Хазірет Фатима-Заһраның (ғ.с.) қадір-қасиеттері (3)
(last modified Sat, 10 Dec 2022 15:57:15 GMT )
Жел 10, 2022 21:57 Asia/Almaty
  • Хазірет Фатима-Заһраның (ғ.с.) қадір-қасиеттері (3)

Исламның ұлық Пайғамбарының (с.ғ.с.) қызы хазірет Фатима-Заһраның (ғ.с.) жанкүйерлері сансыз. Оның ізгі қасиеттері, ізгілігі, жоғары дәрежесі көп мадақталды. Достар мен дұшпандар оның кемелдігі мен ұлылығын мойындап, ұлылығын мадақтады.

 

 «Фатима» – Алла Тағаланың «Фатир» есімінен шыққан есім. Пайғамбар (с.ғ.с) бір хадисінде қызына  келесі хабарды жеткізеді. «Алла саған өз есімдерінен шыққан есім берді. Өйткені оның есімі Фатир, ал сен Фатимасың. Алланың Фатир есімі «Фитр»-дан шыққан, ол бөлшектеніп, жаңа күй мен түрленуді білдіреді. Алла Тағала Мұхаммадты (с.ғ.с.) алғашқы жаратылыс етіп жаратты. Содай-ақ Алла Тағала қалған жаратылыстарды оның (с.ғ.с.) нұрынан және Өзінің бар игілігімен жаратты, сосын сол бір нұрды өзгертті. Осылайша көптеген жаратылыстар пайда болды және бұл әлемде нұрды қараңғылықтан ажырататын хазірет Фатима (ғ.с.) болды. Фатима қашанда ақиқатты адасушылықтан айыратын өлшем, сауапты күнәдан айыратын өлшем болған және болып табылады. Фатима әрқашан ақиқатты адасушылықтан айыратын өлшем, сауап пен күнәны ажырататын өлшем, жақсы мен бұрыстың өлшемі болған және болып табылады. Пайғамбар  (с.ғ.с.) сан рет Фатиманы «менің тәнімнің бір бөлігі» және «Кім Фатиманы ренжітсе, мені ренжіткені, ал кім оны разы етсе, мені разы еткені»,- деді. Басқа жағынан   Алланың разылығы оның пайғамбарының разылығына байланысты, ал пайғамбардың дұшпаны – Алланың дұшпаны. Пайғамбар хақтың өлшемі, оған қарсының өтірік болғаны сияқты Фатима (ғ.с.) да ақиқаттың өлшемі. Демек, Пайғамбар хақтың өлшемі болғаны сияқты, Фатима (ғ.с.) да ақиқаттың өлшемі, кім оны жақсы көрсе, тозақ отынан құтылған болады.

Хадис ғалымдарының бірі шейх Садуқ «Аюн ахбар ар-Реза» кітабында Алла Елшісінен (с.ғ.с.) рауаят етеді. Алла Елшісі былай деген: «Алла Тағала оны және оның ғашықтарын тозақ отынан харам еткендіктен қызымның атын «Фатима» деп қойдым. Иә! Фатима (ғ.с.) жаратылыстың басында жарықты қараңғылықтан айырғанындай, қиямет күні де мүміндерді тозақ отынан ажыратады. Әрине, бұл оттан бөліну тозақ отынан құтылуды білдірмейді, өйткені от күнәнің жазасы. Негізінде, ол  есімімен және қасиетімен адамдардан күнәларды алыстатады және тазартады.