Жел 13, 2022 18:04 Asia/Almaty
  • Хазірет Фатима-Заһраның (ғ.с.) қадір-қасиеттері (6)

Ардақты Пайғамбардың (с.ғ.с.) қызы хазірет Фатима-Заһраның (ғ.с.) жанкүйерлері сансыз. Оның ізгі қасиеттері, ізгілігі, жоғары дәрежесі көп мадақталды. Достар мен дұшпандар оның кемелдігі мен ұлылығын мойындап, ұлылығын мадақтады.

Хазірет Фатима-Заһраның (ғ.с.) қадір-қасиеттері 

Жәннәт – ақиқат пен Алланың нығметінің шексіз мейірімінің белгісі, онда барлық береке бар, яғни ескерілмеген ешбір береке қалмаған. Жәннатқа, яғни илаһи мейірімнің ұлы орталығына кіру – адамның бақытты болуының айқын дәлелі. Кімде-кім бірінші кірсе, оған ең жақсы қасиет дәлелденеді.

Сүнниттердің көптеген әйгілі хадистерінде   Пайғамбардың (с.ғ.с.) Фатиманы (ғ.с.) құрметтеп айтқан сөздерінен жазылған. «Жұмаққа бірінші кіретін адам – Мұхаммадтың қызы Фатима (ғ.с.)». Басқа бір хадисте: «Жәннатқа бірінші кіретін адам – Мұхаммадтың (с.ғ.с.) қызы Фатима (ғ.с.) және ол да Исраил ұрпақтарының ішіндегі Мәриям сияқты осы үмметтің қатарында»,- деп айтылды. Бұған қоса, бұл ұлы ханымның Махшар сахнасына кіруі, оның   жәннатқа сапары оның мәртебесінің ұлылығын білдіретін өте керемет рәсімдермен орындалғаны туралы көптеген рауаяттар бар.

Хадистерінің бірінде Пайғамбар (с.ғ.с.): «Қызым Фатима тіршілігімен,   ізетімен, жаратылыстар оған қарап, оның биік дәрежесіне таң қалады»,- деген. Сосын  хадисті: «Ақырында, оны жетпіс мың аспан перісі қоршап, қалыңдықтың бар құрметімен жәннәтқа апарады», - деп толықтырады.  Тағы бір хадисте Пайғамбардың (с.ғ.с.) жұбайы Айша (р.а.) хазіреттің (с.ғ.с.): «Қиямет күні келгенде бір жаршы: «Уа, адамдар! Мұхаммадтң қызы Фатима өтіп кетуі үшін бастарыңды төмен түсіріңдер» дейді»,- деп айтылды.

Одан да таңғалардылатын жәйт, «Бағдат тарихы» кітабында Пайғамбардың (с.ғ.с.) хадисінен былай деп оқимыз: «Мені Миражға апарған түні жәннат есігінде: «Бір Алладан басқа тәңір жоқ, Мұхаммад - Алланың елшісі, Әли - Алланың сүйіктісі,  Хасан мен Хұсейн – Алланың таңдаулылары,  Фатима – Алланың таңдаулысы, Алла олардың дұшпандарын лағынет етсін» деген сөздердің жазылғанын көрдім».

Тегтер