-
ХАМАС: АҚШ-тың әл-Шафа ауруханасы туралы уәждері толығымен жалған
Қар 17, 2023 18:37Палестина исламдық қарсыласу қозғалысы (ХАМАС) бейсенбі күні кешке АҚШ Қорғаныс министрлігінің уәждері туралы: "Пентагонның "ХАМАС әл-Шафа ауруханасын әскери мақсаттарда қолданып отыр" деген уәжі – тағы қайталанып отырған өтірік",-деді.
-
Женевада Иран мен Францияның Сыртқы істер министрлері кездесті
Қар 17, 2023 17:40Иран Сыртқы істер министрі Амир Абдуллахиан мен Франция Сыртқы істер министрі Катрин Колонна Женевада кездесіп, сұхбаттасты.
-
Сақшылар корпусының бас қолбасшысы: Газа сионистердің зиратына айналады
Қар 17, 2023 17:22Ислам революциясы Сақшылар корпусының бас қолбасшысы: "Газа секторы жуырда сионистердің зиратына айналады",-деді.
-
Газадағы әл-Шафа аураханасының жағдайы
Қар 16, 2023 19:58Газадағы әл-Шафа аураханасының директоры аурухананың апатты жағдайын баяндай келіп: "Жабайы орман заңы да мұндай қылмыстарға рұқсат бермейді",-деді.
-
БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Газа туралы қарар бекітті
Қар 16, 2023 19:00Сионистік режимнің Газадағы қорғансыз халықты қырып жатқанына 40 күн болғанда БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі бір қарар бекітті. Онда тек Газада "гуманитарлық үзіліс" жариялау туралы айтылған. Атысты тоқтату туралы сөз қозғалмаған.
-
Басып алынған Құдстағы бір операцияда кемінде 8 сионист жараланды
Қар 16, 2023 18:30Сионистік ақпарат құралдарының хабарлауынша, 3 палестиналық басып алынған Құдстың оңтүстігінде бір бақылау-өткізу пунктіне оқ атты. Бірақ олардың өздері де шейіт болды.
-
Америкалықтар Ақ үйдің алдында антисионистік шеру өткізді
Қар 16, 2023 18:01Америкалықтар Вашингтондағы Ақ үйдің алдында Газа халқына қолдау білдіру үшін антисионистік шеру өткізді.
-
Амир Абдуллахиан: Сионистік режим уақытпен ойнап отыр
Қар 16, 2023 17:25Иран Сыртқы істер министрі Дүниежүзілік Қызыл крест ұйымының төрағасымен кездесуінде: "ХАМАС бейбіт тұтқындар мәселесінде оң ниет танытып, тұтқындармен алмасуға дайын екенін көрсетті. Бірақ сионистік режим уақытпен ойнап отыр. Осы режимнің Сыртқы істер министрі кейбір израильдік тұтқындардың жанұяларын көрсету арқылы өзін жапа шеккен тарап деп көрсетуге тырысып жатыр",-деді.
-
Раиси: Сионистік режимнің Газадағы қылмыстары - Батыстағы адам құқығы туралы мифтің соңы
Қар 15, 2023 22:29ИИР Президенті үкімет отырысында сионистердің Газадағы қорқынышты қылмыстарының Батыстың адам құқығы туралы мифы мен осыған байланысты уәждерін жойғанын қуаттады.
-
Тель-Авивтің мәлімдемесі - өтірік: әл-Шафа ауруханасында қару-жарақ жоқ
Қар 15, 2023 22:22Иврит тіліндегі ақпарат құралдары сионистік күштердің Газадағы әл-Шафа ауруханасына жасаған шабуылында қару-жарақ пен сионистік тұтқындардың табылмағанын мойындады.