Маусым 05, 2022 18:21 Asia/Almaty
  • Хандузи:  Ислам елдерімен өзара әрекеттесу және  экономиканы нығайту  Иран үшін маңызды басымдықтар болып табылады

Ислам даму банкінің жыл сайынғы отырысына қатысу үшін Мысырға барған Иранның Экономика министрі  сөйлеген сөзінде  исламдық елдермен өзара әрекеттесу  және  экономиканы нығайту  Иран экономикасының маңызды басымдықтары болып табылатынын мәлімдеді.

 

Iran Press баспасөз ақпарат агенттігінің мәліметінше, сейіт Эхсан Хандузи Иран үкіметінің көршілестік саясатына, әсіресе ислам елдерімен өзара әрекеттесуге көңіл бөлу жоспарына, сондай-ақ, Иран экономикасын нығайтуға күш салуына тоқталып: «Азық-түлік қауіпсіздігінің маңыздылығын және ислам елдерінің астық импортына тәуелділігін, сондай-ақ Ресей-Украина соғысының  салдарын ескере отырып,  Ислам даму банкіне   ауыл шаруашылығының негізгі шикізат түрлері бойынша өзін-өзі қамтамасыз ету жобаларына басымдық беруді ұсынамыз»,- деді. Хандузи сондай-ақ ИИР денсаулық сақтау технологиясы мен  COVID 19 қарсы вакцина саласындағы  көшбасшысы ретіндегі табыстары мен бұл саладағы көптеген мүмкіндіктерін ескере отырып,  Ислам даму банкін ауруларды емдеуге қатысты технологиялық жобаларды қаржыландыруды күн тәртібіне қоюға шақырды.
 

 

Тегтер