «Жас Хашеми енді не дейді?»- деп сұрақ қойығанда, ол: «Алламен ант етемін, ол жер бетіндегі ең жақсы адам және ол Алланың жаратқан ең жақсы адамы»,- деді. Уақыт өте Джунди имам Хадидің (ғ.с.) имаматына куә етіп, дұрыс жолға түскендер қатарына қосылды. Бұл оқиға және осыған ұқсас оқиғалар имамның жетекші рөлін анық түсіндіреді. Ол, расында, ел басшысы, адасушыларға жол көрсетуші және Алла Елшісінің (с.ғ.с.) айтуынша, «Аллаға тура жол көрсетуші еді».

Дұшпандардың айтатын тағы бір сөзі: «Үмбет имамының бала болуы мүмкін бе?» болды. Бұл күмән имам Хадидың (ғ.с.) ардақты әкесі хазірет Джавадтың (ғ.с.) көзі тірісінде де түрліше айтылып, оған жауап ретінде Құраннан мысалдар келтірген болатын. Алла Тағала «Мәриям» сүресінің 12-аятында: «“Әй Яхия! Кітапты мықты ұста” деп, сәбилігінде-ақ даналық берген едік»- деп айтылды. Сондай-ақ, хазірет Юсуф пен хазірет Мұсаға өсу шегіне жеткенде пайғамбарлық пен білім берілді. Демек, пайғамбарлықтың жасқа еш қатысы жоқ. Пайғамбарлық біреуге балалық шағында  әлде қырық жаста, кәмелетке толған және ақыл-ойы жетілген адамға берілуі мүмкін.

Құран Кәрімде айтылған тағы бір мысал Иса Мәсіх (ғ.с.) болып табылады. Дүниеге келуінен сағат өтпей Алланың қалауымен бесігінде сөйледі. “Рас мен Алланың құлымын. Маған кітап беріп, пайғамбар қылды. Сондай-ақ мені қайда болсам да құтты етті де, тіршілігім бойынша намазды, зекетті орындауға бұйырды. (Мені) шешеме мейірімді етіп, бір зоракер және қиқар қылмады. Маған туылған күнімде, өлер күнімде және тірілтіліп, тұрғызылатын күнім де амандық болады. Міне осы: Олар шүбәланған Мәриям ұлы Иса (ғ.с.) жайындағы Алланың хақ сөзі»,- деді. Хазірет Иса бесіктен белі шықпай жатып,   Алла Тағала оны пайғамбарлыққа таңдап, оған қасиетті кітап сыйлады. Алла Тағала пайғамбарлық пен имамат әулетінен шыққан адамға жас кезінде имамат міндетін атқаруға сайлағанын кейбір адамдар қалайша сенбейді?! Жас кезінде пайғамбарлық міндетін атқару хазірет Джавад (ғ.с.) пен имам Хадидің (ғ.с.) басынан өтті, сондықтан хазірет Мәһдидің (ғ.с.) имамдығы дәуірін теріске шығаруға орын қалмады.

 

Дұшпандардың қастықтарына қарамастан, имам Хади (ғ.с.) Мәдина тұрғындарының рухы мен жан дүниесіндегі махаббаты күн сайын арта түсті.  Имамдық мәселесінде оның әділдігіне деген сенім күштірек, сондықтан Аббаси үкіметі имамның артықшылығынан қауіп төніп тұрғанын сезініп, имамның Мәдинада болуын  дұрс деп санамады. Қамаридің 233 жылы Аббасид халифасы Мүтәвакел имамды көбірек бақылауға алу үшін оны Мәдинадан әскери  қала Самерраға көшірді.   Имам қалған өмірін Аббаси халифаларының әскери күштерінің қоршауында өткізді. Бірақ бұл шектеу имамның ислам әлемінің қиыр түкпіріндегі шиіттермен байланыс жасау талпыныстарын азайта алмады. Имам Садық (ғ.с.) заманынан бері жасырын түрде құрылған уәкілдер ұйымы имам Хади (ғ.с.) дәуірінде жаңа тыныс алды. Имам дарынды күштерді анықтап, дайындады. Бұл адамдардың кейбіреулері хазіреті үшін уәкілдік қызмет атқарды. Бұл адамдардың ең көрнектілері: Абдул Азим Хасани, Хасан бин Рашид және он бір жасынан бастап имам Хадидың (ғ.с.)  қасында болған Осман бин Саид Омари.кейін ол имам Мәһдидің (ғ.с.) өкілдерінің бірі болды.  Имамның (ғ.с.) өкілдері хомс жинап, имамға жіберумен қатар, теологиялық және фиқһ мәселелерін түсіндіруде имам мен шиіттер арасында делдал болды. Сондай-ақ олар келесі имамның имаматы және шиіттердің ғайып дәуіріне кіруін түсіндіруде көп күш жұмсады. Бұл байланыс желісінің маңыздылығы соншалық, Мұтавакелді оны бақылауға алу мен жою туралы ойға салып,  имамның кейбір өкілдерін әртүрлі жерлерде тұтқындау, азаптау, түрмеге жабу және өлтіру үшін арнайы жасақ құрды. Аббаси халифаларының қатты қысымына ұшыраған имам Хади (ғ.с.) имамдық дәрежесін қалпына келтіру үшін сүйікті әкелері мен ата-бабаларын дұғалар арқылы таныстырды. Солардың ішіндегі ең танымалы – «Джамее Кабире» дұғасы. Имам Хади (ғ.с.) шиіттердің негізгі сипаттары мен негіздерін айтты. Бұл дұғада Пайғамбар (с.ғ.с.) әулеті, оның ізбасарлары және олардың құқылары, сондай-ақ олардың үммет үшін үлгі болудары баяндалды. Имам Хадидің (ғ.с.) тұсында кейбіреулер дұрыс түсінбей, артық кетіп, имамдарды (ғ.с.) Алланың дәрежесіне көтерген адамдар болғандықтан имам Хади (ғ.с.) олардан алыстау үшін аталмыш дұғаны оқудан бұрын 100 рет «Аллаһу акбар» деп айту туралы ақыл-кеңес берді. Имам Хадиға (ғ.с.)  тиесілі тағы бір дұға Ғадир Хомдағы имам Әлидің зияратнамасы - «Ғадирие».  Бұл дұға имам Әлидің (ғ.с.) ызасын келтірген кейбір саяси-әлеуметтік проблемаларды еске түсіреді.

Ақыры имам Хадиға  (ғ.с.) қарсы тұра алмайтынын көрген Аббаси халифтері хазіретті өлтіру шешім қабылдады. Имам Хади (ғ.с.)   33 жылдық басшылығы мен имаматынан кейін қамаридің 254 жылы ережеп айында Самеррада Мотамед немесе Мұтаз Аббасидің қолынан шәһид болды. Имам Хади (ғ.с.) шәһид болған соң имам Хасан Аскари (ғ.с.) әкесінің жаназа намазын оқып, өз үйінде жерледі. Жылдар өткен соң имам Хасан Аскари (ғ.с.) да сол жерде шәһид болып, әкесінің жанына жерленді. Осы екі тұлғаның қасиетті кесенелері  бүгінде Асқареин деп аталады және шиіттердің зиярат ететін жерлерінің бірі. Имам Хади (ғ.с.) әлі де мүміндерді тура жолға салуда.