Хазірет Фатима-Заһраның (ғ.с.) қадір-қасиеттері (11)
(last modified Mon, 19 Dec 2022 15:27:11 GMT )
Жел 19, 2022 21:27 Asia/Almaty
  • Хазірет Фатима-Заһраның (ғ.с.) қадір-қасиеттері (11)

Ардақты Пайғамбардың (с.ғ.с.) қызы хазірет Фатима-Заһраның (ғ.с.) жанкүйерлері сансыз. Оның ізгі қасиеттері, ізгілігі, жоғары дәрежесі көп мадақталды. Достар мен дұшпандар оның кемелдігі мен ұлылығын мойындап, ұлылығын мадақтады.

Хазірет Фатима-Заһраның (ғ.с.) қадір-қасиеттері

Хазірет Фатимаға (ғ.с.) құда түсушілер көп болған. Өйткені  біріншіден, әкесі жағы пайғамбарлыққа дейін де, кейін де арабтар мен құрайш тайпасының құрметті және ұлы тұлғаларының бірі болса, екінші жағынан, Пайғамбардың өзі де ұлы тұлға болған. Хазірет Әлиден (ғ.с.) бұрын  Әбу Бәкір Әби Кухафа, Омар бин Хаттаб сияқты адамдар Пайғамбардың (с.ғ.с.) қызына құда түскен болатын. Екеуі де Пайғамбардан (с.ғ.с.) Заһраның (ғ.с.) үйленуі үшін илаһи уахи күтуі туралы бірдей жауап естіген. Араб байларынан  саналатын  Абдулрахман бин Ауф  пен  Осман бин Аффан да Фатимаға ұсыныс жасау үшін Алла Елшісінің (с.ғ.с.) келген. Абдулрахман: «Уа, Алланың елшісі! Егер Фатиманы маған үйлендірсең, мен оған мәһірі үшін Мысырдың тамаша маталары тиелген жүз көк көзді қара түйе мен он мың динар беруге дайынмын»,- деді. Осман да: «Уа, Алланың Елшісі! Мен де сол  мәһірге дайынмын және Абдулрахманнан басыммын, өйткені мен Исламды ертерек қабылдағанмын»,- деді.

Пайғамбар олардың сөздеріне қатты ашуланып, олардың мал-мүлкіне қызықпайтынын және некенің байлық сатып алу-сату, айырбастау әңгімесі емес екенін түсіндіру үшін  бір уыс қиыршық тастарды алып, Абдулрахманға қарай лақтырып: «Мені ақша мен байлықтың құлы деп ойлайсың. Байлығыңмен мақтанасың, мені ақшамен мәжбүрлеп, үйленгің келе ме?»- деді.

 Басқа бір жерде Алла Елшісінің (с.ғ.с.) сахабалары мен ансарлары Әус тайпасының басшысы  Саад бин Муазбен сөйлескені және олардың хазірет Әлиден (ғ.с.) басқа ешкім хазірет Фатимаға (ғ.с.) үйленуге лайық емес екенін және Пайғамбардың (с.ғ.с.) да Әлиді (ғ.с.) қалайтыны  айтылады. Осылайша шиіттік және сүнниттік рауаяттарда айтылғандай, Құрайштың ақсақалдары мен байлары хазірет Фатимаға (ғ.с.) үйленуден үмітсіз қалғаннан кейін, хазірет Әлиді (ғ.с.) шақырып: «Сен оған құда түс»,- деген.

Имам Әли (ғ.с.) Фатимаға (ғ.с.) үйленгеннен кейін былай деді: «Алланың елшісі (с.ғ.с.) маған: «Уа, Әли! Құрайштың бір топ жігіті маған ренжіп «Біз Фатимаға құда түстік, сен қабылдамадың, енді оны Әли бин Әбиталибке бердің» деді. Мен: «Аллаға ант етемін, мен Фатиманы сендерге  үйлендірмейін демедім, бірақ Алла ұсыныстарыңды қабылдамады және Фатиманы Әлиге үйлендірді», - деп жауап бердім. Содан соң Алла елшісі (с.ғ.с.): «Өйткені Жәбірейіл маған түсіп, Алла Тағаланың  «егер Әлиді жаратпасам, жер бетінде Адам (ғ.с.) атадан бері Фатимаға лайықты күйеу болмас еді» деп айтқанын жеткізді»,- деді».