Хазірет Абдолазим Хасани – Рей қаласының жарық жұлдызы
(last modified Sat, 29 Oct 2022 15:21:05 GMT )
Қаз 29, 2022 21:21 Asia/Almaty
  • Хазірет Абдолазим Хасани – Рей қаласының  жарық жұлдызы

Хазірет Абдолазим Хасани – имам Хасан Моджтабаның (ғ.с.) немерелерінің бірі. Ол хиджри қамари жыл санағы бойынша 173 жылы қасиетті Медине қаласында дүниеге келді.

Теһранның оңтүстігіндегі Рей қаласының алаңдары мен көшелерін аралап жүргенде көптеген базарлардан өткеннен кейін көрнекті кесенесеге келіп тірелеміз. Адамдар қасиетті мекенге құрмет білдіріп, ниет етумен қатар, хазірет Абдолазимнің кесенесіне кіруге асығады. Кесененің ішінде жұрт зиярат етіп, дұға етуде. Әр тұстан дұға оқыған дауыстар естіледі. Кесене қызметшілерінің бір тобы айналаға раушан суы мен иіс суларды шашу арқылы ерекше рухани кеңістік орнатуда. Бұл қасиетті мекенге зияратшылар жандарын тазартып, осы өмірдің күнәларынан арылу үшін жиналған.

Хазірет Абдолазим Хасани – имам Хасан Моджтабаның (ғ.с.) немерелерінің бірі. Ол қамари жыл санағы бойынша 173 жылдың раби ул-сани айының төртінші жұлдызында қасиетті Медине қаласында дүниеге келді. Әкесі Абдолла, анасы Ағаба бин Ғайстың қызы Фатима перзенттерінің тәрбиесі мен біліміне ерекше назар аударған. Оның балалық шағының басым бөлігі Пайғамбар әулетінің (ғ.с.) ілімі мен Құранды үйренумен өтті. Оның 79 жылдық берекелі өмірі төрт қасиетті имам, яғни, имам Мұса Казем (ғ.с.), имам Реза (ғ.с.), имам Мұхаммад Тағи (ғ.с.) және имам Әли ән-Нағидің имаматымен тұспа-тұс келді. Ол имам Реза (ғ.с.), имам Мұхаммад Тағи (ғ.с.) мен имам Хадидің (ғ.с.) ерекше орнын түсініп, олардан көптеген хадистер қалдырды. Хазірет имам Хасан Моджтабамен (ғ.с.) туыстық қатынасына байланысты «Хасани» деген атпен танымал болды. Хазірет Абдолазим Хасани (ғ.с.)  көрнекті шиіт ғалымы, пәк имамдардың сөздерін кейінгі ұрпақ үшін сақтап қалған хадисші, Пайғамбар әулеті (ғ.с.) алдында сенімді әрі жақын тұлғалардың бірі әрі олардың ізбасарларының бірі, дін мәселелерінен хабардар және Құран үкімдері мен діни ілімдерді жетік меңгерген тұлға болған.

Хазірет Абдолазим Хасани тақуалығы мен даналығының арқасында өз заманындағы имамдардың арасында аса құрметті әрі сенімді тұлғалардың бірі болды. Бір рауаятқа сәйкес, Аба Хаммад Рази деген бір адам көптеген қиындықтарды бастан өткеріп, имам Әли ән-Нағидан сұрақтарына жауап алу үшін Самарраға келеді. Алайда Имам Хаммадтың сұрақтарына жауап бергеннен кейін: «Уа, Абу Хаммад! Дінге қатысты қиындықтар немесе Ислам туралы сұрақтарға тап болсаң, Абдолазим Хасаниге айтып, сұрақтарыңа жауап беруін сұра. Оған менің сәлемімді жеткіз» дейді. Сонымен қатар Абдолазим өзінің бірақатар міндетін атқарып, имам Хадиден (ғ.с.) нұсқау алу үшін көп қиындықтардан өтіп, Мединеден Самарраға жеткен кезде имам Хади (ғ.с.) оған: «Уа, Абулқасем! Қош келдің. Сен біздің шынайы достарымыздың бірісің» деп қарсы алады.

Хазірет Абдолазим Хасанидің кесенесі

Хазірет Абдолазим Хасани өз заманының зұлым билеушісіне қарсы қолына қару алып күреспегенімен, өзінің мәдени-ағартушылық жұмыстарының көмегімен олардың көптеген қастандықтарының алдын ала алды. Ол күрестің осы тәсілінде пәк имамдардың орнын нығайту және ислам мемлекеті басшыларының зұлымдықтарын әшкере ету, сондай-ақ, қиын-қыстау кезеңде ислам ілімі мен Пайғамбар әулетінің ілімін таратумен айналысты. Рауаяттарға сәйкес, Аббаси халифасы имам Хадиді бақылауға алып, оның халықпен байланысуына тыйым салған кезде хазірет Абдолазим имам Хадиге келіп, оның міндеттерін өз мойнына алған. Аббаси халифатының билеушісі бұл оқиғаны естіген кезде хазіретті құрықтау үкімін шығарады. Сол кезде Абдолазим Рейге көшуге мәжбүр болады.

Хазірет Аябдолазим имам Резаның (ғ.с.) сенімді адамдарының бірі болып, имамның кеңестерін халыққа жеткізіп отырған. Бір күні имам Реза (ғ.с.) оған: «Уа Абдолазим! Менің сәлемімді достарға жеткізіп, оларға өздеріне шайтанның жақындауына жол бермеуін айт. Оларды шыншылдыққа, адалдыққа, бос істерден аулақ болуға, бір-біріне жәрдемші болуға шақыр. Себебі, бұл қасиеттер маған жақындаудың жолы. Бір-біріңмен жауласпаңдар. Мен өзіме осындай әрекет жасап, достарымыздың бірін ашуландырған адам үшін Алладан әлемдегі ең ауыр азапты жіберуді және ақыретте де осындай адамды күнәһарлардың қасына қосуды сұрауға серт бердім» деді.

Зиярат – пәк әрі әулие адамдардың есімдерін өшірмеудің маңызды тәсілдерінің бірі. Бұл тәсіл ислам мәдениетінде әрдайым қуатталып келеді. Көптеген рауаяттарда Ислам пайғамбарын (с.ғ.с.), шейіттердің әміршісін (ғ.с.), пәк имамдар мен олардың перзенттерін зиярат ету көп қуатталған. Бұл әрекеттің тәрбиелік мәнімен қатар, көптеген рухани әсерлері де бар. Рауаяаттарда кесенесін зиярат ету тапсырылған тұлғалардың бірі – хазірет Абдолазим (ғ.с.). Бұл тапсырма хазіреттің Ислам пайғамбары әулетінің (ғ.с.) алдындағы жоғарғы орнын аңғартады. Хазірет Хадидің (ғ.с.) рауаяттарының бірінде былай деп келтірілген: «Рейдегі Абу Қасемнің (хазірет Абулазим) кесенесін зиярат еткен әр адамға Жаратушы жұмақта сый береді». Имам Хади тағы бір жерде Рей тумаларының біріне: «Егер қалаларыңыздағы Абдолазимнің (ғ.с.) кесенесін зиярат еткен болсаңыз, Кербаладағы имам Хосейнді (ғ.с.) зиярат еткен адамдай боласыз» деді.

Хазірет Абдолазим Хасанидің кесенесі

Хазірет Абдолазимнің ерекше тұлғалық қасиеттерінің біріне оның мәдениет жолындағы талпыныстары мен ғылыми еңбектері жатады. Ол өз заманының имамдарынан хадистер қалдырумен қатар, бірқатар кітап жазды. «Мүміндердің әміршісінің құтпалары» оның туындыларының қатарына жатады. Бұл еңбек хазірет Әлидің (ғ.с.) бірқатар құтпасын қара сөзбен баяндайды. «Йоум уа Лайла» атты кітап – хазіреттің келесі еңбегі. Бұл туындыда адамдардың күні-түні орындауы тиіс ахлақи міндеттері туралы айтылған. Өкінішке орай, бұл туындының тұпнұсқасы тарих бойындағы көптеген исламдық құнды еңбектердің тұнұсқалары сияқты жоғалып кеткен. Дегенмен, тарихшылар мен ғұламалар мына шындықты қуаттап келеді: хазірет Абдолазим дұрыс наным-сенімдерді үйрену, пендешілік іс-әрекеттер мен ғибадат кезіндегі сақтық пен пайғамбар әулетін қорғау талыныстары аясында адамдарға дұрыс діни тәрбие мен білім беру үшін еңбектер қалдырыған. Оның әрбіреуінің пайдасы мен әсері мол.

Хазірет Абдолазим Хасанидің туған күнінің жылдығымен тағы құттықтап, назарларыңызға хазіреттің зияратнамасынан бір үзінді ұсынамыз: «Уа, Алланың лайықты да сүйікті пендесі! Сізге сәлем бердік. Имам Моджтабаның (ғ.с.) перзенті – Абулқасем, саған да сәлем бердік. Осы зияратта шәһидтердің әміршісін зиярат етуге нәсіп етілгендей сыйды күтетін пенде, саған да сәлем бердік. Жаратушы мені мен сіздерді жұмақта таныстырып, бізді сіздердің топтарыңызға қосады. Пайғамбардың хауызынан (с.ғ.с.) және Әли бин Талибтің қолымен бізге  сусын ішкізеді. Алладан сіздің жолыңызда бізге шаттық сыйлап, біз бен сізді пайғамбар (с.ғ.с.) ұрпақтарының қатарына қосып, мағрифатыңыздан бізді кенде етпеуін сұраймын».