Иранда қалған казактар туралы деректі фильм көрсетілді
(last modified Mon, 05 Jul 2021 10:03:10 GMT )
Шіл 05, 2021 16:03 Asia/Almaty
  • Иранда қалған казактар туралы деректі фильм көрсетілді

Иранның солтүстігіндегі Гүлстан облысында өмір сүретін қазақтар туралы деректі фильмнің тұсаукесер рәсімі өтті.

 

Махса Тахери  режиссерлік еткен «Отбасы»  деректі фильмнің тұсаукесері Қазақстан Республикасының Иранның Гүлстан облысындағы Бас консулы Айтжан Айдашевтің  қатысуымен көрсетілді. Гүлстан облысында тұратын казактардың мәдениеті мен әдет-ғұрпы туралы «Отбасы» деректі фильмді көрсету рәсімде Айтжан Айдашев: «Бұл деректі фильм өте қызықты болды және көптеген салт-дәстүрлерімізді ұмытпау керектігін ескертті»,- деді. Иранның Гүлстан облысындағы Қазақстанның Бас консулы бұл деректі фильмнің түсірілуіне ризалығын білдіріп: «Иран мен Қазақстан арасындағы қатынастар жоғары деңгейде және екі ел арасында бірнеше екіжақты келісімдерге қол қойылды, сондай-ақ және екі ел арасында өте жақсы мәдени байланыстар орнатылды»,- деді. Иранның Гүлстан облысындағы Қазақстанның Бас консулы «Отбасы» деректі фильмінің Қазақстанда көрсетілуі халықтың назарына ілінетініне тоқталып: «Бұл деректі фильмнің Қазақстанда  көрсетілуі Қазақстан халқы үшін қызықты болады және деректі фильмнің көбінесе қазақ тілінде түсірлгенін  ескерсек, аударманың қажеті жоқ және Қазақстан халқы фильмге  қызығушылық танытады»,- деді.

Махса Тахеридің режиссерлігі және Ата Панахидің продюсерлігімен түсірілген «Отбасы» деректі фильмі «Деректі фильм үйі» мен өнер-ақпараттық «Удж» ұйымымен шығарылып. Гүлстан облысында тұратын қазақтардың мәдениеті мен әдеп-ғұрыптарының бір бөлігімен таныстырады.

 

Тегтер