Pars Today
Иран Президентінің ғылым жөніндегі орынбасары Ресей Президентінің көмекшісімен кездесуінде: "Екі ел арасында технология саласында ортақ ынтымақтастық жоғары комиссиясы құрылуы керек",-деді.
Иран Қарулы күштері бас штабының басшысы: "Иранның аймақ елдерімен дипломатиясы шын мәнінде ұтыс-ұтыс стратегиясы негізінде дамытылып жатыр",-деді.
ИИР СІМ-нің баспасөз хатшысы: "Қарсыласу өзегі жеңіске жеткеннен кейінгі Иран Президентінің Сирияға сапары өте маңызды болды. Посттерроризм кезеңінде екі ел қарым-қатынасы жаңа жолға түсті",-деді.
Иран Қарулы күштері бас штабының басшысы жоғары лауазымды әскери делегацияны бастап Оманмен әскери-қорғаныс саласындағы әріптестікті дамыту мақсатында Маскатқа барды.
Иран Президенті Өзбекстан Парламентінің төрағасымен кездесуінде екі ел арасындағы мәдени-өркениеттік ортақтықтарды өзара экономикалық ынтымақтастықты дамытуға қолайлы мүмкіндік деп атады.
Иранның Экономика және қаржы министрі Иран мен Сирия арасындағы сауда кедергілерінің жойылуын ИИР Президентінің Сирия сапарының маңызды жетістіктерінің бірі деп атады.
ИИР СІМ-нің баспасөз хатшысы: "Иран Хирманд (Гильменд) өзенінің суынан үлес алу құқығынан бас тартпайды",-деді.
Сауд Арабиясының бір әскери басшысы осы елдегі Иран елшілігінің уақытша сенімді өкілін жылы қабылдап, оны құрметті досым деп атады.
Сириядағы ИИР елшісі Иран Президентінің сәрсенбі күнгі Сирияға сапарын аймақтық қатынаста бетбұрыс нүктесі деп атап: "Бұл шара трансаймақтық қатынасқа да жақсы әсер ететін болады",-деді.
Сионистік режим басшылары Иран Сыртқы істер министрі Амир Абдуллахианның басып алынған Палестинаға жақын келгеніне алаңдап отыр.