Maм 15, 2023 21:29 Asia/Almaty
  • Иранның Ішкі істер министрі: Дұшпандар имам Хомейнидің (р.) арман-мақсаттары мен революцияны әлсіретуге талпынып жатыр

Иранның Ішкі істер министрі имам Хомейниді (р.) ұлықтау штабының үйлестіру жиналысында: "Дұшпандардың барлық күш-жігері имам Хомейнидің (р.) арман-мақсаттары мен революцияны әлсіретуге бағытталған",-деді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ахмад Вахиди осы жиналыста дұшпандардың аралас соғыста имам Хомейнидің (р.) арман-мақсаттары мен революцияны әлсіретуге бар күшін салып жатқанын айтып: "Имамды ұлықтау рәсімін өткізу Ислам революциясының тарихында шарықтау шегіне жеткен маңызды іс болмақ",-деді.

Ахмад Вахиди халықтың имам Хомейниді (р.) құрметтеп, Иран Ислам республикасының негізін қалаушының туған күніне орай өтетін рәсімге жыл сайын миллиондап қатысуын ірі ұлттық, саяси және мәдени әрекет деп атап: "Осы мүмкіндікті қолдан жіберіп алмауымыз керек",-деді.

Тегтер