-
Ғасем Солеймани мен қарсыласу қозғалысының басқа шәһидтерін ақтық сапарға шығарып салу рәсімі
Қаң 06, 2020 16:22Генерал Ғасем Солеймани мен қарсыласу қозғалысының басқа шәһидтерін ақтық сапарға шығарып салу шеруі Теһран университетінен Азади алаңына қарай бет алды.
-
Ислам революциясының жетекшісі қарсыласу қозғалысының шәһидтерімен қоштасу рәсімінде намаз оқыды
Қаң 06, 2020 15:00Бүгін дүйсенбі күні Ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи Теһран университетінде өткен Иран халқының елдің қалаулы сардары генерал Ғасем Солейманимен тарихи қоштасу рәсіміне қатысып, АҚШ режимінің жуырдағы қылмысында шәһид болған осы жоғары дәрежелі сардар, ұлы күрескер Абулмаһди әл Моһандес және қарсыласу қозғалысының басқа шәһидтеріне бағыштап намаз оқыды.
-
Шәһид Солейманидің қызы: Әкем үстемшілдерді тыныш ұйқыдан айырды
Қаң 06, 2020 14:58Ислам революциясы Сақшылар корпусының «Құдс» арнайы жасағының қолбасшысы генерал Ғасем Солейманидің қызы: «Әкем барлық үстемшілдерді, залымдарды, тәкфиршілдерді тыныш ұйқыдан айырды. Қажы Ғасем Солейманидің есімі әлі де сионистер, тәкфиршілер мен үстемшіл жүйенің жанын түршіктіреді» деді.
-
Революция жетекшісінің қатысуымен шәһид Солеймани мен оның майдандастарының жаназасы шығарылды
Қаң 06, 2020 14:28Ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи Ислам революциясы Сақшылар корпусының «Құдс» арнайы жасағының қолбасшысы генерал Ғасем Солеймани мен оның майдандастарының жаназасын шығарып, намаз оқыды.
-
Халықтың қалаулы сардары
Қаң 05, 2020 13:543 желтоқсанда Ислам революциясы Сақшылар корпусы Құдс күштерінің қолбасшысы қажы Ғасем Солеймани америкалық тікұшақтардың шабуылында қаза тапты.
-
Сардар Солеймани қолбасшы ғана емес, миллиондаған адамның жүрегін жаулаған ұлттық тұлға
Қаң 05, 2020 19:07Ислам революциясы Сақшылар корпусының «Құдс» арнайы жасағының қолбасшысы қажы Ғасем Солеймани халық арасында беделді тұлға болған. Әрбір партия мен топта оған ерекше ықылас пен ілтипат білдірушілер көп. Оның шын жүректен атқарған іс-шаралары ирандықтардың ғана емес, әлемнің барлық азаттық сүюшілерінің жүректеріне жол тартып, ғазиз атануына себеп болды.
-
Сардар Солеймани мен оның серіктерін қастандықпен өлтіру халықаралық заңдарға қайшы
Қаң 05, 2020 18:24Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы Лариджани Ислам революциясы Сақшылар корпусының «Құдс» арнайы жасағының қолбасшысы қажы Ғасем Солеймани мен оның серіктерін қастандықпен өлтіруді халықаралық заңдарға қайшы деп атады.
-
Сардар Солейманиді қастандықпен өлтіру – АҚШ-тың аймақтағы құзыры аяқталуының бастамасы
Қаң 05, 2020 18:08Ислам революциясы Сақшылар корпусының бас қолбасшысы генерал-майор Салами сардар Ғасем Солейманиді АҚШ-тың стратегиялық жеңілістерінің сәулетшісі деп атап: "Сардар Солейманиді қастандықпен өлтіру – АҚШ-тың аймақтағы құзыры аяқталуының бастамасы",-деп қуаттады.
-
Сардар Солейманидің мәйіті Иранға жеткізілді
Қаң 05, 2020 16:20Ислам революциясы Сақшылар корпусының «Құдс» арнайы жасағының қолбасшысы қажы Ғасем Солеймани мен оның шәһид болған серіктерінің мәйіттері жексенбі күні таңертең Иранның оңтүстік-батысындағы Аһваз халықаралық әуежайына жеткізілді.
-
АҚШ-та сардар Солейманиді қастандықпен өлтіруге наразылық білдірген 70-тен аса жиын өтті
Қаң 05, 2020 15:51АҚШ-тағы соғысқа қарсы топтар сенбі күні осы елдің 70 қаласында, соның ішінде Вашингтонда ел басшысы Дональд Трамп үкіметінің Ислам революциясы Сақшылар корпусының «Құдс» арнайы жасағының қолбасшысы қажы Ғасем Солейманиді өлтірген лаңкестік әрекетіне наразылық білдіріп, шеру өткізді.