Сәу 08, 2024 21:57 Asia/Almaty
  • Отырып ойнайтын волейболдан Иранның әйелдер командасы Германия, Жапония мен Тайланд командаларын жеңді

Отырып ойнайтын волейболдан Иранның әйелдер командасы Германия командасынан басып түсіп, паралимпиада ойындарына іріктеу жарысының финалына бір табан жақындады.

Парижде өтетін паралимпиада ойындарына іріктеу жарысы Қытайдың Дали қаласында өтіп жатыр.

Бүгін, дүйсенбі Иранның әйелдер командасы Германия командасымен ойнап, 3:0 есебімен жеңді.

Отырып ойнайтын волейболдан Иранның әйелдер командасы бұған дейін Жапония мен Тайланд командаларынан басым түскен болатын.

Осы жарыста жеңген команда Париж-2024 паралимпиада ойындарына жолдама алады.

 

 

Тегтер