Жел 15, 2023 15:30 Asia/Almaty
  • Ислам революциясы жетекшісінің қатысуымен хазірет Фатима Захраның(с.) шәһид болған күніне арналған аза тұту рәсімінің алғашқы кеші өтті

Хазірет Фатима Захраның(с.) шәһид болған күніне арналған аза тұту рәсімінің алғашқы кеші Имам Хомейни (р.) кесенесінде Ислам революциясы жетекшісінің қатысуымен өтті.

2023 жыл 17 желтоқсан, сәйкесінше х.қ.ж.с.б. 1445 жыл джамади-ус-сани айының 3 жұлдызы – Ислам пайғамбары хазірет Мұхаммедтің(с.) қызы әрі әлем шиіттерінің бірінші имамы Әли Әбутәліптің (ғ.) жұбайы хазірет Фатима Захраның(с.) шәһид болған күні.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, осы рәсімде Құран қариі Мұхаммедреза Пурзаргари қасиетті кітаптан аяттар оқып, худжат-ул-ислам уәл-мүслемин Седдиқи Құдай үшін күресу туралы аяттардың бірін түсіндіре келіп, хазірет Фатима Захраны(с.)  саяси-әлеуметтік және мәдени салаларда Құдай үшін күрестің айқын үлгісі деп атады. Мехди Самавати "Тауассал" дұғасын оқып, Мехди Расули хазірет Фатима Захраға(с.) мадақ өлең арнады.   

Тегтер