Қыр 23, 2023 16:30 Asia/Almaty
  • Жүректердің көктемі

Раби әл-әуәл  айының 9 жұлдызы шиіттердің соңғы имамы және әлем мазлұмдарының үміті хазірет Мәһдидің (ғ.с.) имамдық дәуірінің басталуының жылдығымен тұспа-тұс келеді. Ол келіп,  қатыгездікке толы әлемде әділдік орнатады.

 

 

Имам Мәһди (ғ.с.) – шиіттердің он екінші және соңғы имамы, хижраның 255 жылы дүниеге келген. Шиа рауаяттары бойынша оның имаматы әкесі имам Хасан Аскари (ғ.с.) хижра бойынша 260 жылы шәһид болғаннан кейін басталды, әлі де жалғасуда.

 

Имам Хасан Аскари (ғ.с.) имаматы кезінде Аббасид үкіметі оның ұлын әкесінің мұрагері деп біліп, шәһид етуге тырысты. Сондықтан имам Мәһдидің (ғ.с.) дүниеге келгені құпия сақталып, оны 11-ші шиіт имамының бірнеше арнайы серіктерінен басқа ешкім көрмеді. Осы себепті имам Аскари (ғ.с.) шәһид болғаннан кейін кейбір шиіттердің күмәні пайда болып, шиіт қауымында топтар пайда болды, тіпті бір топ имам Мәһдидің (ғ.с.) көкесі Джафарға ерді. Хазірет Мәһдидің (ғ.с.) әкесінің жаназа намазын оқуы Алланың қалауы болды және бұл Джафардың имаматы мен басқа өтірікшілердің жалған мәлімдемесінің қабылданбауына себеп болды.

Дана Алланың бұйрығымен хазірет Мәһди (ғ.с.) әкесінің жаназа намазын оқысымен оның кіші ғайып кезеңі басталды. Дәл осы уақыттан, яғни хижраның 260-шы жылынан бастап ол көзқарастардан жасырынып, хазірет Мәһдидің (ғ.с.)  «кіші ғайыбы» деп аталған кезең басталды. Шиіттер рауаяттары бойынша шамамен 69 жылға созылған бұл кезеңде имам  Мәһди (ғ.с.) төрт арнайы өкілі арқылы шиіттермен байланыста болды. Бұл өкілдердің есімдері: Осман бин Саид, Мұхаммад бин Осман, Хұсейн бин Рух Нобахти және Али бин Мұхаммад Сеимари. Бұл өкілдер имамның кіші ғайып кезінде имам Заманның (ғ.с.) дүниеге келуіне қатысты адамдардың санасынан күмән мен таңданыстарды жоюға, адамдардың фиқһ және діни сұрақтарына жауап беруге, жалған сенім білдірушілермен күресуге, мұқтаждарға көмектесіп, исламдық қорларды халық арасында таратуға және халықты хазірет Мәһдилің (ғ.с.)  үлкен ғайыбын қабылдауға дайындауға міндетті болды.

Хижраның 329-шы жылынан бастап арнайы өкілдері арқылы адамдардың имам Заманмен (ғ.с.) байланысы да аяқталып, хазірет Мәһдидің (ғ.с.) «үлкен ғайыбы» кезеңі деп аталатын кезең басталды. Бұл дәуір осы уақытқа дейін жалғасуда. Исхақ бин Яқубтың «үлкен ғайыбы» кезеңі және адамдардың өз заманының имамымен қалай қалай пайда көргені туралы сұрақтарына жауап берген рауаятында имам Заман (ғ.с.): «Мен жоқта пайда көрудің қасиеті бұлт көзден жасырған күннен пайда көргендей»,- деді. Осы хадиске сәйкес, бұлт күнді толығымен жапқанымен, күн сәулесі жерге және жердегілерге жететіні сияқты, ғайып кезең адамдар имамды (ғ.с.) көрмегенімен хазіреттің (ғ.с.) игілігіне толық кедергі бола алмайды.  Сонымен қатар, адамдар күннің бар болуы мен сыртқы көрінісін толық пайдалану үшін кез келген сәтте оны бұлттардың артынан шығады деп күткендей, жоқ кезде де адамдар имамын күтеді және келуіне үмітін үзбейді.

Күмәнсіз, Имам Мәһдидің (ғ.с.) үлкен ғайып кезеңі адамдардың сынақтарының ең қиын кезеңі болып табылады және адамдарды ақырет азғырулары қоршап алады. Бұл кезеңде адам баласы адасып, дұрыс пен бұрысты айыру қиын болады. Осы уақытта адамдар Құдайдың шынайы құндылықтарына немқұрайлы қараудың салдарынан адасады, өмірдің мақсаты мен дұрыс философиясын жоғалту әрбір адамды үмітсіз етеді. Ал хазірет Мәһдидің (ғ.с.) келуін күтіп отырғандар Құран Кәрімнің ілімдері мен ардақты Пайғамбардың (с.ғ.с.) және пәк имамдардың (ғ.с.) рауаяттарын ұстанып, оның келуіне жағдайын жасауға талпынады. Имам Хасан Аскари (ғ.с.) имам Мәһдидің (ғ.с.) келуін тездету дұғасын ғайып дәуірінің азғыруларынан құтылудың шарты деп санап: «Аллаға ант етемін,  ғайып кезеңінен Алла Тағала имаматына берген уәдесін берік ұстануғк және хазіреттің келуін тездету үшін дұға етуде сәтті болуға көмектескен адамдар ғана жойылудан құтылатын болады»,- деді.

Хазірет Мәһдиді (ғ.с.) күтіп жүрміз деп есептейтін шиіттер ол болмаған кездегі көптеген істерге жауапты. Әрбір күтуші шиіттің бірінші және ең маңызды міндеті – имамның қасиетті бар екендігі және оның заманының дәлелі туралы білім алу. Бұл мәселенің маңыздылығы соншалық, бұл мәселе пәк имамдарының (ғ.с.) хадистерінде: «Кімде-кім өз заманының имамын білмесе, ол надандық өлімімен өледі» деп айтылған. Әрбір шиіт жауапты болатын тағы бір маңызды міндет – өзін жақсы ахлақпен безендіріп, жаман қасиеттерден аулақ болу. Имам Заман (ғ.с.) да барша шиіттерді ғайып кезінде жақсылық жасауға және жаман істерден аулақ болуға шақырып: «Сондықтан әрқайсыңыз біздің достығымызға себеп болатын нәрсеге жақын болып, ашуымыз бен наразылығымызды тудыратын барлық нәрселерден аулақ болуыңыз керек. Өйткені біздің әміріміз күтпеген жерден және кенеттен келеді және сол уақытта тәубе ету және қайтару ешкімге пайда әкелмейді, ал күнәға өкіну ешкімді азабымыздан құтқармайды»,- деген. Күнәлардан және орынсыз істерден сақтану – ғайып заманында күтушілердің тағы бір міндеті. Хазірет Мәһдидің (ғ.с.) шейх Мофидке жолдаған құрметті хатында: «Хазіреттің (ғ.с.) шиіттерінің жасаған күнәлары шиіттердің имам Мәһдимен (ғ.с.)  ұзақ уақыт бойы кездеспеулерінің себебі болады. Демек, бізді олардан (шиіттерден) алыстататын жалғыз нәрсе – олардан бізге жететін және бізге ұнамайтын және олардан күтілмейтін жағымсыз нәрселер»,- деп айтылды.

 

Заман имамымен (ғ.с.) жүрек байланысын сақтау және нығайту және сол имаммен келісімді үнемі жаңартып отыру – ғайып дәуірінде әрбір шиіт жауапты болатын тағы бір маңызды міндет. Демек, хазірет Мәһдиді (ғ.с.) шынайы күткен адам, хазіреттің (ғ.с.) айқын көрінбегеніне қарамастан, ешқашан өзін қоғамда тастанды және жауапсыз және имамның алдында ешқандай міндеті жоқ деп сезінбеуі керек. Көптеген хадистерде бұл мәселеге баса назар аударылған. Барша шиіттер тәулік бойы, намаз уақыттарында және дұға оқығар кезде имамның (ғ.с.) келуін тездету үшін дұғаны  маңызды парызы ретінде ұмытпауы керек. Сондай-ақ имамның келуін тездететін  Фарадж   дұғасын барлық дұғаларынан жоғары қоюы керек, сонда Алла бұл дұғаның берекетімен оларды ғайып уақытының барлық фитналары мен бейберекеттерінен сақтайды және олардың барлық қиыншылықтары мен қайғыларын кетіреді. 

Расында да, әрбір күннің басында баршылық пен ықыласпен күткен әрбір шиіт имамымен осындай келісімді жаңарса, ол ешқашан жалқаулыққа, қорлыққа, зұлымдыққа, әділетсіздікке бой алдырмайды және әрқашан  имамының   разылығын іс-әрекетінде бірінші орынға қояды. Мұндай мәдениет кез келген қоғамда үстемдік етіп, әркім өз заманының имамының разылығын ғана ойласа, ол қоғам ешқашан мәдени дағдарысты, жаттықты, үмітсіздікті, азғындықты бастан кешірмейтіні сөзсіз. Хазірет Мәһди (ғ.с.): "Алла тағала мойынсұнуға жәрдемдесетін шиіттеріміз олардан алынған уағданы орындауда ауызбіршілік танытып, бекінсе, олармен кездесуіміздің берекесі кешіктірілмей, кездесуіміздің бақыты оларға тезірек жететін еді",- деп айтқан.

Хазірет Мәһди (ғ.с.) шиіттердің және әлемнің барлық азаттық іздеушілері мен әділет іздеушілерінің сенімі бойынша бір күні келіп, сахабаларымен бірге әлем үкіметін құрып, зұлымдыққа толы дүниені әділеттілікпен толтырады.  Хазірет Мәһди (ғ.с.) заманын түсініп, оған қосылған адам бақытты. Имам Заман (ғ.с.) имамының басталуы әлем мұсылмандары мен азаттық іздеушілердің діни және әлеуметтік өмірінде жаңа бетті ашты. Имамды күтушілер теңдесі жоқ Тәңірден адам зат әлемін жалғыз құтқарушының пайда болуын, оның жан-жақты үкіметінің нұрымен әлемге әділдік пен бостандық туын желбірететінін үміттенеді.

 

 

Тегтер