Там 26, 2024 13:39 Asia/Almaty
  • Имам Хаменеи: Бүгінде әлемде Хұсейн майданы мен Язидтің зорлық-зомбылық майданы бір-біріне қарсы тұр

Арбаинімен бір мезгілде жексенбі күні имам Хомейнидің атындағы Хосейнияда Ислам революциясы жетекшісінің қатысуымен студенттік тортардың аза тұту рәсімі өтті.

Бұл рәсімде «Арбаин зияраты» дұға оқылып, Аслани сөз сөйлеп, Әһли Бәйт (ғ.с.) мадақтаушылары шәһидтер жетекшісіне жоқтау айтты. Pars Today агенттігінің хабарлауынша, бұл рәсімнің соңында аятолла Хаменеидің басшылығымен түскі және құптан намаздары оқылды.

Ислам революциясының жетекшісі екі намаз арасындағы сөйлеген сөзінде Ашура зияратына тоқталып, Хұсейн майданы мен Язид  майданы арасындағы қарсыласуды үздіксіз және тоқтаусыз деп атады және  оның әдістері де әртүрлі болғанына тоқталып:

«Иранның Ислам революциясы жастардың алдында кең мүмкіндік пен өріс ашты. Сондықтан  даму, әл-ауқат және құтқарылу үшін негізді қамтамасыз ету осы мүмкіндікті дұрыс жоспарлап, парызды түсініп, революцияның биік мақсаттары жолында қажетті әрі дер кезінде әрекет ету қажет»,- деп баса айтты.

 

Имам Хаменеи имам Хұсейн (ғ.с.) көтерілісінің мақсатын зұлымдыққа қарсы тұру деп атап:

«Хұсейн майданының езгіге қарсы тұру жолдары жағдайға қарай әртүрлі, бұл текетірес қылыш пен найза дәуірінде бір түрлі. Атом және жасанды интеллект дәуірінде басқаша, өлеңмен, аятпен, хадистермен жарнамаланған дәуірде оның өзіндік әдісі болды, ал интернет пен кванттық дәуірде басқа әдістерді қолдану керек»,- деді.

 

Ол студенттік кезеңде бұл парыздың бір жолы, жауапты уақытта бір жол екенін айта келе:

«Хұсейн майданын язидтер майданымен қарсы қою әрқашан мылтық алу дегенді білдірмейді, бірақ дұрыс ойлау, дұрыс сөйлеу, дұрыс анықтау, тапсырманы тану және нысанаға дәл тигізу керек»,- деп айтты.

 

Ислам революциясының жетекшісі «осы бағытта қозғалатын болсақ, өмірдің мәнін табатынын» баса айтып:

«Жастар Ислам революциясының нығметінің арқасында алдынан кең өріс ашқан қазіргі дәуірді бағалап, оқу және дұрыс ойлау арқылы Құранмен танысып, ой елегінен өткізуді қажет ететін іс-әрекетті бағалап, дер кезінде қолға алуы керек»,- деп мәлімдеді.

 

Имам Хаменеи:

«Бұл әрекет дер кезінде, кейде университет ортасында мағынасы бар, кейде әлеуметтік немесе саяси ортада қажет болса, кейде бұл әрекет Кербала мен Палестина және биік мақсаттар жолында қажет».

 

Сөз соңында ол жастардың бұл тарихи мүмкіндікті пайдалануы – береке мен құтқарылу деген сөз, ал бұл мүмкіндікті пайдаланбай, парыз орындалмаса, нәтиже шығын болатынын атап өтті.

 

Тегтер