Сәу 27, 2022 15:23 Asia/Almaty
  • Ислам революциясы жетекшісі: Палестина халқы қысым көрседе күшті

Ислам революциясы жетекшісі Палестина халқын зорлық-зомбылық көріп отырса да күшті деп атап, Палестина мәселесін ұмытуға жол бермейтін палестиналық жастардың күресі мен қарсыласуына назар аудартып: «Әл-Құдс күні Палестинаның езілген халқына жанашырлық пен ынтымақ білдіріп, оларды шабыттандыратын жақсы мүмкіндік»,- деді.

 

Аятолла Хаменеи сейсенбі күні кешке жүздеген студенттермен және студенттік ұйымдардың мүшелерімен кездесуінде  Халықаралық Құдс күніне тоқталып, биылғы Құдс күнін бұрынғы жылдардан ерекше деп тауып: «Палестина халқы мен жастары үлкен жанкештілік көрсетіп, сионистік режим барынша азғындық пен қылмысты қолданып, қолынан келгенін жасап жатыр, АҚШ пен Еуропа да оған қолдау көрсетуде»,- деді. Аятолла Хаменеи  Ислам мемлекеттерінің Палестина мәселесіне қатысты әрекеттерін қатты сынап: «Өкінішке орай, исламдық мемлекеттер өте нашар жұмыс істеп жатыр және Палестина мәселесі туралы тіпті сөйлескісі де келмейді. Олардың кейбіреулері Палестинаға көмектесудің жолын сионистермен байланыс жасау деп санайды. Бұл үлкен қателік»,- деп баса айтты.

Ислам революциясы жетекшісі Мысыр үкіметінің қырық жыл бұрын жіберген үлкен қателігіне және сионистермен қарым-қатынас орнатуына тоқталып: «Осы күні кейбір ислам мемлекеттері Анвар Садаттың қателігін қайталағысы келетіндей Мысырдың сионистік режиммен қарым-қатынасын орнатуы сионистердің Палестина халқына қарсы қылмыстары мен әл-Ақса мешітін қорлауды азайтты ма?»- деген мәселені көтерді. Аятолла Хаменеи сионистік режиммен байланыс жасаудың пайдалы болмайтынын қуаттап: «Алланың рақымымен Палестинадағы жұмыстардың соңы жақсы аяқталып, палестиналықтардың жақын арада өз жері  және әл-Ақса мешітіне иелік ететініне үміттімін»,- деді. Ислам революциясының жетекшісі «Таза Исламға оралу» мен «Палестина мәселесін» Ислам революциясының тақырыптарының бірі атап: «Деидентификация және деидеализация – шешуді қажет ететін екі негізгі мәселе және  оларға қырағы болу керек. Ал деидентификацияға, деидеализацияға және тәуелсіздікті жоюға ұмтылатын кімдер және олардың қаншалықты жетістікке жеткенін немесе жетпегенін шешу институттар мен сарапшылардың міндеті»,- деп сөзін жалғады. Аятолла Хаменеи бұл алаңдаушылықтардың бұрынғыдан әлдеқайда маңыздылығын білдіріп: «Бүгін әлем жаңа халықаралық тәртіптің алдында тұр. Бұл тәртіп биполярлық әлемдік тәртіп дәуірінен және бірполярлық әлемдік тәртіп теориясынан кейін қалыптасып келеді. Әрине, бұл кезеңде АҚШ күннен-күнге әлсіреді»,- деп  мәлімдеді. Ислам революциясы жетекшісі: «Украина соғысының мәселелерін тереңірек және жаңа әлемдік тәртіпті қалыптастыру контекстінде қарастыру керек, бұл күрделі және қиын процестерге ұласуы мүмкін. Осындай жаңа әрі күрделі жағдайда барлық елдердің, соның ішінде Ислам республикасының міндеті – елдің мүддесі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету және шетке кетпеу үшін осы жаңа тәртіпте аппараттық және бағдарламалық қамтамасыз ету»,- деді.  

 

Тегтер