Имам Каземнің (ғ.с.) өміріне шолу
(last modified Sat, 08 Jul 2023 15:36:51 GMT )
Шіл 08, 2023 21:36 Asia/Almaty
  • Имам Каземнің (ғ.с.) өміріне шолу

Әбу әл-Хасан Мұса бен Джафар (ғ.с.) – шиіттердің жетінші имамы.

Әбу әл-Хасан Мұса бен Джафар (ғ.с.) хиджраның 128 жылы зулхадже айының 20-шы күні Мекке мен Мәдина арасындағы бір үйде дүниеге келген. Имам Садыққа (ғ.с.) ұлының дүниеге келгені туралы хабар жеткенде, имам жылдамдықпен сәбиді қарсы алуға асығып, оның дүниеге келгеніне қатты қуанды. Имам Садықтың (ғ.с.)  тағы екі ұлы болғанымен, жаңа туған нәрестенің имам (ғ.с.) білетін ерекше және жарқын орыны болды. Имам Казем (ғ.с.) бала кезінен Джафари жоғары оқу орынының негізін қалаушы және басшысы болған әкесінің мәжілісіне қатысып, ол шөлін шынайы исламдық ғылым мен білімнің қайнар бұлағынан қандырды. Имам Садық (ғ.с.) ұлының білімі мен ғылыми саналылығын мойындап: «Ұлым Мұсаның ғылыми тұрғыдан дайындығы соншалық, Құранның барлық мазмұнын сұрасаң, өзінің жеткілікті білімі мен сабырымен дәлелді жауап береді»,- деді. Имам Мұса бен Джафар (ғ.с.) аскетизмі мен ғибадатының арқасында  Абд Салих, ал   төзімділігі арқасында «Казем» деген атпен танымал болды. Хиджраның 148 жылы имам Садық (ғ.с.) шәһид болғаннан кейін имам Мұса Казем (ғ.с.) имамат міндетін өз мойына алып, халықты басқарды.  

 

Имам Мұса Каземнің (ғ.с.) көзі тірісінде Бәни Аббастың ең мықты екі сұлтаны – Мансур мен Харун және ең залым халифалары – Мәһди мен Хади билік етті. Ислам  жерлері жаңа жеңістердің арқасында кеңейіп, соғыстан түскен олжалар мен мүліктер Аббаси билігін екі есе арттырды. Қоғамда кейбір бұрмаланған ой-пікірлер пайда болды. Мұндай кеңістікте халықтың ойы қайшылықтармен ластанып, идеологиялық алауыздықтар халықтың діни және саяси қырағылығын төмендетті. Билік басындағылар халықтың адасуын пайдаланып, билеп-төстеушіліктерін күшейті. Имам Каземның (ғ.с.) кезіндегі ислам қоғамының ластанған кеңістігі ислам негіздерін таратушылардың амалдарын қиындатты. Ол дәуірде тіпті поэзия мен өнер, фиқһ пен хадис  билік иелерінің қызметінде болып, олардың байлығы мен билігін толықтыратын құралға айналды.

Аббаси халифаларының ортақ саясаты Әһле Бәйт (ғ.с.) жақтастарын қудалау және өлтіру болды. Мансур Исламның ұлық пайғамбары әулетінің мүшелерінің көбі мен олардың жақындары мен жақтастарын  өлтіріп, олардың мәйіттерін белгісіз мекендерге тастап кетті. Ол мекендер Мансур өлгеннен кейін белгілі болды. Мансур толық билікте және билік шыңында өмір сүрген жағдайда Мұса бен Джафар (ғ.с.) өте қиын жағдайда болды. Имам қасына келген адамдар мен өзінің жақтастарына: "Егер менімен кездесіп, мені тыңдап, менімен қарым-қатынас орнатқандарыңды білсе, сендерді өлтіреді. Сондықтан, абай болып, жасыру жолын пайдаланыңдар",- деген болатын. 

Хазірет Мұса бен Джафардың (ғ.с.) 35 жылдық имаматы сол кездегі Мансур Дауаниқи, Мәһди, Хади және Харун Рашид халифалары билігімен бір уақытта болды. Осы төрт халифаның әрқайсысы Мұса бин Жафарға қиыншылық пен қысым көрсетіп,  талай рет жер аударып, түрмеге жапты. Имам (ғ.с.) шыдамдылығымен Харун Рашидтің түрмесінде 14 жыл тұтқында болып, азап пен қиындықтарға төзімділік білдірді.Отыз бес жыл күрес, күрес, түрмеге түсу, талай рет жер аударылу, үрей ортасында өмір сүру, күш-жігермен көптеген достар жинау, сол күнгі билеуші ​​жүйенің қысымымен илаһи жарлықтарды жариялау және өмір бойы осы жолда өту Мұса бен Джафардың (ғ.с.) өмірінің ерекшеліктері.   

Имам Казем (ғ.с.) көзқарасы бойынша дүние Аллаға жақындауға жағдай жасайды. Осы көзқарасы негізінде имамның мінез-құлқы мен іс-әрекеті баршаны баурап алатындай болды. Имам Каземнің (ғ.с.) жомарттылығы, байсалдылығы, жақсы мінез-құлқы тіпті түрме қызметкерлерін де тәнті етті және бірнеше жағдайда имам Каземнің (ғ.с.) мінез-құлқы олардың өзгеруіне және хазіреттің жақтастарының қатарына қосылуына себеп болды. Имам ғибадат пен Аллаға жақындау үшін әрбір қолайлы мүмкіндікті пайдаланады. Осыған орай, қиыншылықтар артқан сайын имам Казем (ғ.с.) сабыр мен намаздан жәрдем тіледі. Имам әрқашан сабырлы болған және Аллаға шүкіршілік ететін. Имам (ғ.с.) түрмені Аллаға жақын болуға пайдаланды.  Харун түрмесінің бір қызметкері: «Имам Каземнен (ғ.с.)  Аллаға мұқтаж екенін естідім. Ол былай деді: «Уа, Алла, сен мені ғибадат ету үшін уақыт сұрағанымды білесің. Енді бұл уақытты бердің»,-   деді».

 

Ибн Шахр Ашуб бір рауаятта былай дейді: Мұса Ибн Джафар (ғ.с.) сол кездегі үкіметтен қашып бара жатып, Сирия ауылдарының біріне жасырын түрде кіріп, жыл сайын бір күні ізбасарларын уағыздайтын бір монах отырған үңгірге жетеді.

Монахтың көзі Мұса бен Джафарға (ғ.с.) түсіп:

- Сіз бөтен жерден келдіңіз бе,- деп сұрады.

- Имам: Иә,- деді.

- Біздің ұлттансың ба, әлде басқа ұлттансың ба?

- Мен сіздерден емеспін.

- Сіз Мұхаммадтың үмметіненсіз бе?

- Олардың надандарынан ма, әлде ғұламаларынан ма?

- Мен надандардан емеспін.

- Олай болса, «Туба ағашы Әлидің үйінде, сіздің айтуыңызша тамыры Мұхаммад пайғамбардың үйінде, бұтақтары қалай барлық үйлерде?

- Өзі аспанда болса да, нұры барлық жерге жайылған Күн сияқты.

- Жәннәттағылар бұл жердегі жемістер мен тағамдардан қанша жесе де, қалай олар таусылмайды, азаймайды?

- Ол шырақ сияқты, басқа қанша шам одан жанса да жарығы азаймайды.

- Жұмақта кең көлеңке бар ма?

- Күн шыққанға дейін бүкіл жәннәт кең көлеңкеде болады. Құранның аятында: «Раббыңның көлеңкені қалай ұзартқанын көрмедің бе?..» деп айтылды. («Фурқан», 45-ші аят).

- Жәннат тұрғындарының бұйрық бермей, қалағанын әкелетін құлдары қалай?

- Адамға қандай да бір нәрсе керек болса, оның ағзалары бұйырмай-ақ оның қалауын түсінеді және әрекет етеді.

- Жәннәт кілті алтын ба, күміс пе?- деп сұрады монах.

- Жәннаттың кілті: «Лә иләһә иләһә илләһ» деген адамның тілі,- деп Мұса бен Джафар (ғ.с.) жауап берді.

Имамды (ғ.с.) және Алланың дәлелін білген монах барлық сахабаларымен бірге мұсылман болды.

Әлемнің барша мұсылмандарын Исламның ұлық пайғамбарынан шыққан имам Каземнің туған күнімен құттықтаймыз!