Ақп 09, 2023 17:53 Asia/Almaty
  • Амир Абдуллахиан: Ислам революциясы жетекшісінің рақымшылық жасауы – оның ислами мейірім мен рақымға көңіл аударатынының белгісі

Иран Сыртқы істер министрі Ислам революциясы жетекшісінің бүлікке қатысты сотталғандарға рақымшылық жасауын оның ислами мейірімге көңіл аударуы аясында атқарылған іс деп сипаттады.

Амир Абдуллахиан АҚШ-тың NPR ұлттық радиосына берген сұхбатында Ислам революциясы жетекшісінің бүлікке қатысты деп айыпталғандар мен сотталғандардың айтарлықтай бөлігіне рақымшылық жасау және жазаларын жеңілдету туралы Жоғары сот ұсынған ұсынысқа келіскеніне тоқталып: "Ислам революциясының жетекшісі мейірім мен рақым мәселесіне қатты көңіл бөледі",-деді.

Иранның Сыртқы істер министрі: "Бүлік барысында бірде-бір студент университет аумағында ұсталмады. Көшедегі бүлікке қатысқан адамдар ғана ұсталды",-деді.

Амир Абдуллахиан: "Тынышсыздықтар барысында бірде-бір журналист ұсталған жоқ",-деді.

Амир Абдуллахиан: "Иранда жуырда болған бүлік барысында Батыс елдері мен АҚШ Иран халқын қолдау сылтауымен Теһран үкіметіне қысымды күшейтуге тырысты, сол үшін ирандық жеке тұлғалар мен ұйымдарға санкция салды",-деді.

Тегтер