Жел 25, 2022 20:00 Asia/Almaty
  • Хазірет Фатима-Заһраның (ғ.с.) қадір-қасиеттері (16)

Ардақты Пайғамбардың (с.ғ.с.) қызы хазірет Фатима-Заһраның (ғ.с.) жанкүйерлері сансыз. Оның ізгі қасиеттері, ізгілігі, жоғары дәрежесі көп мадақталды. Достар мен дұшпандар оның кемелдігі мен ұлылығын мойындап, ұлылығын мадақтады.

Хазірет Фатима (ғ.с.) Аллаға тәуекел ету арқылы барлық қиындықтарға қарсы тұрды. Ол өзінің күшті ерік-жігерімен Ислам туын сақтап қалу үшін барлық қысым мен қиындықтарға төзе білді. Ол тарих бойы адамзат үшін құтқарушы періштесі болды. Шынайы әрі қисынды тұрғыдан қарасақ, адамзат Ислам мен Құранға қарыздар, Пайғамбарлар мен Соңғы Пайғамбардың (с.ғ.с.) тағылымдарына қарыздар, Фатима-Заһраға (ғ.с.) қарыздар.   

Хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.) қандай сынақтан өтті? Кейбір діни ғұламалардың пікірінше,  Алла Тағаланың  хазірет Фатимаға (ғ.с.) сынағы шапағат, Алла арасындағы арағайындығы, құтқару және тура жолға салу мәселесінде болды. Өйткені Алла Тағала кез келген адамға шапағат етіп, құтқаруға  рұқсат бермейді.  Шапағат көп нәрсені, соның ішінде сүйіспеншілік пен құрбандықты талап етеді. Жүректерінде Алланың жаратылыстарына деген сүйіспеншілігі бар және жаратылғандарды мақсатына жеткізу үшін азап шегуге дайын жандарға Алла Тағала шапағат етуге рұқсат береді. Шапағат етуші баласының тыныш болуы, өсу мен санаға жетуі үшін қиындыққа төзе білген ана сияқты.

Рауаятта Алла Елшісі (с.ғ.с.) былай деген: «Қызым Фатима жаратылыстың басынан соңына дейін әлем әйелдерінің ханымы, менің болмысымның бір бөлігі және жүрегім мен жанымның жемісі. Менің жаным және ол Энсия хор қызы. Жұлдыздар жарығы жерге жеткендей, михрабында Алла Тағаланың алдында тұрғанда оның нұры аспан періштелеріне жететін. Алла Тағала періштелеріңе «Періштелерім, менің алдымда тұрған, жүрегі меннен қорқып дірілдеп, маған құлшылық етуге берілген Фатимаға қараңдар. Жақтастарың оттан құтқарғаныма куә болыңдар» деді».

Тегтер